Ассоциативтiк ес көлемiн анықтау әдiстемесi
Мақсаты: балалардың ассоциациясының көрiнiс беруiн және ассоциация бойынша есте сақтау механизмiнiң қалыптасқанын анықтау.
Зерттелiнушiлерге тестi орындау тәртiбi түсiндiрiледi:" Мен сөз сөз тiркестерiн жұптастырып оқимвн. Мысалы :"трактор - дала". Ал сiздер оқылған өздердi жақсылап тыңдап, әр сөздiң екiншi сөзбен қандай белгi бойынша жұптастырылғынын, олардың бiр- бiрiмен байланысын түсiнiп есте сақтаңыздар. Сөз тiркестерiн оқимын. Ал сiздер сөз жұптарының екншiсiн есиерiңiзге түсiрп, оның жауабын параққа жазыңыздар. Мысалы: мен "трактор" деген сөздi оқығанда сiздер оның жұбы "дала" деген сөздi жазасыздар".
Тапсырмалар
1.Жаңа- үй 11.Мәдениет- кiтап
2.Құрыш- экватор 12.Күндiз-азан
3.Кеш- түн 13.Стол- журнал
4. Машина- дөңгелек 14.Даналық- оқу
5.Су- құбыр 15.Қоңырау- сабақ
6.Есiк- терезе 16.Сәуле- дыбыс
7.Шу- тыныштық 17.Мереке- би
8.Қатынас- тiл 18.Ақша- киiм
9.Материал- ағаш 19.Спорт- күрес
10.Қате- жазу 20.Мәскеу- қала.
Бағалау шкаласы
Дұрыс жазылған сөздер (+) белгiленедi. Қалып кеткен және басқа сөзбен жаңғыртылған сөз жұптары дұрыс жауапқа есептелiнбейдi.
15 және одан көп (+) - ассоциативтiк ес көлемi жақсы;
10 - 14 - орта;
1 - 9 - төмен.
Жеткiншектiк жастағы балалардың даму ерекшелiгiне сай таным процестерiн дамытудың әдiс-тәсiлдерi.
Жеткiншектердiң психикалық қасиеттерiн дамыту үшiн ең алдымен олардың өзiндiк даму ерекшелiктерiн айқындап болған соң олардың қалыптасу деңгейiне қарай тапсырмалар мен тесттердi, жаттығуларды орындау арқылы дамытуға болады. Мысалы, ойындар ойнату, психикалық қасиеттiр айқандау жаттығулары олардың белгiлi бiр дағдыларының қалыптасуына мүмкiндiк туғыжады. Сондықтан бiз психологтар ұсынған бiрқатар жаттығулар мен тесттердi қарастырайық. Соның бiрi: жеткiншектердiң таным процестерiн зерттеу және сөздер қатарын есте сақтау әдiстемесi. Оны сөздiк тестердi вербалдық интеллектiнi зерттеу әдiстерi деп те атайды.
Мақсаты: қысқы және ұзақ мерзiмдi есте сақтау қабiлетiн бағалау және вербалдық интеллектiн дамыту.
Барлық вербалдық тестердi қолдану барысында балаларға бiрнеше қосымша тапсырмаларды орындату арқылы олардың интеллектуалдық қабiлетiн дамыту жұмысы жүргiзiледi. Ұсынылып отырған тестi орындау барысында баланың шығармашылық қабiлетiн дамытуға үдкен мән берiледi.
Балаларға тапсырмалардыорындауға арналған 6-ға бөлiнген бiр парақ қағаз таратылады. Оның әрқайсына тапсырмадағы сөдер қатарымен орындалатын операциялардың бiреуi толтырылада да, жауап парақ сол сәтте психологқа қайтарылып берiледi. Әр қатардағы сөздермен алты тапсырма орындалады.
Оқушыларға тестi орындау тәртiбi түсiндiрiледi:" Қазiр мен сөздер қатарын асықпай оқимын. Ол создердi сол ретiмен есте сақтаңыздар. Бiр сәт өткеннен соң мен белгi беремiн, ал сiздер естерiңiзде қалған сөздердi берiлген парақтың бiрiншесiне жазып, оны маған тапсырыңыздар".
Орындау ережесi түсiндiрiлгеннен соң келесi тәртiп бойынша жүргiзiледi. Қағазға жазылған 15 сөз бiр рет асықпай, анық оқылады. Бiр- екi секунд өткеннен соң балалар сөздер ретiн бұзбастан бiрiншi параққа жазып бередi. Бұл бiрiншi тапсырма. Оны орындау нәтижесi балалардың қысқа мерзiмдiк ес көлемiн көрсетедi.
Бiрiншi тапсырма:
1- шi вариант:
(Бiрiншi тапсырма ретiнде келесi сөздер қатарын қолдануға болады)
1. Май; 2.Қол; 3. Шар; 4.Ой; 5. Күн;
6. Киiм; 7.Мезет; 8. Күмiс; 9. Аяқ; 6. Бет;
11. Қоян; 12.Балық; 13. Мұрын; 14. Мата; 15. Жыл.
2- шi вариант:
(Жоғарыда айтылған тәртiп боцынша тапсырманы екiншi рет орындатуға болады)
1. Сөз; 2. Мұрын; 3. Бас; 4. Шкаф; 5. Мыс;
6. Көйлек; 7. Сабын; 8. Құлақ; 9. Түлкi; 10. Ай;
11. Балға; 12.Сағат; 13. Асхана; 14. Шеге; 15.От.
Екiншi тапсырма
Бiрiншi тапсырманы орындап болғаннан соң зерттелiнушiлермен ауа райы т.с.с. мәселелер бойынша әңгiмелесу жүргiзiледi.Бұл тәсiл балалардың көңiлiн тапсырмадан басқа нәрсеге аудару үшiн қолданылады.
10 минут өткеннен соң екiншi параққа алдында оқылған сөздердiң есте қалғандары қайта жаңғыртылып жазылады. Бұл екiншi тапсырма. Оның көмегiн ұзақ мерзiмдiк ес көлемiн өлшеуге болады.
Бағалау шкаласы 1: ( ес көлемiн бағалау)
9 және одан көп сөздiң ретi бұзылмаған- жоғары;
5-8 - орта;
1-4 - төмен.
Қорытындылау барысында сөздер саны және олардың ретi сақталғаны ескертiледi. Ес колемi өлшенгеннен соң интеллектi зерттеуге және дамытуға арналған тапсырмалар орындатылады. Оның нәтижесiн бағалау келесi шкала бойынша жүредi.
Бағалау шкаласы 2 : (интеллектуалдық дамуын бағалау)
Тапсырмаларды толық және мағыналы орындаған- жағары;
Төрт- бес тапсырманы орындаған - орта;
Тек бiрiншiден үшiншiге дейiн орындаған - төмен.
"Шульте кестерелi" әдiстемесi
Мақсаты: зейiннiң тұрақтылығын және жұмысқа қабiлеттiк динамикасын анықтауға арналған. Шульте кестеi зейiндi дамытуға да қолданылады.
Орындау ережесi: Бұл әдiстеме 1 ден 25-ке дейiн сандар аралас орналасқан бес кестеден тұрады.Зерттелiнушiге олар ретiмен көрсетiлiп, келесi нұсқау берiледi:" Сiзге бiрiнен соң бiрi бес кесте көрсетiледi. Олардың әрқайсысында 1 ден 25-ке дейiн сандар араластырып жазылған.Әр кестедегi сандарды тез-тез, ретiмен тауып көрсетiңiз.Бiрiншi кестенi орындп болғаннаг соң екеншiсiн ашып, ондағы сандарды, дәл сол тәртiппен 1-ден 25- ке дейiн ретiмен табыңыз".
Кестенi ашып бергеннен соң секундомер қосылып, тапсырманы орындауға жiберiлген уақыт анықталады. Зерттелiнушi бiрiншi кестедегi сандарды тауып болғаннан соң, келесi кесте ашылып, оны орындау уақыты секундомер бойынша анықталады. Солайша үшiншi,төртiншi және бесiншi кестемен жұмыс жұргiзiледi. Әр тапсырманы орындау уақытының өзiне тән мән- мағнасы бар. Сондықтан, оның әрқайсысына қажет болған уақыт Т1,Т2,Т3,Т4,Т5- деп белгiленедi де, олар секундомер көрсеткiшi бойынша тiркеледi.
Жеткiншектердiң интеллектуалдық даму деңгейiн анықтау тестi (ШТУР тестiнiң жеткiншектерге арналған модификациясы)
Мақсаты: орта буын оқушыларының интеллектуадық даму деңгейiн және жалпы мағлұматтылығын бағалау.
Бұл тест төрт субтестен тұрады.Субтестiлер тапсырмалары жеке- жеке бланкiлерге түсiсiледi және әр субтестiге жеке жауап парақ даярланады. Тапсырмаларды орындату алдында балаларға оның ережесi түсiндiрiледi. Сонан соң жауап парақтар көрсетiлiп, оған белгiнi қалай түсiру керек екекнi айтылады. Бiрiншi тапсырманы орындау уақыты аяқталғаннан соң тпсырма бланкiсi мен жауап парақты жинап алвп, екiншi субтест тапсырмалары мен жауап парағы берiледi.
1-шi субтест
Орындау ережесi: Әр тапсырмада бес сөз брiлген. Олардың төртеуi ортақ қасиеттермен сипатталады, ал бесiншi тек өзiне тән көрсеткiштермен ерекше болып тұр. Сол сөз артық деп аталады. Артық сөздi тауып оның әрiптiк белгiсiн жауап парақта көрсету керек.
Мысалы: а)кiрпiш; б)тас; в)балшық; г)әк; д)үй.
Бұл қатарда алғашқы төрт сөз құрылыс материалдары, ал соңғы сөз д) үй) - артық, сондықтан осы сөздiң әрiптiк белгсiн (д) жауап парақта көрсету керек.
Қорытынды
Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiн айқындауда бiз көптеген психологтар мен педагогтардың, әлеуметтiк педагогтар көзқарастарын негiзге алдық. Ең алдымен жеткiншек жастағы балаларда кездесетiн қасиеттердi айқындауға, олардың өмiрiнде кездесетiн қиыншылықтар мен соның салдарының көрiнiсiн айқындап алуға назар аудардық. Жеткiншек жастағы балалардың қалыптасуына ықпал ететiн факторларды сипаттап көрсеттiк. Олардың өмiрiнде қарым-қатынастың, өз iс-әрекетiнiң рөлiн түсiндiрдiк. Сондай-ақ, жеткiншек жастағы оқушылардың психологиялық, педагогикалық, әлеуметтiк, дене жағынан жетiлу процестерiн айқындауда Т.Р.Нұрмұханбетованың еңбектерiндегi тесттер мен зерттеу әдiстерiн пайдаландық.
Жеткiншектердiң психологиялық таным қасиеттерiн дамытуда көптеген психологиялық жаттығуларды орындадық. Мектеп қабырғасындағы жеткiншек жастағы оқушылардың психологиялық-педагогикалық қасиеттерiн дамытуда бiз диплом жұмысымыздың орындалу барысында пайдаланған және оңтайлы нәтиже алған тесттер мен бағдарламаларды мектеп тәжiрибесiнде пайдалануды ұсындық.
Сонымен, зерттеу жұмысын қорытындылай келе жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң кейбiр мәселерiн былайша тұжырымдауға болады:
жеткiншектiк жас кезеңi бала өмiрiндегi ең маңызды даму кезеңi болып табылады;
азаматтың қалыптасуы осы кезеңге сәйкес келетiн болғандықтан мектеп психологы, сынып жетекшiсi және ата-ана одағы арасында ынтымақтастықтың берiк болуын қамтамасыз ету маңызды.
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
Н.Ә.Назарбаев өзiнiң "Инновациялар мен оқу-бiлiмдi жетiлдiру арқылы бiлiм экономикасына" студент жастарға арнап оқыған лекциясы.
Жарықбаев Қ.Б. Психология. -Алматы, 1993.
Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. -Алматы, 1996.
Аймауытұлы Ж. Психология. -Алматы, 1995.
Алдамұратов Ә., Рахымбеков Қ. Қызықты психология. -Алматы, 1992.
Тәжiбаев Т. Жалпы психология. -Алматы, 1993.
Немов Р.С. Психология 3-х томах. -М., 2002.
Елеусизова С. Қарым-қатынас психологиясы. -Алматы, 1993.
Рубинштейн С.Д. Основы общей психологий. -Санкт-Петербург. 2000.
Радугина А.А. Педагогика ипсихологии.-М., 2001.
Гальперин Л. Введение в психологию. -М., 2000.
Карпова А. Общая психология. -М., 2005.
Елiкбаев Н. Ұлттық психология.-Алматы, 1992.
Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану. -Алматы, 1994.
Немов Р. Общая и социалная психология.-М., 1996.
16. Морозова А. История психологий. -Санкт-Петербург. 2000-Санкт-Петербург. 2001..
17. Еникеев М. Общая и социальная психология. -М., 2002.
Якунин В. История психологий. -Санкт-Петербург. 2001.
Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжiрибелiк психология. -Шымкент, 2006.1-том.-188 б.
20. Столяренко Л.Д. Педагогика и психология высшей школы. М., 2002.
21. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002.
22. Немов Р.С. Психология. В 3 т. М., 1995.
23. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. Шымкент, 2007.2-том.
24. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
Андреева Г.М. Социальная психология. М., 1980.
26. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000.
27. Гришина Н.В. Психология конфликта. Санкт-Петербург, 2001.
28.Глиьбух Ю.Э. Как учиться и работать эффективно. Минск, 1985.
29. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. Алматы. 1992.
30. Каракулов К.Ж. Педагогика управления. Шымкент, 2001
31. Кушембаев Р.К. Психология успеха. Алматы, 1999.
32. Морозов А.В. Деловая психология. Санкт-Петербург, 2001.
33. Немов Р.С. Психологическое консультирование. М., 1999.
34. Психологические тесты для деловых людей. Под ред. Н.А.Литвинцевой М., 1998.
35. Психология управления. Под ред. А.К.Аверченко. Новосибирск, 2000.
Психология и этика делового общения. Под ред. В.Н.Лавриненко М., 2000.
37. Шевандрин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.
38. Степаненко Т. Этнопсихология.-М., 1999. -320 с.
39. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. -Алматы, 1981.
Қосымша -А.
Акцентуациясын анықтау (Шмишек тесті).
Мақсаты: Акцентуация көрініс беруінін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.
Бүл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы тұжырымдамасы алынған. К.Леонгардтың бүл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір
көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестін жасаған. Орындау ережесі: Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия" немесе "жоқ" деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолына беріледі де, олар жауап беру тәртібімен таныстырылады. Жауап парақта сұрақ номері, оның тұсында (+) немесе (-) деген белгілір қойылған болады. Зерттелінуші таңдап алған жауап вариантына сөйкес белгі қойып отырады.
Сауалнама және жауаптарды бағалау кілті.
1. Сен, әдетте, байсалды және көңілдісің бе? (1).
2. Сен тез ашуланып, әбіржейсің бе?.
3. Жылауың оңай ма? (6).
4. Жұмысымда қате жоқ па, деп бірнеше рет тексересің бе? (-2).
5. Сен, өзіңнің сыныптастарыңдай күштісің бе? (-2).
6. Сенің көңіл-күйің қуаныштан қобалжуға және керісінше тез өзгереді ме? (9).
7. Сен ойын барысында жетекші болғанды ұнатасың ба? (8).
8. Себепсіз ашуланып жүретін күндерің болады ма? (5).
9. Мұғалімнің берген тапсырмасын әрдайым адалдықпен орындауға тырысасың ба? (7).
10. Жаңа ойынды ойыңнан шығара аласың ба? (1).
11. Біреуді ренжітіп қойғаныңды тез ұмытасың ба? (-7).
12. Өзіңді мейрімді, басқаларды аяйтын деп санайсың ба? (6).
13. Пошта жәшігіне хат салғанда, ол бір жеріне ілініп қалды ма, деп тексересің бе? (4).
14. Мектепте, спорт секциясында, үйірмеде озық болуға тырысасың ба? (8).
15. Кішкентай кезіңде иттен, найзағайдан қорқатын ба едің?(2).
16. Балалар сені өте ынталы және ұқыпты деп санайды ма?(2).
17. Көңіл-күйің мектептегі және үйдегі жағдайларға байланысты ма? (9).
18. Таныстарыңның көпшілігі сені жақсы көреді деп айтуға болады ма?(8).
19. Ішіңнен қобалжып жүретін уақытың болады ма? (5).
20. Әдетте мұңданып жүресің бе? (3).
21. Қайғыны бастан кешкенде өкіріп жыладың ба? (10).
22. Бір орында ұзақ отыру саған қиын ба? (1).
23. Саған әділетсіздік жасағанда өз құқығыңды қорғайсың ба? (7).
24. Мысықтарды рогаткамен атқан күндерің болды ма? (6).
25. Дастархан немесе перде қисайып тұрса оған сенің жының келеді ме? (4).
26. Кішкентай кезіңде үйде бір өзің қалуға қорқатын ба едің? (2).
28. Ешқандай себепсіз қуанышқа немесе уайымға бөленесің бе? (9).
29. Сыныпта ең жақсы оқушысың ба? (8).
30. Көңіл көтеріп есерленетін кез жиі болады ма? (-3).
31. Ашулануың оңай ма? (5).
32. Кейде өзіңді бахытты сезінесің бе? (10).
34. Біреу туралы өз ойыңды ашық айтасың ба? (7).
35. Қаннан қорқасың ба? (6).
36. Мектеп тапсырмасын шын көңіліңмен орындайсың ба? (-4).
37. Әділетсіздіктің құрбаны болғандарды қорғайсың ба? (7).
38. Қараңғы, бос бөлмеге кіруге қорқасың ба? (2).
39. Жылдамдың пен нақтылықты талап ететін жұмысқа қарағанда жай және нақты емес жұмысты көбірек ұнатасың ба? (4).
40. Адамдармен танысу саған оңай ма? (9).
41. Ертеңгілік пен кештерде өнер көрсетуге құмарсың ба? (8).
42. Үйіңнен қашып кеткен уақытың болды ма? (5).
43. Балалармен, мұғалімдермен ұрысып қалып, мектепке бара алмай жүрген кез болды ма? (3).
44. Өмір сүру қиын ба? (3).
45. Сәтсіздікке ұшырағанда өз-өзіңді мазақтап күлесің бе? (1).
46. Ұрысып қалғанда, өзің кіналы болмасаң, татуласуға әрекет жасайсың ба? (-7).
47. Жануарларды жақсы көресің бе? (6).
48. Үйден шығып кеткеннен соң, бір оқиға болмасын деп, тексеруге қайтып ораласың ба? (4).
49. Кейде өзіңнің немесе туысқандарыңның басына бір қауіп төнгендей болып сезінесің бе? (2).
50. Көңіл-күйің ауа райына байланысты ма? (9).
51. Сұрақтарды біле тұрып жауап беруге қиналасың ба? (8).
52. Біреуге ашулансаң төбелесесің бе? (5).
53. Балалармен бірге болу саған ұнайды ма? (3).
54. Бірнәрсе қолыңнан келмесе оны үйренуден үміт үзесің бе? (10).
55. Істерді, ойынды ұйымдастыру қолыңнан келеді ме? (1).
56. Қиындықтар кездескеніне қарамастан мақсатыңа жетуге өрекет жасайсың ба? (7).
57. Кино көргенде, кітап оқығанда жылайсың ба? (6).
58. Міндеттеріңді орындауға қиналасың ба? (4).
59. Тапсырманы көшіріп алуға бересің бе? (-7).
60. Түнде қараңғы көшемен жүруге қорқасың ба? (2).
61. Барлық заттар өз орнында болуын қадағалайсың ба? (4).
62. Жатарда көңіл-күйің көтеріңкі, ал тұрғанда - тұнжыраған болған ба? (9).
63. Бейтаныс балалар арасында өзіңді еркін сезінесің бе? (8).
64. Басың ауырады ма? (5).
65. Жиі күлесің бе? (-3).
66. Егер біреуді ерекше силайтын болсаң, оны білдірмей жүре аласың ба? (8).
67. Бір күннің ішінде әр түрлі жұмыс жасай аласың ба? (1).
68. Әділетсіздікке жиі кездесесің бе? (7).
69. Табиғатты жақсы көресің бе? (6).
70. Үйден кетерде, ұйқыға жатарда есікті, электр тетіктерін тексересің бе? (4).
71. Өзіңді, қорқақпын деп санайсың ба? (2).
72. Мерекелік дастархан басында көңіл күйің өзгереді ме? (9).
73. Драмкружокқа қатынасуды, сахнадан өлең оқуды ұнатасың ба? (8).
74. Себепсіз бұртыйып, ешкіммен сөйлеспей жүретін кездерің болады ма? (5).
75. Болашаққа көңілсіз қарайсың ба? (3).
76. Қуаныштан бірден қайғы-қасыретке ауысатын кез кездеседі ме? (10).
77. Қонақ күте аласың ба? (1).
78. Ашуың ұзаққа созылады ма? (7).
79. Достарыңның қайғысын бөліп аласың ба? (6).
80. Жіберген қатені жөндеу үшін дәптердің бір бетін көшіріп жазасың ба? (4).
81. Өзіңді сенімсіз адам дер есептейсің бе? (7).
82. Қорқынышты түсті жиі көресің бе? (2).
83. Өзіңді терезеден тастағың келген кез болды ма? (4).
84. Қоршағандар уақытын шаттықпен өткізіп жатса, сенің көңілің көтеріледі ме? (9).
85. Жағымсыз жағдайды уақытша ұмыта аласың ба? (8).
86. Сәтсіздікті ойдан шығармай жүресің бе? (8).
87. Әдетте аз сөйлейсің бе? (3).
88. Орындаған роліңе беріліп кеткенде, өзіңнің кім екеніңді ұмытасың ба? (8).
Тест нәтижесін талдау.
Сұрақтар соңында жақшада берілген номерлер акцентуация типін көрсетеді. Әр номер бойынша жиналған оң жауаптар санын кестеде көрсетілген коэффицентке көбейту арқылы акцентуацияның баллы анықталады. Нәтижесі 12 баллдан артық болса акцентуацияның сол түрі орын алғанын білдіреді. Талдауды жоғарыда берілген акцентуация түрлерінің мінездемесі бойынша жүргізіледі.
Қосымша-В
Жеткiншектердiң агрессиясын диагностикалау.
(Басса-Дарки әдiстемесi)
Мақсаты: бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.
Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама
береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан
өзін қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген
қасиет деп көрсетсе (Лоренд, Анри), екіншілері жетекші роль
атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді.
Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын теориялар да бар
(Маллер, Дуб, Доллард).
Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект-субъекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет дегеніміз адамның алдында тұрған бөгетке шабуыл жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін.
Жеткіншек жас кезеңінде себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бүл құбылыстың түрлерін, себебін, және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы нормадан тыс дамыған балалармен түзету жұмысын жүргізуі керек.
А.Басс және А,Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Біріншісі - мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған себеп-сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі -инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды зөбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бүл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін.
Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі Басса-Дарки сауалнамасы. Бүл әдістеме көмегімен агрессияның орын алуын және оның түрін, көрініс беру формасын диагностикалауға болады.
Орындау ережесі: тест сауалнамасында 75 тұжырымдама берілген. Оларға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
Сауалнама:
1. Менің кейде басқаларға зиян келтіргім келеді.
2. Кейде өзім жақтырмайтын адамдар туралы өсек айтамын.
3. Мен тез ренжіп, жылдам басыламын.
4. Егер маған жақсылап өтіш жасамаса, тапсырманы орындамаймын.
5. Өмірден маған қажетті нәрселерді толық ала алмаймын.
6. Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін.
7. Мен достарымның қылықтарын ұнатпасам, пікірімді оларға білдіремін.
8. Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар-ожданымның алдында қатты қысыламын.
9. Мен басқа адамға қол жұмсауға қабілетті емес сияқтымын.
10. Мен еш уақытта, заттарды лақтыратындай болып, қатты ашуланбаймын.
11. Басқалардың кемістігіне барлық уақытта кешірімдімін.
12. Егер маған орныққан ереже ұнамаса, мен оны бұзғым келеді.
13. Басқалар қолайлы жағдайды пайдаланып қалады.
14. Басқалар маған, күтпеген жерде, си-сияпат көрсетсе, мен одан сескеніп қаламын.
15. Менің басқалармен келіспейтін кезім жиі болады.
16. Кейде менің ойыма өзім ұялатын нәрселер келеді.
17. Мені біреу бірінші болып ұрса, мен оған жауап бермеймін.
18. Мен ашуланғанда есікті тарс еткізіп жабамын.
19. Мен сыртқы көрінісімнен әлде қайда ашушаңырақпын.
20. Егер біреу біреу маған үкімін жүргізгісі келсе, әрқашан мен оған қарсы тұрамын.
21. Менің тағдырым мені онша қанағаттандырмайды.
22. Көп адамдар мені ұнатпайды деп ойлаймын.
23. Басқалар менімен келіспесе, мен олармен дауласпай тұра алмаймын.
24. Жұмыстан қашатын адамдар өздерін кіналы сезінуі керек.
25. Менің отбасымды әбіржіткендер - жұдырыққа жығылғысы келгендер.
26. Дөрекі әзілге мен бармаймын деп ойлаймын.
27. Мені сықақ жасағандарға қатты ашуланамын.
28. Егер біреулер өздерін бастықсымақ санаса, олар мен-менсіп кетпеу үшін бар күшімді саламын.
29. Апта сайын мен өзіме ұнамайтын адамдардың біреуін жолықтырамын.
30. Адамдардың көбі маған қызғаншақтықпен қарайды.
31. Басқалардан өзімді силауды талап етемін.
32. Ата-анам үшін ешнәрсе жасамағаныма қамығамын.
33. Сізді әрқашан ызаландырған адамдардың «тұмсығын бұзуға» тұрады.
34. Мен еш уақытта ашуға бөленіп, тұнжырап жүрмеймін.
35. Егер басқалардың маған деген көзқарасы мәртебеме сай келмесе, мен оларға режімеймін.
36. Мені біреу ренжіткісі келсе, мен оған көңіл бөлмеймін.
37. Ешкімге байқатпауға тырыссам да, қызғаншақтық «ішімді ит жегендей» етеді.
38. Кейде мені күлкіге көтеретіндер бар сияқты.
39. Мен қатты ызалансам да балағат сөз айтпаймын.
40. Менің күнәларымның барлығы кешірілсін.
41. Маған біреу қол көтерсе, менің жауап қайтаруым сирек болады.
42. Айтқаным болмай қалса мен ренжимін.
43. Кей кезде адамдарды көргенде мен жынданамын.
44. Шынымен жек көретін адамым жоқ.
45. Бөтендерге еш уақытта сенім білдірмеу — менің ұстанымым.
46. Егер біреу мені ызаландырса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтуға даярмын.
47. Кейін өкінетін нәрселерді жиі жасаймын.
48. Ашуланған кезде қол жұмсауым мүмкін.
49. Кішкентай кезімнен бастап долылық көрсеткен емеспін.
50. Мен өзімді атылуға дайын оқтай жиі сезінемін.
51. Қандай екенімді жұрттың бәрі білсе, олар мені, бірге жұмыс істеуге қиын адам, деп есептер еді.
52. Қандай себепке байланысты басқалар маған жағымды нәрсе істейді, деп ойланамын.
53. Маған біреу дауыс көтерсе, мен де оған айқайлаймын.
54. Сәтсіздіктер мені мазасыздандырады.
55. Төбелескенде басқалардан артық-кемім жоқ.
56. Қатты ашуланғанда, бірінші қолыма түскен затты сындырғаным есімде.
57. Кейде төбелесті бірінші болып бастаймын.
58. Өмір маған әділетсіз екенін кейде анық сеземін.
59. Мен, бүрын, адамдар тек шынын айтады, деп ойлайтын едім.
60. Ашуланғанда ғана ұрсамын.
61. Егер қателік жіберсем қысылып жүремін.
62. Өз құқығымды жұдырықпен қорғау керек болса - күшімді көрсетемін.
63. Өзімнің ашуымды, кейде, стол төбелеп көрсетемін. „
64. Өзіме ұнамайтындарға дөрекілік көрсетемін.
65. Маған зиян келтіргісі келетін дұшпандарым жоқ.
66. Дөрекілерді өз орнына қоя алмаймын.
67. Өзім дұрыс өмір сүрген жоқпын,- деген ой маған жиі келеді.
68. Мені төбелеске дейін апаратындарды білемін.
69. Кішкентай нәрсеге бола ренжімеймін.
70. Басқалар намысыма тиіп, ызаландырғысы келеді, деген
ойға сирек бөленемін.
71. Мен, көбінесе, адамдарды тек қорқытамын.
72. Соңғы кезде мен жабысқақ болып кеттім.
73. Дау барысында мен дауысымды жиі көтеремін.
74. Басқаларға теріс көзқарасымды көрсетпеуге тырысамын.
75. Мен дауласпастан келісімге келгенді ұнатамын.
Авторлар сауалнаманы келесі ұстанымдарға сүйене отырып жасаған:
1. Әр сұрақ агрессияның бір түрін анықтауға арналған.
2. Сұрақтарға берілген жауаптарға басқалардың пікірі әсерін тигізуін төмендету жолдары ойластырылған.
Бағалау шкаласы.
Жауаптар сегіз шкала бойынша бағаланады.
1. Физикалық агрессия: ия-1, жоқ-0 келесі тұжырымдамаларға: 1, 25, 31, 41, 48, 55, 62, 68; Жоқ - 1, ия - 0 келесілерге: 9, 7.
2. Жанама агрессия: ия-1, жоқ-0: 2, 10, 18, 34, 42, 56, 63; жоқ-1, ия-0: 26, 49.
3. Тітіркенушілік: ия-1, жоқ-0: 3, 19, 27, 43, 50, 57, 64, 72; жоқ-1, ия-0: 11, 35, 69.
4. Негативизм: ия-1, жоқ-0: 4, 12, 20, 28; жоқ-1, ия-0: 36.
5. Өкпелегіштік: ия-1, жоқ-0: 5, 13, 21, 29, 37, 44, 51, 58.
6. Күдіктенушілік: ия-1, жоқ-0: 6, 14, 22, 30, 38, 45, 52, 59; жоқ-1, ия-0: 33, 66, 74, 75.
7. Вербалды агрессия: ия-1, жоқ-0: 7, 15, 23, 31, 46, 53, 60, 71, 73; жоқ-1, ия-0: 1, 33, 66, 74, 75.
8. Кінәні сезіну: ия-1, жоқ-0: 8, 16, 24, 32, 40, 47, 54, 61, 67.
Көрсетілген шкала бойынша жауаптарды баллға аударып, барлық жиналған ұпайлардың екі түрлі қосындысы шығарылады. Біріншісі қастандық индексі деп аталады да ол 5 және 6 шкалалардың қосындысы арқылы анықталады. Ал екіншісі, агрессия индексі - 1, 3, 7 шкалалар қосындысы бойынша анықталады.
6,5 плюс-минус 3 - қастандық көрсеткіші нормада екенінің белгісі; 21 плюс-минус 4 - агрессияның нормадағысын көрсетеді.
Қосымша-Г.
Зейiндi бағалау ( Мюнстерберг әдiстемесi )
Мақсаты: зейiннiң таңдамалылығын және кедергiлерге көңiл аудармай iс- әрекетiн тиянақты орындауын бағалау.
Орындау ережесi әрiптерден тұратын текстiң iшiнде мағынасы бар сөздер кездеседi. Текстi мүмкiнiдiгенше тезiрек қарап щығып, әрiптер арасындағы "жасырынып" тұрған сөздердi тауып, олардың астын сызып отыру керек.
Мысалы: рекледпсихологфыврукэж. Бұл қатардағы әрiптер арасында "психолог" деген сөз жасырынып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |