Дипломдық ЖҰмыс дж. 050106. 11 09. 09. Кб тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы



бет13/23
Дата15.11.2022
өлшемі463,5 Kb.
#158316
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
diplom1

Тыңдауға арналған шығармалар
«Әй, әй, бөпем» - Қазақтың халық әні.
«Малдың төлдеуін былай айтады» - Қазақтың халық әні.
«Малды суға шақыру» - Қазақтың халық әні.
«Кім қалай дауыстай біледі» - Қазақтың халық әні.
«Киіз үй» - Ж.Тұрсынбаев. Қ.Баянбаев.
«Қараторғай» - Ш.Жанболатқызы.
«Алатау» - Қазақтың халық әні.
«Аралым» - Н.Алғашбаев.
«Айтбай» - Біржан сал.
«Көкек» - Біржан сал.
«Маңмаңгер» - Ақан сері.
«Сарыарқа» - Құрманғазы.
«Балбырауын» - Құрманғазы.
«Ақсақ құлан» - Қазақтың халық аңыз күйі.
«Терісқақпай» - Әлшекей.
«Алтын көкем» - Нартай.
«Әуіппай» - Қорқыт.
«Жез киік» - Ықылас.
«Ұшардың ұлуы» - Қорқыт.
«Бұлбұл» - Дина.
«Бұлбұл» - Л.Хамиди.
«Домалатпай» - Қазанғап
«Учитель» - Қазанғап
«Наридірген» - Сармалаи.
«Бір бала» - Қазақтың халық әні.
«Ата толғау» - Н. Тілендиев.
Музыкалық сауаттылық..
Музыка сипатын анықтау: көңілді, көңілсіз, нәзік, жұмсақ,оинақы,жай, т.б. Музыкалық қарапаиым көркемдеуші құралдарды ажырата алу; дыбыс күші – динамика (қатты, жай); дыбыс қозғалысы (бір қалыпты, секірмелі). Ән, күй, би жанрларын ажырата алу. Шығарма құрылымын білу: ән – шумақ, қайырма; музыкалық сөйлем – фраза; күйлердің төкпе және шертпеге бөлінуі. Дыбыс биіктігі – жоғары, орташа, төмен. Ұзақтығы – қысқа, ұзақ. Түрлі әуендік қозғалыс – төмен, жоғары, бір биіктікте. Ер және әйел дауыстарының дыбыс бояуын ажырата алу. Ұғымдар: халық әні, композиторлық әні, сал, сері, композитор, әнші, ақын, күйші, күйші-композитор, қазақтың халық аспаптары.


2.2.1 Музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеттері

Басқа өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін терең мағыналы, кең ауқымды «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақал тегін айтылмағаны жөнінде ойланған артық емес. Егеменді елдің ертеңі - оқу-біліммен өнегелі тәрбиемен өлшенеді.


Бала болашағы - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір - асыл мұрат.
Әр отбасында дүниеге келген сәби, өсіп жатқан жас буын, ата-анасының ғана емес, туған елінің ертеңгі арқасүйер азаматы, төл ұлтынын туын көтерер перзенті. Сондықтан жас ұрпақтың дені сау болып өсіп, уақытында білім алып,жүрек қалауы мен еңбекке араласып, туған Отанына қызмет етуіне қамқор болу бір ғана ата-ананың емес, қоғамның, оны басқаратын мемлекеттің биік борышы, абыройлы міндеті екені даусыз.
Бүгінде еліміздің балабақшаларында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ небір майталман өнерпаздар, әншілер, жазушылар, ақындар қайраткерлер бір сөзбен айтқанда талай-талай мамандьщ иелері шығуы әбден ықтимал.
«Бұлақ көрсең - көзің аш» - демекші солардың бойындағы әлі бүршік жармаған небір адами қасиеттерін ерте бастан байқап, жақсы нышандарға қарай баулу ең алдымен ата-ана мен тәрбиешілердің сезімталдығы мен ізденімпаздығына көп байланысты.
Осы маңызды міндетті орын-дау үшін бшіаның жалпы музыкалык қабілетін дамыту керек.
Бірінші мақсат музыкалық шығарманың сипатын сезіну, естігеніне бірге куану не күйіну, музыкалық бейнені түсіне білу. Музыка бөбекті толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады.
Екіншіден баланың тыңдау кабілетін арттыру, неғұрлым жарқын және түсінікті музыкалық құбылыстарды салыстыруға, баға беруге баулу. Мүның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, кейбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін ояту. Мысалы балалар музыкалық дыбыстың ең қарапайым қасиеттерін (скрипка мен домбыраның дыбысын ажырата білу), музыканың ең қарапайым құрылымын (әннің бастамасын, қайырмасын, қарама-қарсы сипаттағы әннің бастамасының биязы жұмсақ орындалатынын, қайырманың жігерлі тез) орындалу айырмашылығын байқайды. Бара-бара балалардың өздері бар ынтасымен тыңдайтын және орындайтын сүйікті шығармаларының коры жи-нақталады, музыкалық талғамдарының алғашкы негіздері қаланады.
Үшіншіден бала музыканы тыңдай отырып әнді, ойынды, көркем кейіпкерлерді, биді көз алдына елестете отырып өзінше қабылдайды. Мы-салы, бала салтанатты адымдап келе жатқан сарбаздарға, маң-маң басқан аюға, үркек қоянға т.б. тән бейнелі қимылды іздейді, өзі орындайды.
Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып адамгершілік бейнесін қалыптастырады, жалпы бейімдеушіліктің дамуына қарай балалардың музыкаға деген әсерлі көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Музыканың ықпалы кейде үгіттеуден де, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Балаларды мазмұны әртүрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла әсерленуге баулимыз. Мысалы, «Туған жер» туралы, «Қазақстан» туралы әндер Отанымызға деген сүйіспеншілік сезімдерін туғызады. Әртүрлі халықтардың әндері мен билері олардың әдет-ғұрыптарын білуге ынталандыра-ды. Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқына, мәдениетіне әсерін тигізеді. Түрлі тапсырмаларды, іс-қимыл түрлерін (ән айту, музыка тыңдау, балалар аспаптарында ойнау) алма-кезек ауыстырып отырса, балалар-дың ықылас қоюын, тапқырлық көрсетуін тез қабылдап, тез қимыл жасауын, ұйымшыл болуын қалыптастырады. Жігерлі күш қимылды: әнді дер уақытында бастап, аяқтауды, биде, ойындарда тезірек жүгіріп кеткісі, озып кеткісі келетін ықтиярсыз тілекке берілмей, музыкаға бағынып, қимылдай білуді талап етеді. Осының бәрі ұстамдылықты жетілдіреді, ерік жігерді тәрбиелейді. Сөйтіп, музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ адамның жалпы мәдениетінің алғашқы түп негіздерін қалайды.
Музыканы қабылдау ақыл-ой үрдісімен де тығыз байланысты, яғни балалардың дыбыс үніне зейінді байқағыштықты, тапқырлықты талап етеді. Балалар дыбыс үніне құлақ салғанда, ұқсас және өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелік мәнімен танысады, көркем бейненің мағыналық ерекшеліктерін байқайды, шығарманың құрылымын түсіне білуді үйренеді.
Шығарма орындалып болған соң, тәрбиешінің қойған сұрактарына жауап бергенде бала алғашқы тұжырымдарымен салыстыруларын айта-ды. Музыкалық шығарманың жалпы сипатын анықтайды, әннің сөзін музыкалық құралдар арқылы жарқын бейнеленгенін ескертеді. Мұндай сезімді баға беруге алғаш ұмтылуда ақыл-ойдың алғыр болуын қажет етеді және оған ұстаз бағыт беріп отырады. Мысалы, Д.Ботбаевтың «Отан ортақ үйіміз» әнін тыңдағанда олар Отанымызды мадақтаған шаттық қуаныш сезімін байқатады.
Баланы халықтық тәрбие және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандыратын, ой қиялын оятатын кішкентай да болса шығармашылық көріністерін барынша демеп, қолдап отыру керек.
Өнер баланың әлемді тануына, саналылыққа, халықтың мәдени мүрасы байлығынан рухани сусындауына, батылдық сезімдеріне, азаматтық, адамгершілік касиеттерге бір сөзбен айтқанда жан-жақты адам болып қалыптасуына тәрбиелейді.
Балабақша бүлдіршіндерінің өнерге деген құштарлығын арттырудың бірден-бір жолы сазды әуен мен сиқырлы күй тыңдатып, әсіресе ұлттық аспаптардан домбыра мен қобыз үнін тыңдатып, олардың музыка сырын түсіне білуі-не жол ашу, еліктіру.
Күй - қазақтың рухани мәдениетінің аса ма-ңызды саласы. Халық композиторларының күйлері үлы оқиғаларды, өмір шындығын суреттеген. Халық күйшілері әр түрлі ортада, әрқилы тұрмыста өмір сүргендіктен күйлердің айтайын деген ойы-мағынасы сан алуан. Сондыктан біздің балдырғандарға өнерде де жақсы мен жаманның, өтірік пен шындықтың қатар жүретінін, әрқашанда шындық, әділдік жеңетінін, нағыз халық үшін жазылған музыкалық шығарма ғана мәңгі өмір сүретінін білдіру басты мақсатымыз. Сонымен қатар халық музыкасы балалардың ақыл-ойына, сезіміне әсер етіп балалардың шығармашылық қабілетін арттырады.
Күй өнері және оны өмірге келтірген күйші-композитордың емірін насихаттауға көп көңіл бөлемін. Ол үшін күй тыңдаудың алдында шығарма туралы қысқаша мәлімет беріп, көрнекті құралдар арқылы балалардың санасын оята отырып, домбырамен немесе күй табақтан күйді тыңдауға үйретемін. Ол жас бүлдіршіндерді өз халқының мәдениеті мен өнерін түсініп, бойына сіңіре білуге бірден бір тиек боларына күмәніміз жоқ.
Баланы қай нәрсеге қызықтыра білсең, сәби қабілетінің ұшан-теңіз екендігіне көзіңіз жетеді.
Биылғы жылы бақшамызда алған міндеттемеміз, егеменді еліміздің қадір, қасиетін қастерлеп, Отан сүю, «Отан - отбасынан басталады» -деген қағиданы алға тартып, «Гүлдей жайна Қазақстан» — атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырдық. Ұлттық мәдениетіміздің түрлеріне: халық билері мен ән-күйлеріне, халық аспаптары арқылы төл мәдениетке ерекше көңіл белдік.
Мақсатымыз балалардың бойына музыкалык тәрбие беріп қана қоймай, халқымыздың ғасырлар қойнауында қалыптасқан педагогикалык тәлімімен қиюластыра отырып, үлттық мәдениетіміз бен өнерімізге деген сүйіспеншілігін оята білу. Мысалы: Тәуелсіздік дегеніміз не? - деген сүраққа желбіреген көк туды көрсетіп, ел таңбаны түсіндіріп, ән ұранды айтқанда балалардың сана-сезіміндегі қуаныш көңілдерін шаттыққа бөлейді.
Республикам күндей күлген шығыстан, Асыл елім, жан журекті угысцан. Ата-бабам аңсап өткен бақытым, Алтын - бесік Қазақстан - гулстан. - деп ба-лалар ән шырқады.
Ер қанаты қос сәйгулік тыпыршып, Қазағымның өр мінезін танытқан. Елтаңба тура ортасында шаңырақ, Көңіл қалай шалқымасын шаттықтан.
- деп балаларға Елтаңбамыздан нағыз ер қанаты сәйгүлік екенін, қазақ үшін шаңырақтың қасиеттілігін көреміз деп түсіндіреміз.
Ал Әнұранымызды естияр тобының балаларынан бастап, жоғары топтағылар шабыттана, шалқыта айтып береді.
Кішкентай балаларымыз елтаңба мен туымызды бірден танып, ән ұранымызды жатқа шырқап, әуенін құлағына құйып өссе, сөз жоқ, олардың отаншыл, еліне қамқор, батыл да қайратты, қайырымды болып өсетіні даусыз. Сонымен музыканың қандай сезімді білдіретінін, не жайында толғайтынын ұғыну бір күнде пайда бола қалатын қасиет емес. Ол адам бойындағы барлық асыл қасиеттерді қастерлеп, мәпелеп, аялап баптау арқылы мысқылдап жиналады да біртіндеп кәсіпке, одан шеберлікке ұласады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет