Диссертация Ғылыми кеңесші п.ғ. д., профессор Кеңесбаев С. М



бет19/38
Дата08.02.2022
өлшемі3,4 Mb.
#118219
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Байланысты:
Disser Oralbekova

Іс-әрекеттік тұғыр болашақ маманның кәсіби-педагогикалық әрекетін қалыптастырудағы теориялық және тәжірибелік дайындықтың бірлігін көрсетеді. Білім беру жүйесінің тәжірибеге бағдарланған мазмұны дайындау пәндері бойынша теориялық білімдердің әрекеттің педагогикалық түрінің дағдыларымен өзара байланысын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Іс- әрекеттік тұғырды педагог кадрларды дайындауда жүзеге асырумен байланысты студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесінің мәселелері кең қарастырып, бірінші курстан бастап әртүрлі іс-тәжірибе түрлерін өту мәселесі сөз етіліп келеді (Г.В.Бабина, Н.А.Чевелева, Л.А.Черкасова, С.Н.Шаховская, А.Г.Шембель т.б.)[187].
Н.Ф.Талызина білім беру жүйесі іс-әрекеттік тұғыр теориясына ғана негізделетінін дұрыс айтып, «... білім беру үдерісін оқушылардың таным әрекетін қалыптастыру ретінде» түсінеді [29, б.53]. Мұндай бір жақты тұғыр білім беру жүйесінің білімдік бағдарлы парадигмасын нақтылауға әкеп соғады. Қазіргі заманғы отандық білім беру жүйесінде дайындау техникасы кәсіби іс- әрекетке дайындықтың ең жоғары деңгейіне, «нәтижеге қол жеткізуге» байланысты болғанда, теориялық білімнің маңызды рөлін, ғылымдардың басты негіздерін нақтылау кәсіби даярлықтың тәжірибелік-бағдарлық үдерісімен орын алмастырды. Дәл осындай талаптар негізінде оқытудың ақпараттық- коммуникациялық технологияларын қолдануға даярлау үдерісі қалыпты және қалыпты емес жағдайда туындаған кәсіби мәселелерді шешуге оқытуға негізделуі тиіс.
Іс-әрекеттік және тәжірибелік-бағдарлық тұғырларды оқытуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану мен дайындықты тікелей жүзеге асыруды мақсат еткен пәндерді оқыту барысында жүзеге асыру тәжірибеге барынша жақын педагогикалық ситуацияларды арнайы құрастыру дегенді білдіреді. Дәл осындай тұғыр ғана студенттердің кәсіби мәселелерді оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларының құралымен шешуге дайындаудың операциялық-әрекеттік ортасын құрастыру мүмкін болады.
Мәнмәтіндік тұғыр- іс-әрекеттік тұғыр теориясының одан әрі дамуы болып табылады. Ол оқу әрекетінен кәсіби әрекетке өту дегенді білдіреді. Мәтінмәтіндік -контекстік тұғырға негізделген педагогикалық технологияда «... оқытушының оқыту немесе білім беру әрекетінен студенттің таным әрекетіне ауысуы жүзеге асады, ал білім беру үдерісі ..., мақсатты біріктіру – теориялық және практикалық ойлау, болашақ кәсіби маманның тұлғасын дамыту бағытында ұйымдастырылған тұлғаралық өзара қарым-қатынас пен диалогтық қарым-қатынас ретінде қарастырылады» [187].
Мәнмәтіндік оқытудың мынадай өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер зерттеу жұмысымыз үшін маңызды болып табылады:
–студент белсенді іс-әрекеттік ұстанымды басшылыққа алады;
–болашақ бастауыш сынып мұғалімі тұлғалық белсенділігінің әлеуеті енеді;
–студент оқу ақпараттарын өзінің іс-әрекеттерін реттеп отыру құралы ретінде қолдану тәжірибесін жинақтайды;
–білімді игеру болашақ кәсіби іс-әрекет контексінде, яғни педагогикалық үдерісте жүзеге асып, кәсіби дайындаудың мотивациялық компонентін қалыптастырып, білім беру үдерісінің тұлғалық мәнге ие болуына септігін тигізеді;
–кәсіби дайындау үдерісінің ортасында – студенттің тұлғасы тұрады, және оның шығармашылық жеке тұлғасының қалыптасуына аса мән беріледі.
Бұл зерттеу жұмысымызда инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға даярлау үдерісі студенттердің іс-әрекетінің екі басты формасына сүйенетіні сөз етіледі. Олар:
Біріншіден, кәсіби іс-әрекетке дейінгі (кәсібиге дейінгі) форма – аудиториялық сабақтарда әртүрлі педагогикалық жағдаяттарды құрастыру және оның шешілу жолдарын талдау.
Екіншіден, оқу-кәсіби форма, атап айтқанда, болашақ маманның кәсіби іс- әрекетінің ортасы болып табылатын педагогикалық тәжірибе.
Арнайы курстың аясы мен пәнаралық байланысты күшейту модулды тұғыр мен оның басты ерекшелігі – оңтайлығын пайдаланудың маңызына негізделеді.
Т.И.Шамова модулды тәсілді – оқыту үдерісін білім алушы модулден тұратын оқу бағдарламасымен жұмыс жасайтындай етіп ұйымдастыру деп түсіндіреді [188, 189]. Г.В.Селевконың ойынша, модуль –әдістемелік материалдарымен бірге оқу курсы мазмұнының қатысымды автономды бөлігі [190].
Әрбір модуль біртұтас мазмұннан алынбаған, керісінше, оқу ақпаратының біртұтас бірлігі болып табылатын ақпараттың бір бөлігі болып табылады. Модулды технологияның дәстүрлі технологиядан маңызды айырмашылығы – жеке бағдарламаларды құрастыру және болашақ мамандардың өздігімен әрекет етуін белсендендіру мүмкіндігі.
Зерттеу жұмысымызда дайындықтың мазмұнын модулды ұйымдастыру студенттерге білім беруде пәнаралық тәсілдің маңыздылығын түсінуге негізделген. Модулдерді қасиетті мазмұны бойынша интегративтермен толтыру студенттердің жүйелі білімді жалпыға бірдей білім беру және пәндік дайындық пәндеріне қарай пайдалануды талап етеді. Айталық, үшінші курс студенттеріне бағытталған модулдердің бөлігінің мазмұны бастауыш сынып мұғалімдердің қызметінде кәсіби іс-әрекетінің ерекшелігін бейнелеуі керек. Оған негіз –
«Бастауыш білім берудеАКТ-ны қолдану», «АКТ-ны оқыту әдістемесі»,
«Инклюзивті білім беру» сияқты пәндері бойынша білімжүйесі болуы. Осының негізінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары туралы
жүйелі білімдер пәнаралық байланыс пен пәннің мазмұнының интеграциясы деп айтуға болады.
Модулды тұғыр тұлғалық бағдарланған тұғырды жүзеге асырады, себебі компьютерлік сауаттылықтың қалыптасқан деңгейін ескере отырып, саралау, когнитивті дайындыққа мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оқытудың ақпараттық- коммуникациялық технологияларын пайдалануға мотивация болып табылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың ақпараттық- коммуникациялық технологияларын қолдануға даярлауды жүйелілік тұғыры тұрғысынан қарастыруды да жөн деп санаймыз (А.Т.Куракин, Л.И.Новикова, В.Н.Садовский).
Бір жағынан, жүйелілік тұғырдың кәсіби дайындықта көрініс беруі іс- әрекеттің педагогикалық түрінде студенттерді білім, дағды мен оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану тәжірибесінің қалыптасуынан көрінеді.
Екінші жағынан, студенттер жинақтаған тәжірибелерін педагогикалық іс- тәжірибе барысында жүзеге асырады.
Л.П.Назарова кәсіби дайындықтың бұл жақтарын білім беруші (жоғары оқу орнында жүзеге асырылатын дайындық мазмұны) және оқыту (студенттердің арнайы білім беру мекемелеріндегі тәжірибелік әрекеті) дидактикалық жүйесі деп түсіндіреді. Білім беруші және оқыту жүйелердің екіжақты байланысы: студенттерді оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға теориялық-әдістемелік дайындаудың сапасы тәрбиеленушінің ерекше білім алуға деген қажеттіліктерін дамыту мен әртүрлі ауытқудың алдын алу, түзетудегі біршама алға қадам басылғанын көрсетеді.
Ерекше білім алу қажеттілігі, ауытқу құрылымының ерекшелігі, тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық-типтік ерекшеліктері бастауыш сынып мұғалімдерді ерекше білім алуға деген қажеттілігі бар, сондай-ақ дамуында ауытқу жоқ қалыпты балаларға да оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолданудың әдістемесін тереңдеп игеруге түрткі болады.
Тәрбиеленушімен кері байланысты орнату оқытудың ақпараттық- коммуникациялық технологияларын қолданудың ең тиімді шарты болып табылады. Мұндай байланыстың болуы оқыту үдерісін заманға сай түзетуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол, әрине, компьютерлік технологиялар көмегімен жүзеге асырылып келеді.
Тәрбиеленушімен кері байланыстың, олардың білім алуға деген қажеттіліктерінің мазмұнына қарай бейімделудің маңызы шетелде де бастауыш сынып мұғалімдерді дайындау барысында да кең қарастырылып келеді (P.Laccy және т.б.).Жүйелілік тұғырда инклюзивті білім беру үдерісінің екі дидактикалық жүйесін қолдану тұлғалық-бағдарлық тұғырдағы субъект- субъективті қатынастарды қалыптастыруды талап етеді. Теориялық- тәжірибелік дайындық пен болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің тұлғалық қалыптасуын біріктіретін дайындық оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын арнайы білім беруде пайдаланудың маңызына сәйкес келеді. Болашақ педагог маманның тұлғалық дамуы оның өз кәсібіне деген
құндылықты қатынасы мен инклюзивті білім беру үдерісінің қатысушыларының гуманистік көзқарастарын көрсетеді. Сонымен қатар, оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларының көмегімен көрініс беретін білім мазмұнын дұрыс таңдауға септігін тигізеді.
Жүйелілік тұғыр студенттердің білімін мықты, жүйелі етіп қоймай, арнайы курстың модулдері арасындағы байланысты нақтылап, дайындықтың мазмұнын мақсатты компонентпен біріктіреді.
Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға дайындаудың біртұтастығы мен білімнің жүйелілігі пәнаралық тұғырдың енгізілуін қамтамасыз етеді (Б.С.Гершунский, В.Д.Шадриков т.б.). Пәнаралық байланыстың дидактикалық ұстанымы туыс пәндерге ортақ таным теориясы, заңдары, ұғымдары мен тәсілдерін, әдістемелік ұстанымдарын өзара келісімді меңгеру дегенді білдіреді. Сондай-ақ, бұл ұстаным туыстас пәндерге ортақ әрекет түрлері мен қатынастар жүйесін қалыптастырады. Ұстаным әртүрлі пәндердің білімдері мен дағдыларының синтезін қолдануға бағытталған оқушылар үшін тапсырмалар, мәселелер, талаптар мен міндеттерді қалыптастыруды мақсат етеді.
М.В.Носков пен В.А.Шершневаның қарастыруындағы пәнаралық тұғыр білімдік-бағдарлық көзқарасқа негізделген. Авторлар оның жоғары кәсіби білім берудің заманауи үрдістеріне сәйкес келмейді деп әділ бағалайды. Мәселені шешу үшін бұл авторлар «... пәнаралық байланыс ұстанымын пәнаралық интеграцияның динамикалық ұстанымына дейін кеңейтіп, белгілі бір нақты пәннің басқа пәндермен байланысын мақсатты түрде күшейту туралы ережені ендіріп, жаңа байланыстарды орнату» керектігін айтады [191, б. 24]. Пәнаралық интеграция ұстанымы оқытудың компьютерлік технологиясын қолдануға дайындау мақсатында пәндер арасындағы байланысты нығайтуға құрылған. Соңғы ұстанымның мамандар дайындаудағы артықшылығы айқын көрінеді: болашақ болашақ бастауыш сынып мұғалімдері инклюзивті білім беру үдерісінде туындаған ситуацияларда білім, дағды және шеберлікті қолдану тәжірибесін қалыптастырады. Іс-әрекеттің шынайы жағдаяттарында интегративті сипаттағы кәсіби міндет-мақсаттар жиі кездеседі. Дайындық кезеңінде білім, дағдыны пәнаралық қолдану ситуациясының шешімін табу болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің дайындықтың барынша жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Пәнаралық тұғырдың, әсіресе, пәнаралық байланысты мақсатты түрде күшейтудің маңызы мынада – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға даярлаудың анықталған кезеңдері мен мазмұнын белгілеу.
Сөйтіп, оқыту жүйесінде қолданылуға болатын біз көрсеткен тұғырлар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді оқытудың компьютерлік технологиясын қолдануға даярлаудың педагогикалық үдерісінде бірін-бірі толықтырып отырады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлау компоненттердің сомасына келіп тірелмейді, керісінше, болашақ маманның тұлғалық құрылымындағы интегративті білімнің қалыптасуы болып табылады.
Осы интегративті білімді жүзеге асыруға даярлықты қалыптастыру үлгісі – біртұтас білім. Оның құрамына мынадай блоктар біріктірілген (Сурет 7 – Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану даярлығының моделі):

  1. Сараптамалық блок –болашақ мамандарды даярлаудың жай-күйі мен олардың даярлығының қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтау.

  2. Мазмұндық – мақсатқа қол жеткізудің педагогикалық технологиясы.

  3. Диагностикалық – мақсатқа қол жеткізуді бағалау.

Одан ары қарай блоктардың мазмұнын айқынырақ ашуға тырысамыз:
1. Сараптамалық блок– жүйені қалыптастырушы болып табылады. Себебі үлгінің басқа блоктарын біріктіріп тұрады. Бұл блокта дайындық үдерісінің мақсаты айқындалады. Мақсатты құрастыру барысында біз инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығының сапасына қойылған талаптар мен әлеуметтік тапсырыстарды, даярлықтың теориялық-әдістемелік негіздемесін басшылыққа алдық. Мақсат – кәсіби іс-әрекет немесе қызмет барысында оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға даярлау. Аталған мақсатты жүзеге асырудың әлеуметтік тапсырысы
– педагог мамандарды даярлаудың жоғары деңгейіне және кәсіби іс-әрекетке, туындаған кәсіби мәселелерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларының көмегімен тиімді шешу қабілетіне қойылатын талаптар (7- сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет