Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Бейорганикалық химияны оқытудахалықтық педагогика элементтерін қолдану әдістемесі»



бет16/30
Дата25.05.2023
өлшемі1,24 Mb.
#177657
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
бейорг Бексултан 1бар

Құндылықтардыдарыту

Мектеп құндылықтары мен Мәңгілік Ел идеяларын сабаққа енгізу сабақтың ажырамас бөлігі. Ол құндылықтар сабақ барысында туындаған жағдайға және оқу мақсаттары мен оқушылардың жауаптарына сай қолданылып барылады.
Білім құндылықтары:

  • Құрмет. Бүкіл сабақ барысы өзара құрметке, бір-бірінің пікірлерін тыңдау мен оларға санасуға, ойларын тыңдауға негізделеді.

  • Ашықтық. Оқушылар үшін ақпарат көзі ашық болып табылады. Оқушылар өздерінің білгенің өзге құрбыларымен бөлісудің маңызы айтылып өтіледі.

  • Өмір бойы білім алу. Бүгінгі сабақта алатын білім мен дағдылар алдағы сыныптарда, емтихандарда қажет болатыны айтылады. Сонымен қатар электролиздің күнделікті өмірде қолданылатын жерлері айтылып өтіледі.

Сабақ барысында тек осы жоғарыдағы құндылықтар ғана емес, сонымен қатар мектебіміздің басқа да құндылықтары қажет болып, ұрымтал тұсы келгеніне байланысты кіріктіріліп барылады.

Пәнаралық байланыстар

- География. Миграция. Жаһандық жылыну.
- Экология. Қоршаған ортаның ластануы. Онымен күресу жолдары.
- Биология.жануарлы мен өсімдіктер әлемі. Оларда аурулардың пайда болуы. Онымен күресу.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта арқылы сабақ барысы көрсетіліп, жасалынған және жасалынуы тиіс іс-әрекеттер тізбегі көрсетіліп барылады. Мысалы, сабақ барысында қолданылатын терминдер, сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар, оқу мақсаты мен оған оқушылармен бірлесе қойылатын критерийлер баяндалып барылады. Жаңа сабақты өтіп болғаннан соң оны бекіту тапсырмалары беріледі, сонымен бір қатарда үй тапсырмасы да көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет