Полимер ертіндісін айдаудың артықшылықтары: Жалпы процесс микроскопиялық ығыстыру коэффициентіне ықпалын
тигізбейтіндіктен, су айдау кезінде орын алатын қоршап алудың тиімділігі
жоғарылауынан мұнай өңдіру артады. Нәтижесінде қабаттағы бастапқы мұнай
қорынан 1%-дан 5%-ға дейін мұнай өндіруге болады.
Полимер ертіндісін айдауға қойылатын талаптар және проблемалары: Полимерлі ерітінділерді айдау үшін қарапайым су айдауға қарағанда
жоғары қысымды талап етеді, бұл игерудің қажетті немесе ұқсас қарқындарын
қамтамасыз етеді. Сондықтанда полимерлі су айдау өткізгіштігі нашар
қабаттарда техникалық тұрғыда орындалмауы мүмкін. Алайда, полимерлі су
айдау үшін ұңғыманың тек нұсқаішілік тығыз сеткаларын қолдануға болады.
Полимердiң
қолданысқа
ие
негізгі
екі
түрі
–
синтетикалық
полиакриламидаларды және биологиялық өнімді полисахаридтар көбірек
пайдаланылады.