4.2 Жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігі
Әрбір компьютерде жұмыс атқарып жатқан адам, мейлі ол маман болсын, немесе бірінші рет компьютерде отырса да, міндетті түрде техника қауіпсіздігін
сақтауы керек. Жұмыс кезінде монитордың жарық шығаратын құбыры жоғары кенеуде болады. Аппаратураны, сым жүйелері мен мониторды дұрыс қолданбасаңыз, электр тоғынан қатты зақымдануға және аппаратураның күйіп кетуіне әкеп соғады.
Тыйым салынатын жағдайлар:
байланыстағы сым жүйелерінің айырғыштарына тиіспеу;
экранға қол тигізбеу және монитор мен пернетақтаның сыртқы жағын қолмен ұстамау;
аппаратураны оқытушының рұқсатынсыз қоспау және сөндірмеу;
дәптерлер мен кітаптарды монитор мен пернетақтаның үстіне қоймау;
су қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істемеу. Жұмыс істегенде:
60-70 см қашықтықта бүкшімей, еңкеймей, денені тік ұстап, жұмыс істеу қажет, үнемі көзілдірік киіп жүретіндерге көзілдірікпен ғана жұмыс істеу керек.
Дисплейде 20 минут жұмыс істеген соң, 5 минут демалған жөн. Жұмыс уақытында:
аппаратураның дұрыстығын тексеру керек, ал егер төтенше дыбыстар естіле бастаса немесе пернетақтаның өзінен-өзі сөніп қалу жағдайы болса, жұмысты дереу тоқтатып, оқытушыны алдын-ала ескертіңіз;
Пернетақтаны ақырын басып, қауырт соққылардың болмауын қадағалау;
Пернетақтада жұмыс істегенде қолыңыз таза болсын;
Аппаратураның жұмыс кезінде шығып жатқан ақауларын өздігінен дұрыстауға тырыспаңыз.
Жүйелі блок. Компьютердің жүйелі блогы соқтықпайтын және толқындар (вибрациялар) компьютерге зақым тигізуі мүмкін. Жүйелі блокты басқа құралдармен қосып тұратын сымдар тек, компьютер сөніп тұрған уақытта ғана қыстырылуы немесе алынуы керек. Компьютерлер орналасқан бөлмеде темекі шегуге болмайды.
Монитор. Компьютермен эффектілі жұмыс істеу үшін ең бастысы мониторды дұрыс қолдану керек. Төменде солардың кейбір мысалдары келтірілген:
Біліп қойыңыздар, монитор, бұл –сезімтал құрал. Егер сіз оны үстелден құлатып алсаңыз, онда сізге жаңасын сатып алу керек болады. Мониторды үстелдің шетіне емес, нық, орнында қозғалмай тұратындай қылып қою керек.
Мониторды көзге көруге ыңғайлы болатын жерге орналастыру керек. Мониторды қырынан емес, тік бұрышпен көретіндей қылып бұрып қойыңыз. Сіз, экранға, аздап жоғарыдан төмен қарап отырғаныңыз жақсы болады. Сондықтан экран аздап шалқайып тұруы тиіс – астыңғы жағы сізге жақын орналасуы керек.
Бейненің жөнге салынуы дұрыс берілу керек. Өйткені сіз монитордың экранына көп уақыт бойы –үңіліп, қарап отыруыңыз мүмкін, егер оның регулировкасы дұрыс берілмесе, сіз жақын арада көздеріңізге зақым келтіресіз. Ең алдымен ағартқыш-қарайтқышты дұрыстап алу керек. Бейнені жарық қылып жіберуге болмайды – одан сіздің көздеріңіз тез шаршайды, оны былай тексеріңіз: экрандағы қара түс сұрғылттау емес, нағыз қара болуы керек. Егер сіздің мониторыңызда фокусировка батырмасы болса, онда оны, бейне максималды айқын болатындай етіп бұраңыз.
көптеген мониторларды шаң басып, олар тез кірлейді. Бұл шаңды әрдайым дымқыл шүберекпен сүртіп отыру керек. Жұмыс істеп болған соң, мониторда да шаң жиналып қалмас үшін, шүберек жапқышпен жауып қоюға болады. Бірақта, жапқышты, монитор қызып кетпеуі үшін, мониторды іске қосардыңалдында алып тастау керек.
егер монитор, экраннан жарық тым қатты шығатындай болып, орналасса, онда көздуріңізді бүлдірмеңіз – немесе мониторды жарық тым қатты шықпайтындай қылып орналастырыңыз, немесе мониторға арналған қорғаныш фильтрін орнатыңыз. Бірақ та, қазіргі заманғы мониторлардың экрандары қорғаныш әйнегімен қамтылған – антиотражающий, артирассеивающий және антистатический, сондықтан оларға қорғаушы фильтр керек жоқ ( шындығында, ол зиянын да тигізуі мүмкін, өйткені осы фильтр бейнелерді қараңғылатып көрсетіп, түстерін бұзады және т.б.).
монитор ішінде орналасқан кинескоп, өте жоғары қысыммен жұмыс істейді, сондықтан ешуақытта , еш-қашан монитордың қақпағын ашуға болмайды немесе қақпақтың астында орналасқан бөлшектерді қолмен ұстауға болмайды. мұны тек монитор жөндейтін оқымысты специалистер ғана істеуі тиіс.
Клавиатура. Клавиатура қолайлы құрал болып саналса да оған зақым келтіруге болмайды. Көбінесе, клавиатураның үстіне бутерброд қоюға және оның жанына шай қоюға болмайды – қоқым және су оны жұмыс істеу қалпынан шығарып тастауы мүмкін. Компьютермен жұмыс істеп бітерде клавиатураны қақпақшамен жауып қойыңыз – бұл оған шаң немесе кір түсуден қорғайды.
Дискеталар. Дискеталармен ұқыпты айналысу керек: оларды дисководқа дұрыс (түзу) салып, оларды майыстыруға, қысуға, магниттік ашық жабындысы бар жерлерді қолмен ұстауға болмайды. Шаңның және дымқыл нәрселердің дискеталарға тиіп кетуінен сақтану керек. өлшемі 5,25 дюйм болатын дискеталарды қағазконвертте сақтау керек. Дискеталарды вертикальды түрде арнайы жабық қорапшаларда сақтаған жөн.
Компакт дискілер. Компьютерлік дискілердің үстіңгі жағын саусақтарыңызбен ұстамаңыз ( әсіресе майлы ) — бұдан ол дұрыс айналмай қалуы мүмкін. Компакт дискіні қырынан ұстаңыз. Компакт дискілерді шашыраңқы емес, арнайы қорапшаларда сақтаңыз ( оларды дүкендерде сатып алуға болады).
Достарыңызбен бөлісу: |