Дипломдық жұмыс Қазақстан республикасы шымкент 2006 жыл мазмұНЫ



бет3/3
Дата04.12.2016
өлшемі0,84 Mb.
#3203
түріДиплом
1   2   3

Қорытынды

Қазіргі Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін нығайту мақсатында қоғамдық дамудың әр түрлі салаларында өркениетті елдердің үлгілеріне сәйкес келетін іс-әрекеттерге, стратегиялық жолдарға көшу кезеңінен өтті. Болашақтағы даму бағыттарын саралап, өз стратегиясын белгіледі. Содан бері он бес жылдың жүзі өтіп қазақ мемлекеті егеменді ел ретінде ХХІ-ғасырдың табалдырығын аттады. Осы орайда, саяси өмірде болып жатқан процестерді әсіресе, қоғамның ең белсенді, қызу жас бөлігі жастардың елдегі ахуалға сай қызметін нарықтық қатынастарға бейімделу ерекшеліктері мен саяси бағдарларын зерттеп-зерделеу нақты заман талабы. Қоғамдағы этносаяси процестердің қалыпты дамып отыруы, олардың этносаралық қатынастар деңгейіндегі оңды көріністері саяси тұрақтылық пен бірлікте болып отыр. Құндылықтар жүйесінің қоғам үшін маңыздылығы жайлы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев зиялы қауыммен кездесуде былай деген: "қандай қиын-қыстау жағдайда да адамдар үшін өзекті болып қала беретін даусыз құндылықтар әрдайым болған және бола береді. Қоғамның адамгершілік деңгейін анықтайтын рухани байлық пен мәдениет осылардың қатарына жатады. Мүмкін осы қиындыққа толы қым-қуыт жылдарда өзіміздің басты құндылықтарымызды сақтап қала білгендігіміз біздің басты жетістігіміз болар " .

Міне, осы құндылықтар жүйесінде саяси құндылықтардың орны ерекше. Өйткені, біздің еліміздің қазіргі кезеңі қоғамдағы саяси процестердің күрделене түскен, өмірдің барлық салаларының трансформациялану, өзгеру шағына сай келіп тұр. Бұл мәселе өткен кеңестік тарихымыздың ділдік ерекшеліктерінің әлі де өзінің әсерін тигізіп отыруымен, нақты демократиялық құндылықтарды бойына сіңіріп кетуге дайын еместігімен, саяси партияларымыздың әлсіздігімен, саяси элитаның басқару ісіндегі негізінен әкімшілік арқылы ұйымдастыру әдісіне сүйенуге бейімділігі мен сайлаудың нағыз демократияланудың үлгісі, тұтқасы бола алмай келе жатқандығымен астасып жатады /50/.

Сонымен ұсынылып отырған жастарының саяси құндылықтық бағдарлары атты диплом жұмыста осындай игі ниет, өмір қажеттілігіне орай жазылып отыр. Диплом жұмыстың құрылымы негізгі екі тарауды қамтиды. Алғашқы тарауда саяси құндылықтарды зерттеудің теориялық негіздері, сондай-ақ саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстар мен байланысы, яғни, "саяси мәдениет", "саяси бағдар", "саяси мүдде", "саяси діл" сияқты ұғымдардың мән мазмұны тексеріледі. Ал жұмыстың екінші тарауы Қазақстан жастарының саяси құндылықтық бағдарлары және әлеуметтендіру прцесі деп аталып, жастардың саяси құндылықтарындағы басымдылықтар және жастарды заман талаптарына сай саяси бағдарларын қалыптастыруының негізгі жолдары мен әдістері ұсынылады.

Жастардың саяси қызығушылығын арттыруда, жаңа құндылықтарын қалыптастыруда қажетті ресурстар мен тетіктерге ие мемлекеттің орны ерекше. Жастар жаңа идеялар ұсынуы қажет. Тек, достық қарым-қатынаста емес, сонымен қатар ұйымшылдықпен жұмыс істеуі керек. Көптеген жастар ұйымдары және бірлестіктері өз қызметтерін кең көлемде жүзеге асыру үшін жеткілікті ресурстарға ие емес. Сондықтан мемлекет және мемлекеттік органдар өз кезегінде жастарды барлық жағынан қолдауы қажет. Ал Қазақстан жастары үшін саяси, әлеуметтік, экономикалық тәуелсіздікті нығайту құндылықтары басым тұруы қажет. Сонда ғана елдің ертеңгі тірегі болатын жастар қалыптасады.

Әрине, саяси құндылықтардың ішіндегі ең маңыздысы – еліміздің тәуелсіздігі екенін жасыруға болмайды. Өйткені, бұл басқа құндылықтардың бәрін біріктіруші, жүйелеуші орталық, өзек сияқты құбылыс. Сондықтан Қазақстан жастарының бәріне ортақ құндылық – саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани, экономикалық, тәуелсіздікті нығайту басымдылық танытуы. Ал, бұл айтылған басымдылықтардың астарында әрбір адамның еркін дамуына, тұлғалық жетілуіне жағдайларды қалыптастыру мақсаты жатыр.



Қорытындылай келе айтарымыз, қоғамымыздағы саяси процестердің жүйесін жетілдіре түсу үшін әрбір жастың саяси құндылықтары барынша демократияланған сипатта қалыптасуы шарт. Бұл әлеуметтік, этникалық, мәдени проблемаларды өркениетті тұрғыда шешуді талап етеді, адам жеке тұлға болып дамуына жағдайларды қалыптастыруды сұрайды. Мұның өзі саяси сананың жаңа ғасырға сай келетін қоғамдық сипатта қалыптасуымен байланысты.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Назарбаев Н.Ә. Жастар – Қазақстанның нұрлы болашағы //Егемен Қазақстан, 2005ж, 6 қыркүйек.

  2. Назарбаев Н.Ә. Рухани байлық және мәдениет – қоғамның басты құндылықтары. //Егемен Қазақстан, 2000ж, 18 ақпан.

  3. Тәжітаева Р.С. Саясаттану. Шымкент: Нұрлы-бейне, 2003ж. -2002б /179/.

  4. Сонда /180/.

  5. Фарукшин М.Х. Политическая культура общества // Социально-политические науки. –М., 1991. №4 –С. 106-108.

  6. Политология. Учебник. //Под. Ред. А.Н.Нысанбаева, Алматы: Ақыл кітабы, 1998. – 367б. /212/

  7. Политология. (под. ред. А.Н. Нысанбаева) –С. 215б.

  8. Ядов В.А. Междисциплинарный подход изученю соотношения между ценностными ориетациями и наблюдаемым поведением //Международный конгресс в г. Варны. –Л., 1970. -340 с. (11-16)

  9. Алтаев Ж. және т.б. Философия және мәдениеттану – Алматы: Жеті жарғы. 1998. – 272б. /32/

  10. Вебер М. Избранные произведения М.: прогресс 1990, -804с. /636/

  11. Хайек Ф. Пагубная самонадеянность. //Ошибка социализма. –М.: Новости. 1992. -304с.

  12. Этика юриста. (Под. ред. Габитова Т.Х.) –Алматы: Данекер, 1999. -127с.

  13. Вебер М. Избранные произведения. М.: Прогресс 1990. -804с. /689-706/

  14. Политология. Учебное пособие. (под. ред. А.Нысанбаева) – С. 120.

  15. Тәжітаева Р.С. Саясаттану. Шымкент: Нұрлы-бейне, 2003ж. -202б /147/.

  16. Сонда /148/.

  17. Сонда /149/.

  18. Тәжітаева Р.С. Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтарының қалыптасу процесі. Автореферат. Алматы: 2001ж. 14б.




  1. Балгимбаев А.С. Институты гражданского общества и правового государства как механизмы борьбы с коррупцией. //Саясат. -1999. -№4. –23-24.

  2. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. –Алматы: Қазэнциклопедия, 1998 -272б. /15/

  3. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. Алматы:, 1998ж. 16б.

  4. Бабосов Е.М., Борковская Е.А., Веэрманн Р.К. Нрнавственный облик советской молодежи (опыт социологического анализа). М.: Наука и техника, 1985. С72.

  5. Розенталь Э. Это вечная тема. М.: Новости, 1990 С49.

  6. Султанов К.Поступь молодых. Алма-ата: Жалын, 1981. С33.

  7. Розенталь Э. Указ. соч. С.173

  8. Әбдірайымова Г. Жастар жаңарып жатқан қоғамда: кеше, бүгін, ертең //Саясат, -2004. №9. 37б.

  9. Сонда /38/.

  10. Чурбанов В. Непризнанные гении: Социологические заметки о юношестве. М.: Молодая гвардия, 1997. С 62.

  11. Ortega-y-Gasset I7 Der Aufctland deer massen. Stuttgard. 1930. S.140.

  12. Смирнов Г.Л. Советский человек. Формирование социологического типа личности. М., 1971. С 295-296.

  13. Афанасьева А.И. Исторический процесс и смена поколений как социологическая проблема. М., 1973. С 28.

  14. Әбдірайымова Г. Жастар жаңарып жатқан қоғамда: кеше, бүгін, ертең //Саясат , -2004. № 9. 38б.

  15. Аңламасова М.Қ. Жастарды саяси әлеуметтендіру. //Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы атты ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы. 2006ж. с 126б.

  16. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы: Білім, -2001ж, 76б.

  17. Қаныбекова Қ. Ауыл жастары және мәдениет //Ақиқат, -2004. №5. 60б.

  18. Кратки словарь по социологи. –М.: Политиздат, 1988. -477с. /148/

  19. Психология. Словарь. М.: 1990. -373с.

  20. Андреева Г.М. Социальная психология. –М.. Изд-во МГУ, 1988, -429с. /334/

  21. Смелзер Н. Социология. –М.: фенникс, 1994. -687с. (гл 14,)

  22. Исаев Ә.Ү. Саяси білім – жастардың саяси мәдениетін қалыптастырушы фактор //Вестник КазНУ. Серия культуралогия. -2004ж, №2, 22б.

  23. Назарбаев Н. "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында". Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2006ж. 2 наурыз 7б.

  24. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. –Алматы: Қазақстан, 1994. 40б. /14/

  25. Исаев Ә.Ү. Саяси білім – жастардың саяси мәдениетін қалыптастырушы фактор //Вестник КазНУ. Серия культуралогия. -2004ж, №2, 22б.

  26. Жамбылов Д. Саясаттану. Алматы: 2000ж. -178б.

  27. Саханова А. Жастар тәрбиесіндегі – патриоттық тәрбиенің қоғамдағы алатын орны. //Ақиқат, -2005ж. №4. 182б.

  28. Сонда /183/.

  29. Көшербаев Қ.Е. Этносаяси ахуал: жай-күйі мен даму үрдістері. //Саясат, 1997. №2 67-72б.

  30. Абдірахманов С. Тәуелсіздік шежіресі. Астана: Елорда, 2001ж,

  31. Назарбаев Н. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігі. Алматы: қазақстан ХХІғ. 1993ж, 25б.

  32. Ертысбаев Е.К. Выборы и демократия: сущность и основное содержание. //Казахстан – спектр. -1999. №4 /10/. С.3-40.

Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент институтының саясаттану және әлеуметтану кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшісі: саяси ғылымдарының кандидаты

Р.С.Тәжітаева.

Ресми пікір берушілер:

1Зерттеу Қ.А.Ясау атындағы Халықаралық Қазақ-Түрікуниверситеті Шымкент институтының студенттері арасында жүргізілді.

Сауалнамаға қатысқандардың 63 пайызы студент қыздар, 37 пайызы студент жігіттер.





2Зерттеу 2004 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрікуниверситеті Шымкент институтының аға оқытушысы Қуандық Назгүлдің зерттеуінен алынған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет