Дискуссивті эссе


Тақырып: Денсаулық – зор байлық. Тапсырма



бет2/2
Дата04.03.2023
өлшемі19,29 Kb.
#171051
1   2
Байланысты:
дисур эссе (1)

Тақырып: Денсаулық – зор байлық.
Тапсырма: Соңғы кездері елімізде жылдам пісірілетін тағам (фаст фуд) әзірлеп сататын орындар көбейіп кетті және олар ұсынатын тағамдардың денсаулыққа кері әсері бар, сондықтан олардың қызмет көрсетуіне, тағамдарын тұтынуға тиым салу қажет деген пікірлер кездеседі. Бірақ кейбір адамдар олар салық төлеуде және халықтың олар ұсынған тағамға сұранысы бар, сондықтан тиым салуға болмайды деген ұсыныс айтады. Мәселе бойынша өз ойыңызды дискуссивті эссе түрінде жазыңыз.
Жауабы:
Әлемнің көптеген елдерінен жылдам пісірілетін тағам (фаст фуд) әзірлеп сататын орындарды жиі кездестіруге болады, нарық талаптарына сай мұндай тағам түрлерін ұсынатын жерлерді еліміздегі қалалардан да көптеп кездестіре аламыз. Бұл іспен айналысып, халыққа қызмет көрсетіп отырған кәсіпкерлер көп. Бірақ жылдам әзірленетін тағамдарға түрлі қоспалар қосылатындықтан адам денсаулығына зиянын тигізеді және ондай орындарды жабылуы керек деген пікірлер жоқ емес. Эсседе осы мәселе екі жақты тұрғыда қарастырылатын болады.
Нарық талабына және халық сұранысына орай жылдам тағам әзірлеп сататын орындар елімізде көптеп ашылуда және мұндай тағам түрлерін әзірлейтін мейрамханалар болғаны дұрыс. Олардың қатарында «Макдоналдс», «KFC» сияқты әлемге танымал асханалар бар, яғни еліміздің азаматтары әйгілі мейрахана желілерінен өзге елге бармай-ақ өз елімізде тамақтана алады. Мұндай орындар халық сұранысына сай қызмет көрсетіп, шағын және орта бизнес саласының дамуына үлес қосып, салық төлеуде көптеген адамдарға жұмыс орындарын ұсынуда. Осылайша еліміздің экономикасының дамуына үлкен үлес қосуда.
Алайда жылдам әзірленетін тағамдар адам ағзасына зиян, сондықтан ондай тағам түрін сататын орындарды жабу керек деген ұсыныстар баршылық. Мұндай пікірді қолдаушылар жылдам тағамдарды әзірлеу барысында тағамның дәмін келтіру мен жылдам әзірленуі үшін түрлі табиғи емес қоспаларды қолданатындығын алға тартады. Сондай-ақ тағам жылдам пісірлуі үшін майлар қатты қыздырылып, олар біршама уақыт бойы үздіксіз қолданылып отырады. Ал жоғары температурада қазған табиғи майдың өзі транс майлар қалыптастырады. Мұндай май адам ағзасы үшін өте зиян және олар мұздатылған тағамдар, балмұздақ, поп корн, чипс, фри, бисквит, шоколад, кекс, дайын шұжықтар секілді тағамдарда болады. Аталған тағамдар жылдам тағам әзірлеп ұсынатын мейрамханалардың ас мәзірінің негізін құрайтыны белгілі және оны тұтыну денсаулыққа өте қауіпті.
Қорыта келгенде, кез келген кәсіпкерлікпен айналысушылар сияқты жылдам тағам әзірлеп сатушылар да ел азаматтарын жұмыспен қамтып, салық төлеп, халық сұранысына қарай қызмет көрсетуде. Ал әрбір азамат жылдам пісірлетін тағамдардың қандай жолмен дайындалатын және оның құрамының қандай болатындығын білуі шарт. Сол себепті «Ас – адамның арқауы» және «Ауру – астан» деген қағидаларды ұстана отырып, адамдар өздері таңдау жасай алуы тиіс деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет