1.2.2 Көмірқышқыл СО2 газ айдау Ең алғаш АҚШ - та 1932 жылы қолданылды. Сұйық және газ күйінде
болуы мүмкін. Критикалық қысымы 7,28 МПа және критикалық
температурасы 31ºС . СО2 айдаған кезде қабат қысымы 6 МПа кем болмау
керек . Келесі қасиеттерімен сипатталады: ол суда ериді және оның
тұтқырлығын 30% ға өсіреді. Судың минерализациясы өсуі оның құрамында
СО2 еруін төмендетеді. Сумен байланысқан кезде көміртегі қышқылы пайда
болады H2СО3, ол кей цемент түрлері мен карбонатты тау жыныстарын еріте
алады, нәтижесінде қабаттың өткізгіштігі артады. Ол мұнайда еріп, оның
тұтқырлығын төмендетеді. Оның мұнайда еруі мұнайдың көлемдік
коэффициентінің 1,5 – 1,7 есе өсуіне алып келеді.
Қысымның өсіп, температураның төмендеуі кезінде мұнай мен суда СО2
еруі жоғарылайды. Мұнайдың массасы төмендегенде СО2 еруі өседі . Судың
тұздылығы артқанда СО2 еруі төмендейді . Тұрақты температура кезінде
газдың мұнайда толыққанды еритін минималды қысым минималды араласу
қысымы (minimal miscible pressure - MMP) деп аталады. MMP қабаттың
термобаралық қасиеті мен мұнайдың құрамына байланысты. Мұнай жеңіл
және құрамында ароматты көмірсутектер көп болған сайын MMP барынша аз
болады. Қабаттың анықталған геологиялық және физикалық қасиеттерінде
ығыстырудың қай түрі орын алатынын анықтау үшін қабат мұнайында
ығыстырушы агенттің қаншалықты еритінін анықтау керек. MMP
температураның, мұнайдың тұтқырлығы мен тығыздығы және молекулалық
массасы өскен сайын жоғарылайды. MMP С6- С30 үлесінің және метан мен
азоттың азаюы, SO2 өсуі нәтижесінде төмендейді.