Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма №


Күріш өнімі мен оның құрылысына топырақ тұздылығының



бет7/14
Дата20.10.2023
өлшемі364,5 Kb.
#187078
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Дип.-„Авангард”-сортындағы-күріштің-өнімділігіне-топырақтың-хлорлы-тұздылығы-мен-минералды-тыңайт

3.3 Күріш өнімі мен оның құрылысына топырақ тұздылығының,
азотты және фосфорлы тыңайтқыштың әсері.
Тұздану мен минералды тыңайтқыштардың әсері күріш өнімінің құрылымында анық көрінеді, оны 9 -кестеде келтірілген мәліметтерден көруге болады. Құрамында 0,05% CI бар топырақтағы өсімдік оның ең төменгі көрсеткіштерімен сипатталады. Бақылаушы өсімдіктерге қарағанда олар сіпсебасының ұзындығы, дәнділігіне және 1000 дәннің салмағы жөнінен артта қалады. Егер бақылаушы нұсқада сіпсебастың ұзындығы 12,5 см, дәлдігі 62 дана дән және 1000 дәннің салмағы 28,4 г болса хлорлы фонда олар сәйкесінше 11,8 см, 54 дана және 27,8 г тең болды. Оған қоса хлор бос дәнділіктің санын арттырады. Бақылаушы нұсқада ол 23%, ал хлорлы фонда - 28% құрады.
Хлорлы тұздалған жапыраққа азотты және фосфорлы тыңайтқышты енгізгенде күріш өнімі құрылымының барлық көрсеткіштерін жоғарлатты. Азотты тыңайтқышты бір жақты қолданғанда басты сіпсебастың ұзындығын 14,5 см-ге дейін ұзартты, бұл кездегі ондағы дәннің саны 76 дананы құрады. Қос суперфосфаттың әсері мочевинаға қарағанда әлсіздеу, ал екеуін бірге қолданғанда олар үлкен мәнге ие болады.
Тұздалған топырақтарда бос дәнділікті төмендетуге минералды тыңайтқыштардың алатын орны зор. Мочевина мен суперфосфаттың біреуін қолданғанда ол 12 және 18%-ға дейін, ал бірге қолданғанда 11% дейін төмендеді.
Күріш өсімдіктерінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – шоқтүптілігі, ол оның өніп-өсу шарттарымен тығыз байланысты. Топырақ кедей болған жағдайда өсімдіктерде жанама өркендер өспеді. Мочевинаны қосқаннан жанама өркендердің саны артты. Хлорлы тұздалған топырақта бір өсімдікке 3,5 дана жанама өркендер келеді, оның 2,5 данасы өнімді болады. Фосфорлы тыңайтқыштар күріш өсімдігінде жанама өркендерді өсірмеді. Бірақ, оның мочевинамен біршге қосқан кезде жанама өркендердің, әсіресе, өнімділердің саны артқандығы байқалды.
Тұзды топырақ жағдайында күріш өсімдігінің өнімділігі негізгі сіпсебастағы дәндердің салмағының азаюымен кеміп отырды (8-кесте). 0,05 CI - 0,91 бар топырақта өсірілген өсімдікте өнім аз болды. Мочевинаны қосқан кезде негізгі сіпсебастағы дәндердің салмақтарының артуымен қатар жанама өркендердің салмағы да артты. Хлорлы тұздылықтағы топырақта мочевинаның өзін қосу нұсқасында басты және жанама сіпсебастардың салмағы сәйкесінше 1,57 және 3,04 г/өсімдікті құрады. Фосфор басты сіпсебастағы дәннің салмағын арттыруға аз үлес қосты.
Мочевина мен қос суперфосфатты бірге қосқанда дәннің салмағы артты. Тұзды топырақта толық құнды дән алуда минералды тыңайтқыштардың маңызы зор. Олар 1000 дәннің салмағын арттырады. Минералды тыңайтқыштарды бірге қолдану нұсқасында салмағы көбірек болды – 30,3 г.
10 -кестеде келтірілген мәліметтерден, күріш дәндерінің өнімділігі топырақтың тұздылығы мен минералды тыңайтқыштарды қолдануға байланысты екендігін көруге болады. Бақылаушы нұсақад 10,7 г/ыдыс алынды. Хлорлы тұздылық жағдайында, ол 8,2 г/ыдысқа дейін төмендеді (23%). Топырақтың тұздылығы жоғары болғанда, күрішке себілген минералды тыңайтқыштардың тиімділігі жоғары екендігі анықталды. Мочевинаны тұздалған топыраққа қосқанда күріш өнімін бірден жоғарылатты – 41,5 г/ыдыс немесе бақылауға қатысты 28,8%. Фосфорлы тыңайтқыштардың тиімділігі азотты тыңайтқыштарға қарағанда төмендеу. Ол бақылаушы өсімдіктің өнімін 22% дейін жоғарлатты. Азотты және фосфорлы тыңайтқыштарды бірге қолданған кезде тиімділігі артты. Бұл кезде бақылаушы және тұзды топырақтағы күріш дәндерінің өнімділігі сәйкесінше 344 және 478% өсті.
Кесте -9 Топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізудің күріш өнімінің құрылымына әсері.

Нұсқалар

Басты сабақтың ұзындығы

Басты сағақтағы дәннің саны

Бос дәнділік

Жанама өркендердің саны, дана

Дәннің салмағы, г

өнімді

өнімсіз

Басты сағақ

Жанама сағақ

1-ші өсімдік

1000 дана

  1. 1.Бақылаушы (тұздалмаған топырақ)

2.0,05 % Cl- топырақ
3.0,05 % Cl- +N топырақ
4.0,05 % Cl- + Р топырақ
5. 0,05 % Cl - + NP топырақ

12,5

11,8

14,5

12,5

15,8


62

54


76

62


79

23

28


12

18


11

-

-


2,5

-


3,0

-

-


1,0

-


1,0

1,19

0,91

1,57

1,44

1,82


-

-


3,0

-


3,45

1,19

0,91

4,61

1,44

5,27


28,4

27,8

30,1

28,9

30,3


Кесте – 10 Топырақтың тұздылығына және минералды тыңайтқыштарды енгізуге байланысты дәнінің өнімділігі

Нұсқалар

өнім, г/ыдыс

Бақылаудағы қосымша және төмендеу

Фонға өнімнің қосылуы

г/ыдыс

%

г/ыдыс

%

  1. 1.Бақылаушы (тұздалмаған топырақ)

2.0,05 % Cl- топырақ
3.0,05 % Cl- +N топырақ
4.0,05 % Cl- + Р топырақ
5. 0,05 % Cl - + NP топырақ

10,7
8,2

41,5

13,0

47,4


-
-2,5

30,8

2,3

36,7


-
-23

288

22

343


-
-

33,3

4,8

39,2


-
-

406

59

478






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет