Дипломдық ЖҰмыс салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бақ-тың РӨлі «5В050400 Журналистика» мамандығы бойынша


Өскелең ұрпақтың салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға дайындығын зерттеу және нәтижесі



бет18/21
Дата26.05.2022
өлшемі165,26 Kb.
#145196
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Ақниет диплом

2.5 Өскелең ұрпақтың салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға дайындығын зерттеу және нәтижесі
Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қа Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасаң болары хақ. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, аударыспақ, қазақша күрес сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Студенттердің танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді.
Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады.Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене шынықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді.
Соңғы кезде өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулық жағдайы қорқыныш тудыруда. Қазіргі әлеуметтік–экономикалық жағдай жасөспірімдер денсаулығының нығаюына және олардың өз денсаулығын басты құндылық ретінде қабылдауына мүмкіндік бермейді [14, 143]. Осыған орай, жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін әлеуметтік факторларды зерделеуге қажеттілік туындауда [23, 24, 25, 26].
Жасөспірімдердің өз денсаулығына қарым–қатынасын анықтау мақсатында біз 10 – 18 жасар орта мектеп оқышылары арасында әлеуметтік сұрастыру жүргізген едік. Жаөсөспірімдердің жалпы саны 460 адам. Сауалнама оқудан тыс уақытта мектеп басшылығы мен оқушылардың келісімімен онлайн жүргізілді.
Ер балалар үлесі – 40,8%, қыз балалар - 59,2%. Респонденттердің 3,9% 10 – 12 жаста, 45% - 13 – 15 жаста, 51% - 16 – 18 жаста болған.


1 кесте – Сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің сипаттамасы



Жынысы

Абс.

%

бозбалалар

188

40,8

қыз балалар

272

59,2

Возрастные категории

10 – 12 жас

18

3,9

13 – 15 жас

207

45,0

16 – 18 жас

235

51,1

Зерделеудің басты аспектілерінің бірі болып, жасөспірімдердің «салауатты өмір салты» категориясының мазмұнын түсіну деңгейін бағалау саналды.


Алынған нәтижелер көрсеткендей, шамамен әрбір бесінші (21%) жасөспірім үшін салауатты өмір салты – ол «зиянды әдеттерден арылу», әрбір оныншы жасөспірім үшін «ұтымды тамақтану» немесе «күн тәртібін сақтау» (11,7%).
Орта мектептердегі оқушылар арасында жргізілген сұрастыру нәтижелері көрсеткендей, 79,6% жасөспірімдер салауатты өмір салты қағидаларын ұстанады, 12,3% - ы салауатты өмір салтын жартылай ұстанады, қалған 4,8% респонденттер үшін салауатты өмір салтынсыз өмір сүруге болады немесе бұл сұрақ тіпті қызық емес.
Салауатты өмір салтын ұстанатындар арасынан көбі (38,7%) спортпен үйде шұғылданады.
Салауатты өмір салтын ұстанатындар саны төмен болғанына қарамастан, олардың арасынан әрдайым шынығумен айналысатын оқушылар (8,1%) анықталған. Берілген жауаптарда рспонденттердің жынысы бойынша айырмашылықтар анықталған. Сұрастырудан өткен ер балалардың тек ¼ бөлігі (16,2%) және 8,1% қыз балалар әрқашанда күн тәртібін ұстанатынын атап өтті. Жасөспірім репонденттердің көп бөлігі (80,1% ер балалар және 79,2% қыз балалар) салауатты өмір салтына оң көзқараспен қарайды және оны ұстану қажеттігін мойындайды. Шамамен әрбір бесінші (20,6%) ер жынысты жасөспірім күн сайын спорттық жаттығулар жасайды. Мұндай қыз балалар үлесі 7,1% - ды құраған.
40,4% ер балалардың спорттық секцияларға қызығушылығы анықталды. Қыздардың үлесі, ер балаларға қарағанда, екі ее төмен (19,8%). Бір қуантатын жайт, сұрастырудан өткен қыз балалардың жартысынан көбі (54,8%) күнделікті душ қабылдау немесе бассейн сияқты процедураларға көп көңіл бөлетіні анықталды.
Ер балалар мен қыздардың басым бөлігі (54,4% және сәйкесінше 65%) шынықтырудың кез келген түріне немқұрай қарайтынын мойындады. Тек 13,2% ұлдар мен 4,6% қыздар бұл сұраққа керсінше жауап берген.

2 кесте – Жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануын бағалау нәтижелері







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет