Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар 8 беттің -ші беті


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата24.10.2023
өлшемі0,96 Mb.
#188000
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
diplomdy-zh-mysty-zhazu-men-r-simdeu-erezhesi2020

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университеті 
УЕ-
ХҚТУ
-015-2018 
 
Сапа менеджментінің жүйесі 
Университет ережесі 
Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын 
жалпы талаптар
 
18 беттің 12 –ші беті
 
Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриялы түрде бас әріппен 
жазылады. 
Егер дипломдық жұмыс (жоба) бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі. 
10.43 Қосымшалардың диплом жұмысының (жобаның) қалған бӛлімдерімен басынан 
басталатын ортақ нӛмірлері болуы тиіс. 
 
11 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ҚОРҒАУҒА ҰСЫНУ ТӘРТІБІ 
 
11.1
 
Дипломдық жұмыс (жоба) алдын ала қорғаудан ӛту үшін маман даярлаушы 
кафедраға тапсырылады. 
11.2 Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында 
білім алушылардың және ғылыми жетекшілердің міндетті түрде қатысуымен және қажет 
болған жағдайда, ғылыми кеңесшілердің қатысуымен ӛткізіледі. 
Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді. 
11.3 Алдын ала қорғаудан ойдағыдай ӛткен, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, 
аяқталған дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми кеңесші мен білім алушының қолы қойылып, 
ғылыми жетекшіге ұсынылады. 
11.4 Ғылыми жетекші диплом жұмысына (жобасына) жазбаша сын-пікір жазады. 
Диплом жұмысы (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және 
қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады. 
Диплом жұмысы (жоба) қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, 
бірақ диплом жұмысының (жобаны) қорғауға жіберілмегендігі жӛніндегі ӛзінің жазбаша 
сын-пікірін жазады. 
11.5 Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысына (жобаға) 
нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады. 
Егер кафедра меңгерушісі білім алушының диплом жұмысын қорғауға жіберуге 
болмайды деп шешсе, бұл сұрақ білім алушы мен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра 
отырысында қаралады. Ғылыми жетекші теріс пікір берген диплом жұмысы қорғауға 
жіберілмейді және факультет кеңесіне бекітуге ұсынылады. 
11.6 Маман даярлаушы кафедраның қорғауға ұсынған диплом жұмысын (жоба) пікір 
жазу үшін алдын ала бекітілген пікір берушіге жіберіледі. 
11.7 Маман даярлаушы кафедра меңгерушісінің ӛндіріс және ғылыми ұйымдардың 
мамандары арасынан ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. 
Пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлар, доценттер, 
оқытушылар қатыстырылады.
11.8 Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және/немесе қорғалатын 
диплом жұмысының (жобасының) саласына сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе 
академиялық дәрежесі болуы тиіс. 
11.9 Пікір жазушы диплом жұмысына (жобаға) жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда 
тақырыптың ӛзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың 
маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген 
біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының 
барлығы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталуы дәрежесі кӛрсетіледі.
Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі 
мен біліктілік берілу мүмкіндігі кӛрсетілген дәлелді қорытынды беріледі. 
11.10 Ғылыми жетекшінің қорғауға жіберген, бірақ пікір жазушының
F - «қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған, диплом жұмысы жалпы жағдаймен қорғалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет