2.6 Жартылай етті фабрикаттар негізіндегі тұшпараның макро- және микроэлементтерінің салыстырмалы көрсеткіштері
Мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроағзалар санын анықтау жүйесі болып табылады. Өнімдегі бір мөлшердегі өнімді агарлы қоректік ортаға сеуіп, (30±1) °С температурада (72±3) сағат аралығында аэробты культивирлеп, кейін барлық өскен колонияларды есептеп, мезофильді аэробты және факультативті анаэробты өнімдегі микроағзалар санын анықтауға негізделген. Жұмыста ет пептонды глюкозалы агар қолданылды.Колиформды бактериялар санын анықтау. Ішек таяқшалары тобының бактериялары мен санын анықтау әдісі белгілі өнімнің мөлшерін немесе пробиркада сұйық күйде езілген селективті-диагностикалық ортада лактозамен араластырылған көлемін 24-48 сағат аралығында (30±1) °С температурада инкубациялап, одан соң 1 г/см³ өнімдегі газ және қышқыл түзіп, лактозаны ферменттейтін ең көп колиформды бактериялар санын есептеуге негізделген.
Ауыр металлдар құрамын анықтау. Етті жартылай фабрикат құрамындағы микроэлементтерді анықтау бойынша Шиелі аудандық «Тағам қауіпсіздігі» ғылыми-зерттеу орталығының аккредиттелген сынақ зертханасында, «Гигиена, инспекция және өнімнің сапасын бақылау» зертханасында жүргізілді.Ауыр металлдардың атомдық абсорбциялық өлшеуін дайындау және жүргізу нормативті техникалық құжат талабына сай жүргізілді.Сиыр еті негізінде жасалған жартылай етті фабрикаттардың макроэлементтерінің салыстырмалы көрсеткіштері 6 -суретте көрсетілген.
7 сурет-Жартылай етті фабрикаттар негізіндегі тұшпараның макроэлементтерінің салыстырмалы көрсеткіштері
Нәтижесінде Mg (476,01-дан 656,22-ге дейін) мг/кг, P (1636,46 –дан 1872,63 дейін) мг/кг, К (4987,42 –дан 5652,08-ге дейін) мг/кг, Са (476,07-дан 802,88-ге дейін) мг/кг. Жартылай етті фабрикаттар негізіндегі тұшпараның микроэлементтерінің салыстырмалы көрсеткіштері 1.5-суретте көрсетілген.
8 сурет-Жартылай етті фабрикаттар негізіндегі тұшпараның микроэлементтерінің салыстырмалы көрсеткіштері
Нәтижесінде етті жартылай фабрикатқа алынған бидай ұнының 30% қосу арқылы микроэлементтер мөлшері артқаны байқалды: Fе ( 14,27-ден16,14дейін) мг/кг, Nі (0,35-тен 0,50-ге дейін) мг/кг, Cu (2,51-ден 3,58 дейін) мг/кг, Zn (9,36-дан 11,09 дейін) мг/кг, ал Sе микроэлементі төмендегені анықталды (0,1067-ден 0,0956 дейін) мг/кг. Тұшпара өнімінің құрамындағы макрожәне микро элементтердің тобы құрамын артырып, биологиялық белсенділігін жоғарлатуда. Етті жартылай фабрикатта уытты элементтердің құрамының қолданылған бидай ұны түрі мен мөлшеріне байланыстылығы сарапталған талдау Аs, Cd, Hg, Pb уытты элементтері алынған ұнды 30% мөлшерде қосқанда өсуде Аs (0,0056-ден 0,0065-ке дейін) мг/кг, Cd (0,0047-ден 0,0064-ке дейін ) мг/кг, Hg (0,0055-тен 0,0104-ке дейін) мг/кг, Pb (0,0032-ден 0,0065-ке дейін), 15% өнген соя бұршағы ұнын қосу арқылы элементтердің ұлғаюын көрсетеді Аs (0,0033-ден 0,0055-ке дейін)мг/кг, Cd (0,0031-ден 0,0033-ке ) мг/кг, Hg (0,0046-ден 0,0063-ке) мг/кг, Pb (0,0013-ден 0,0034-ке) мг/кг. Ет жартылай фабрикаттарының басқа ет жартылай фабрикаттарының үлгілеріне қарағанда,екі есеге уытты элементтердің артық болуы байқалды. Талдау ет шикізаты кеден одағының "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 034/2013) техникалық регламентінің талаптарына жауап беретінін көрсетеді.
2.6 кесте.
Зерттеудің құрылымдық сызба нұсқасы
Қазақстандағы жартылай фабрикат өнімдерінің нарығын талдау жүйесі
|
↓
|
Жартылай фабрикат өнімдерінің заманауи технологияларында дәстүрлі емес шикізатын қолданудың жетістіктері
|
↓
|
Тез мұздату процесі және жартылай фабрикат өнімдерінің құндылығы
|
↓
|
Жартылай фабрикат өнімдерінің қауіпсіздігі
|
↓
|
Өнімді методикалық зерттеу нұсқамасы
|
↓
|
Өнімнің органолептикалық көрсеткіштерін анықтау
|
↓
|
Өнімнің физико–химиялық көрсеткіштерін анықтау
|
↓
|
Өнімнің микробиологиялық және рн көрсеткіштерін анықтау
|
↓
|
Өнімнің биологиялық құндылығы мен аминқышқылдық теңгерімін анықтау
|
↓
|
Жартылай фабрикат өнімдерінің көрсеткіштерін жақсарту және қауіпсіздігінің қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар
|
Тағам өндірісінде өсімдік текті ақуыздық қоспаларды қолдану соңғы кезде жануар текті ақуыздың бағасы халықтың бәріне бірдей қол жетімсіз болғандығынан, сонымен қатар биологиялық құндылығы жануар текті шикізатпен пара пар, адам ағзасына микро - және макроэлементтер құрамы бойынша тиімді болып саналғандықтан күн санап артуда. Кез келген нарықтағы ет өнімдерінің түрлерінің құрамы ақуыздық препараттармен байытылады, шындығында қымбат шикізаттың белгілі бір бөлігі арзан, пайдалы шикізатпен алмастырылады.
Зерттеу нысаны ретінде сиыр еті мен бидай ұнынан жасалған тұшпараның сапалық көрсеткіштері зерттелінді. Зерттеу барысында таңдалған шикізат көздері дұрыс, орынды таңдалғанына көз жеткізілді. Алдымен таңдалған шикізаттардың химиялық құрамы анықталды. Зерттеу нәтижесі ақуыздық құрамы бойынша сиыр еті жоғары деп бағаланды. Микробиологиялық талдау бойынша бактериялық өсуді болдырмау үшін 7-9 күн ішіндегі -5+50С аралығында төмен температура режимін сақтау қажеттілігін көрсетті. Барлық талданған үлгілерде патогенді микроорганизмдер (сальмонеллар, листерия, стафилококк) болған жоқ. Бидай ұны мөлшері көбірек қосылған үлгілерде құрғақ зат, ақуыз, күл және көмірсу көрсеткіштері жоғары болды. Сондықтан 30% соя ұны қосылған үлгінің 100 г –дағы калориясы 180 Ккал-ға жуық болды, ал 15% мөлшерлемедегі соя ұны қосылған үлгілердің калориясы 100г-да 140 және 150 ккал болды.
Достарыңызбен бөлісу: |