Дипломдық жоба рұқсатсыз қатынас құрудан ақпаратты қорғауға


Бағдарламаның сипаттамасы және орнату мен баптау үдерісі



Pdf көрінісі
бет23/41
Дата09.04.2022
өлшемі3,55 Mb.
#138631
түріДиплом
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
Дипломды жоба р сатсыз атынас рудан а паратты ор ау а
биология тест сурактары, 2 тур Информатика, 125 приказ 2022
3.1 Бағдарламаның сипаттамасы және орнату мен баптау үдерісі 
Kerio Control бұл басқаруда қарапайым және қауіпсіздікті қамтамасыз 
етудің әмбебап шешімін ұсынады, яғни желіні вирустар, зиянкес бағдарламалар 
және әрекеттерге қарсы қорғау құралы болып табылады. 
 
22 – сурет Kerio Control бағдарламасын орнату 
Kerio Control бағдарламасы құрамындағы негізгі модульдер: 

желіаралық экран және бағытбағдарлауыш; 

VPN сервер; 

бақылау мен есептемелер құру

өту жолын басқару; 

әкімшілік ету; 

қолданушылар аутентификациясы; 

шабуылдарды анықтау, талдау және алдын алу жүйесі. 


51 
51 
o
23 – сурет Лицензиялық келісім 
Бағдарламаны орнату үшін лицензиялық келісім қажет. Лицензиялық 
келісім болмаған жағдайда брандмауэр жұмыстың белгілі бір кезеңдерінде өз 
қызметін тоқтатып, бағдарламаны жаңартуды ұсынады. Сондықтан Мен 
лицензиялық келісім шартын қабылдаймын... бөлімін басу маңызды болып 
табылады. 


52 
52 
24 - сурет Бағдарламаны орнату орны
Бағдарламаны орнату орнын таңдау осы интерфейсте қамтылған. Біздің 
жағдайымызда C:\Program Files (x86)\Kerio\ болмақ. Егер бағдарламаны орнату 
орнын басқаша беру керек болса, онда Өзгерту батырмасын басып, қажетті 
папканы таңдауға тура келеді. 


53 
53 
25 - сурет Бағдарламаның орнату нұсқалары 
Орнатуды таңдау түрі таңдалады. Біздің интерфейсте орнатудың екі түрі 
берілген: Толық және Таңдамалы. Толық орнату нұсқасында бағдарламаның 
барлық компоненттері орнатылады. Мұндағы бір айта кетерлік нәрсе,дискіде 
көп орын талап етіледі. 
Таңдамалы нұсқада қажетті программа компоненттері мен папкалар 
таңдалады. Бұл тәжірибелі қолданушыларға арналған. 


54 
54 
26 – сурет Бағдарламаның орнату үдерісі 
Біздің 
жағдайымызда 
программаның 
таңдалған 
компоненттері 
орнатылады. Белгілі бір жағдайларға байланысты қандай да бір компонентті 
орнату қажетсіз болса, онда осы интерфейсте орнату процесін үзуге болады.
Kerio Control қауіптерден қорғауды басқару саласындағы кешенді құралы 
болып табылады. Оның ішінде сигнатура негізінде пакеттерді талдау сәулеті 
бар, яғни шабуылдарды анықтау және алдын алу жүйесі (IPS) қамтылған. Жүйе 
желідегі күдікті әрекеттерді анықтау мақсатында кіріс және шығыс трафиктерді 
бақылайды. Күдікті әрекеттердің қауіптілік деңгейіне байланысты Kerio Control 
деректер алмасуды бұғаттауға мүмкіндігі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет