Дисперстік бөлшектердің өлшемдері, нм


Дисперсті жүйелердің агрегаттық күйі бойынша жіктелуі



бет6/7
Дата06.02.2022
өлшемі33,23 Kb.
#81166
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 ДӘРІС (1)

Дисперсті жүйелердің агрегаттық күйі бойынша жіктелуі





Дисперстік фаза

Дисперсиялық орта

Дисперсті жүйе

Жүйенің түрі

Мысалдар

1

Қатты

Сұйық

Қ/С

Зольдер, суспензиялар

Табиғи сулардағы дисперсиялар, металдардың зольдері, бактериялар

2

Сұйық

Сұйық

С/С

Эмульсиялар

Сүт, мұнай,

3

Газ тәрізді

Сұйық

Г/С

Газды эмульсиялар, көбіктер

Сабын көбігі

4

Қатты

Қатты

Қ/Қ

Қатты коллоидтық ерітінділер

Минералдар, шойын, болат, кейбір асыл тастар

5

Сұйық

Қатты

С/Қ

Кеуекті денелер, капиллярлық жүйелер, гельдер

Адсорбенттер, топырақтар, минералдар (опал, інжу, маржан)

6

Газ тәрізді

Қатты

Г/Қ

Кеуекті және капиллярлық жүйелер, ксерогельдер

Пемза, силикагель, активтелген көмірлер

7

Қатты

Газ тәрізді

Қ/Г

Аэрозольдер
(шаң-тозаң, түтін)

Түтін, көмірдің тозаңы, ұнтақтар

8

Сұйық

Газ тәрізді

С/Г

Аэрозольдер (тұмандар)

Тұмандар, бұлттар

9

Газ тәрізді

Газ тәрізді

Г/Г

Тығыздықтық флуктуациялар

Жердің атмосферасы



Құрылымы (дисперстік фазаның кинетикалық қасиеттері) бойынша жіктелу. Дисперсті жүйелерді екі топқа бөлуге болады – бос дисперсті жүйелер, олардағы дисперстік фазаның бөлшектері бір бірімен байланыспай, еркін қозғалады және байланысқан дисперсті жүйелер, олардағы дисперстік фаза бөлшектері еркін қозғалмайды. Бірінші топқа суспензиялар, эмульсиялар, зольдер, ал екінші топқа диафрагма деп аталатын капиллярлық денелер, мембраналар, гельдер, көбіктер, қатты ерітінділер жатады.
Капиллярлық-кеуекті денелерді М.М.Дубинин бойынша микрокеуекті – кеуектер өлшемдері 2 нм-ге дейін, ауыспалы кеуекті – кеуектер өлшемдері 2 ÷ 200 нм және макрокеуекті – кеуектер өлшемдері 200 нм-ден үлкен денелерге бөледі.
Фазааралық әрекеттесу бойынша жіктелу. Фазалардың бөліну шекарасында молекулааралық күштер-дің әсерінен дисперстік фаза мен дисперсиялық орта үнемі әрекеттеседі, бірақ мұндай әрекеттесудің дәрежесі әртүрлі болады. Осыған байланысты дисперсті жүйелерді лиофильді және лиофобты деп екі топқа бөледі. Лиофильді жүйелерге дисперстік фазаның бөлшектерінің дисперсиялық ортамен күшті молекулааралық әрекеттесуі тән. Мұндай әрекеттесу дисперсиялық ортаның молекулаларынан тұратын сольваттық (гидраттық) қабаттардың түзілуіне әкеледі және шын ерітінділерге сәйкес сольватация (гидратация) деп аталады. Лиофильді жүйелер термодинамика-лық тұрақты болып, өздігінен дисперсияланады. Лиофобты жүйелерде, керісінше, молекулааралық күштер әлсіз болып, мұндай жүйелер термодинамикалық тұрақсыз және өздігінен дисперсияланбайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет