Дипломдық ЖҰмысты (жобаны) Әзірлеу ережелері негізгі қағидалары


 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата26.05.2022
өлшемі251,93 Kb.
#145194
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
§31 kaz

6. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау 
80. Дипломдық жұмыс (жоба) алдын-ала қорғау үшін түлек шығаратын кафедраға 
ұсынылады.
81. Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын-ала қорғау процесі стунденттер мен ғылыми 
жетекшілердің (қажет жағдайда - ғылыми кеңесшінің) қатысуымен кафедраның ашық 
отырысында өтеді.
Алдан ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.
82. Алдын ала қорғаудан өткен және талаптарға сай рәсімделген, студент және ғылыми 
кеңесшілері қол қойған дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшіге беріледі.
83. Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа (жобаға) пікір жазады.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қолдаған жағдайда, жетекші қол қойып, өзінің қорғауға 
жіберілгені туралы шешім жазылған пікірімен бірге кафедра меңгерушісіне береді. 
Дипломдық жұмысты (жобаны) қолдамаған жағдайда, ғылыми жетекші оған қол 
қоймайды, бірақ дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жібермеу туралы шешімін 
негіздейтін пікір жазады.
84. Осы материалдардың негізінде кафедра меңгеруішісі дипломдық жұмыс (жоба) 
бойынша нақты шешім қабылдап, титул парағына жазады.
Кафедра меңгерушісі студентті дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жібермеу 
туралы шешім қабылдаса, бұл мәселе студенттің және ғылыми жетекшінің міндетті түрде 
қатысуымен өтетін кафедра отырысында қарастырылады. Кафедра отырысының хаттамасы 
бекіту үшін университет ректорына ұсынылады.
85. Кафедра қорғауға жіберген дипломдық жұмыс (жоба) пікір алуға жіберіледі. 
86. Пікір берушілердің тізімдері кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша ректордың 
бұйрығымен бекітіледі. Пікір берушілер ретінде өндіріс, ғылыми ұйымдардың 
қызметкерлері, сондай-ақ, басқа жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері, 
оқытушылары тартылады.
87. Пікір берушілердің жоғары базалық білімі және/немесе қорғалып отырған 
дипломдық жұмыс (жоба) бағытына сәйкес ғылыми немесе академиялық дәрежесі, ғылыми 
атағы болуы керек.
88. Пікір беруші зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігін, жаңалығын және 
практикалық маңызыдылығын; маман даярлау саласына, академиялық дәрежесі мен 
біліктілігіне сәйкестігін; зерттеудің өз бетінше орындалуын; қорытындылар мен 
ұсыныстардың бар-жоғын; мәселенің шешілу дәрежесін; зерттеудің толық орындалуын 
көрсетіп дипломдық жұмысқа пікір жазады. 
Пікірде балл-рейтинг жүйесі бойынша бағасы көрсетіліп, сәйкес академиялық дәрежесі 
мен біліктілікті тағайындау туралы қорытынды шығарылады. 
89. Ғылыми жетекші қорғауға жіберген, бірақ пікір берушінің «F» - 
қанағаттанарлықсыз бағасына ие болған дипломдық жұмыс (жоба) жалпы шарттарға сәйкес 
қорғалады. 
90. Дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшісі мен пікір берушінің пікірлерімен 
бірге Мемлекеттік аттестациялық комиссияға кемінде бір күн бұрын тапсырылуы керек. 
91. Дипломдық жұмыс (жоба) студенттің қалауымен қазақ, орыс немесе ағылшын 
тілінде қорғалады.


92. Дипломдық жұмыс (жоба) заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар саласындағы жетістіктер негізінде мультимедиялық 
көрсетілім түріндегі электрондық ресурстардыпайдалану арқылы қорғалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет