Дипломдық жұмыстың


II. ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ «ТЕРБЕЛІСТЕР» БӨЛІМІ БОЙЫНША ЕСЕП ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет7/22
Дата20.10.2023
өлшемі122,64 Kb.
#187063
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Дипломдық жұмыстың-emirsaba.org

II. ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ «ТЕРБЕЛІСТЕР» БӨЛІМІ БОЙЫНША ЕСЕП ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕГІ ФИЗИКА КУРСЫНДАҒЫ ТЕРБЕЛІСТЕР БӨЛІМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тербеліп тұрған дене басқа денелермен байланыста болып, денелер жүйесін құрады да, тербелмелі жүйе деген атқа ие болады. 1- суретте тербеліс жасап тұрған механикалық құрылғылардың мысалдары келтірілген. Жер, штатив, серіппе және жүк вертикаль серіппелі маятник құрады (1, а-сурет).
Суретте Жер көрсетілмеген. Жер, тіреу және жеңіл мықты жіпке ілінген шар тербелмелі жүйе құрады да, оны физикалық маятник не жай ғана маятник деп атайды (1, б-сурет). Екі штатив, екі серіппе және массасы m дене тербелмелі жүйе құрады, оны әдетте горизонталь серіппелі маятник деп атайды (1, в-сурет).
Барлық тербелмелі жүйеге тән ортақ қасиеттер болады. Солардың ең бастыларын қарастырайық:
а) әрбір тербелмелі жүйенің орнықтылық тепе-теңдік күйлері болады. Ілулі тұрған шардың массасының центрі ілу нүктесімен бір вертикаль бойында жататын болса, онда математикалық маятник орнықтылық тепе-теңдік күйде болады. Вертикаль серіппелі маятник осы күйде болу үшін ауырлық күші серіппенің серпінділік күшімен теңгеріліп тұрады. Ал горизонталь серіппелі маятник осы күйде болу үшін екі серіппе бірдей деформацияланған болу керек.

б) тербелмелі жүйе орнықтылық тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан кейін оны орнықтылық күйге қайтаратын күш пайда болады. Мұндай күштің шығу тегі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, физикалық маятник бұл ауырлық күші мен жіптің реакция күшіне тең әсерлі күші болса, 2-сурет, ал серіппелі маятниктерде серпінділік күші болып есептеледі.


в) орнықтылық күйге қайтып келген тербелмелі жүйе бірден тоқтамайды. Оған тербелген дененің инерттілігі кедергі болады.

Егер қандай да бір әдіспен тербелмелі жүйенің орнықтылық тепе-теңдік күйін бұзсақ, онда сыртқы күштер болмаған жағдайда тербеліс пайда болады да, біраз уақыт сақталып қалатынын жоғарыда келтірілген қасиеттер көрсетіп береді.


1-сурет 2-сурет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет