5.2 Орман екпелерін құру барысындағы қауіпсіздік техникасы
Қауіпсіздік техникасы - бұл жұмысшыларға қауіпті факторлар әрекеттерінің алдын-алатын ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі.
Жарақат алудың кемуі немесе жойылуына өндірістік үдерістер мен жабдықтарды басқарудың автоматтандыруы жағдай жасайды. Ол адамды машинаның, механизмдердің, қондырмалардың жекелеген бөліктерінің жұмысына қатысудан шығарады, тиісінше, станоктарға, машиналарға және қондырмаларға, олардың жұмысы барысында қызмет көрсетумен байланысты апатты, қайғылы оқиғалардың себептерін жояды.
Сонымен қатар, жұмысқа жабдықтардың конструкциясын, қауіпсіздік техникасын жетік білетін және жабдықтарды жөндеу, пайдалану кезінде қауіпсіз тәсілдерді меңгерген адамдар ғана жіберілуі тиіс.
Еңбекті қорғау қызметінің типтік ережесіне сәйкес, орман шаруашылық кәсіпорындары жұмысышлар еңбегін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық және санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізуге, қауіпсіздік техникасының заманауи құралдарын ендіруге, өндірістік жарақат алу, зақымданудың алдын-алуға міндетті [30].
Орман шаруашылық органдары мен мекемелерінің еңбекті қорғау қызметі өндірістік бөлімдерде еңбекті қорғау күйі тексерісін және анықталған кемшіліктерді жоюға қажетті ескертулерді беруді; жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда, цехтардың, учаскілердің, агрегаттардың жұмысын тоқтатып, кейін жылдам түрде осы жайлы кәсіпорын басшысын ескертуді, еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келмейтін құралдар мен құрылғыларды қолданыстан алуы жүзеге асырады.
Еңбекті қорғау саласында жетістіктерге жеткені үшін жұмысшыларды ынталандыру жөніндегі сұрақтарды талқылауға қатысу; еңбекті қорғау бойынша шаралар мен жоспарларды құрастыру мен жүзеге асыруға қатысу үшін тиісті жұмысшыларды тарту; еңбекті қорғау бойынша бөлім басшыларының есептерін тындау туралы ұсыныстарды енгізу; еңбек қорғау талаптарын бұзуға кінәлі тұлғаларды бекітілген заңды тәртіпті жауапқа тарту; еңбекті қорғау нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік-техникалық ұжымды өтемақылар мен өзге де қаржылай ынталандырудан айыру.
Жұмысшылардың жұмыстың қауіпсіз тәсілдер мен әдістер ережелеріне оқыту мен нұсқаулықтарды барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда, өндіріс қаупінің сипаты мен деңгейінен, және осы мамандық немесе лауазым бойынша жұмысшылардың еңбек өтілімі мен біліктілігінен тәуелсіз, міндетті түрде жүргізу қажет.
Жұмысшылардың жұмыстың қауіпсіз тәсілдері мен әдістері бойынша нұсқаулықтар келесі түрлерге бөлінеді: кіріспе, жұмыс орнында алғашқы, кезеңдік, қайталау, жоспардан тыс.
Жұмысшылардың нұсқаулықтары жазбаша нұсқаулар және мекеменің бас орманшысымен, жұмыстың және нұсқауланушының мамандығына қатысты нақты жағдайлардың есепке алынуымен бірге, бекітілген бағдарлама негізінде жүргізіледі [31].
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар келесі бөлімдерден тұрады:
1. Қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы ережелер мен талаптар.
2. Жұмысшыға қауіпсіздік техникасы бойынша: жұмыс басталар алдындағы, жұмыс барысындағы, жұмыс аяқталған соң қойылатын талаптар.
Кіріспе нұсқаулық. Кәсіпорынға қайтадан келген және бір цехтан екінші цехқа ауысқан жұмысшылар қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқаулықтарды алуы тиіс.
Кіріспе нұсқаулықты еңбекті қорғау кабинетінде қауіпсіздік техникасы бойынша инженер қарапайым әңгіме жүргізу арқылы және сонымен бірге көрнекі құралдарды (плакаттар, макеттер) пайдалана отыра жүргізеді. Кіріспе нұсқаулық журналда және әрбір жұмысшыға берілетін қауіпсіздік техникасы бойынша куәлікте тіркеледі, қауіпсіздік техникасы бойынша куәлік қолхат бойынша беріледі.
Кіріспе нұсқаулығын жүргізу барысында келесі сұрақтарға тоқталған жөн: кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелері; арнайы киім, арнайы аяқ-киім, бас киім бойынша қауіпсіздік техникасының талаптары; электр қауіпсіздігінің ережелері, зардап шеккен адамды тоқжүргізу бөліктерден босату және электр тоғына шалдыққан адамға алғашқы медициналық көмек көрсету, өндірісте жеке және өндірістік гигиена мен санитарияның негізгі талаптары және тұрмыстық бөлмелер мен жалпыға ортақ пайдалану орындарын пайдаланудың тәртібі, өндірістік вентиляцияның маңызы және вентиляциялық құрылғылармен пайдаланудың ережелері; зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелері; апатты жағдайларда жұмысшылардың әрекет ету ережелері, және өндіріспен байланысты орын алған қайғылы оқиға туралы акт құрудың ережелері.
Жұмыс орнында алғашқы нұсқаулық. Кәсіпорынға әрбір жаңадан келуші жұмысшы, және бір жұмыстан екінші жұмысқа ауыстырылған немесе бір жабдықтан екінші жабдыққа ауыстырылған жұмысшы тікелей жұмыс орнында жұмыстың қауіпсіз әдістері бойынша жұмыс басталғанға дейін алғашқы (бірінші) нұсқаулықтан өтуі тиіс, нұсқаулықты учаскі басшысы мен шебері өткізіп, журналға тіркейді. Жұмыс орнында жұмыстың қауіпсіз тәсілдері мен әдістерінің алғашқы нұсқаулықтарының бағдарламасына жұмысшының алдағы уақытта жұмыс жасауы тиіс жабдық құрылғыларымен, сақтандыру қоршауларымен, қорғау құралдары мен құрылғылармен, олардың қолдану мақсаттарымен және қолдану ережелерімен; жұмыс орнын дұрыс және қауіпсіз ұйымдастырумен, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтың мазмұнымен және нұсқаулықтардың барлық талаптарын қатаң түрде орындау қажеттілігімен, қолдануы жұмысшыны жарақат алу мен кәсіби аурулардан немесе уланудан сақтауы тиіс жұмыстың қауіпсіз тәсілдерімен, қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында тыйым салынған жұмыстың қауіпті тәсілдерімен; кәсіби зиянкестермен және оларды жою әдістерімен толық таныстырылуы кіреді [30].
Кезеңдік қайталау нұсқаулық. Барлық жұмысшылар олардың осы мамандықтағы жұмыс өтімі мен біліктілігінен тәуелсіз тоқсан сайын жұмыстың қауіпсіз тәсілдері мен әдістері бойынша нұсқаулықтардан өтеді. Жұмысшылардың қайталау нұсқауы қарамағында жұмысшылар еңбек ететін цех басшысының немесе оның өндіріс учаскісі шеберінің орынбасары нұсқауымен және бақылауымен жүргізіледі.
Нұсқау ауызша әңгіме түрінде және цех пен кәсіпорын тәжірибесінен нақты мысалдармен бекітіліп отыруы тиіс.
Нұсқаушы әрбір жұмысшының қауіпсіздік ережелерін нақты білуі мен түсінуін тексеріп, анықтауы тиіс.
Егер тексерістер нәтижесінде жұмысшылардың қауіпсіздік техникасын қанағаттанарлықсыз деңгейде білуі (жұмыстың тыйым салынған әдістерін қолдану, сақтандыру қоршауларынсыз, қорғау құралдарынсыз жұмыс жасау, анықталатын болса, нұсқаушы жұмысшыға барлық қажетті түсіндірмелер беріп, тікелей жұмыс орнында қауіпсіз әдістермен қалай дұрыс жұмыс жасау керек екенін көрсетіп, қауіпсіздік техникасы бойынша барлық талаптардың қата түрде орындалуын талап етуге міндетті.
Жұмысшылардың жұмыс қауіпсіз тәсілдері мен әдістерінің жоспардан тыс нұсқаулығы нәтижесінде жұмыс қауіпсіздік жағдайлары өзгеретін, технологиялық үдерістер жағдайларында: жұмысшылармен қауіпсіздік техникасы бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды бұзу кезінде (бұзуға қатысты қабылданған шаралардан тәуелсіз): қайғылы жағдайларда және кәсіби аурулар кезінде жүргізіледі.
Жоспардан тыс нұсқаулықтар бірінші және кезеңдік қайталау нұсқаулықтарын жүргізуге міндетті жұмысшылармен жүргізіледі. Жұмыстың қауіпсіз тәсілдері мен әдістері бойынша жоспардан тыс нұсқалықтардың жүргізілуі туралы жазу тікелей жұмыс орнында бірінші және қайталау нұсқаулықтары туралы жазу енгізілетін журналға жасалынады [32].
Достарыңызбен бөлісу: |