Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, көлемі 91 бет



бет1/5
Дата11.01.2017
өлшемі1,57 Mb.
#7011
түріДиссертация
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл

нормасында қолданылуы

Ғылыми жетекші:



Қазақстан Республикасы

Шымкент – 2006ж.


Зерттеу жұмысының нысанасы - оқушылардың тілі және лексикалық құралдарды пайдалану тәжірибесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- оқушылардың сөздік қорының лингвистикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттер арқылы анықталды;

- сөздік қордың өсуіне негіз болатын лексикалық нормаларды және оған қойылатын талаптарды белгіленді.




Зерттеудің ғылыми теориялық және практикалық мәні. Жұмыс нәтижелері лингвистикалық теория мен әдеби тіл нормаларын зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердегі оқулық, оқу құралдарын жазуға пайдалануға болады.

Диссертацияның құрылымы мен мазмұны. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, көлемі - 91 бет.

Мазмұны


Кіріспе......................................................................................................................3

1-тарау. Лексика және оның қатысымда қолданылуының ғылыми-теориялық негіздері.

1.1. Тіл және сөйлеу, сөз қолдану мәдениеті........................................................5

1.2. Лексикалық норма және оның қолданылу аясы..........................................25


2-тарау. Сөз қолдану мәдениеті.

2.1. Сөздің қолданылу ерекшеліктері.................................................................33

2.2. Тілдің лексика-фразеологиялық тіркестердің сөйлеудегі (жазудағы қолданысы)............................................................................................................41

2.3. Сөйлеуде көркемдегіш және бейнелегіш құралдарды пайдалану............46

2.4. Сөздердің сөз тіркесі мен сөйлемдерде қолданылу ерекшеліктері, грамматикалық норма..........................................................................................49

2.5. Жазба жұмыстарда болатын қателер және олардың жіктелуі..................77


Қорытынды...........................................................................................................86
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі..................................................................90

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазір тілді оқыту саласында әдіскерлердің айрықша назар аударатын мәселесі – тілді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесі. Бұл міндет әсіресе, мектеп жасындағы балаларға қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан оқытудың мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл ретте оқушылардың тек сөйлемді дұрыс құрастыру жайы ғана емес, алған білімдерін, меңгерген сөздік қорларын қарым-қатынас негізінде әртүрлі жағдайларда пайдалана білу мүмкіндігі ескерілуі тиіс. Қазіргі кезде мектеп оқушылары да, қарым-қатынаста өз ойын түсінікті айтып жеткізумен бірге сауатты, дұрыс жаза білуге ерекше мән беріле бастады.

«Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандартында» «сөйлеуге сай сөз қолдану іскерліктерін игерту» деген міндеттер қояды [1,8]. Ал оның дайындық деңгейіне лексика бойынша мынадай талаптар қойылады. «Лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, орынды қолдана білу; сөздердің тура және ауыспалы мағынасының айырмашылығын білу; омонимдер, синонимдер, көп мағыналы сөздердің ерекшелігін білу» [1,14].

Орта мектепте меңгерілуге тиісті лексиканың көлемі лексикалық білім берумен анықталады. 5-10-сыныптарда бағдарлама мынадай талаптар қойған [2,6]: «Белгілі бір мәтін мазмұнын айтқызу немесе оған пікір айттыру. Баяндау, сипаттау, пікір айту жолдарымен және түрлі стильде ауызша, жазбаша ойын жеткізе білуге дағдыландыру». Мектеп бағдарламасы бұл талаптарға байланысты лексиканы оқыту барысындағы икемділік пен дағдылары анықтайды. Мектеп оқушыларының лексикадан мынадай икемділік пен дағдысын қалыптастыруды талап етеді: «Тіл дамыту жұмысын жүргізгенде оқушылар сөздік қорын молайту, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрай білуге үйрету» деумен бірге, сөйлем құрағанда айтылмақшы ойына байланысты синоним сөздерді таңдау, сөздік жұмыстарды жүргізуді ескертеді .

Лексикалық білім беру мен оның қатысымдық мақсатта қолданылуын дамытудың екінші бір мәселесі – сөзді орынды қолдана білуге баулу, тіл мәдениетін арттыру. Ол оқытуда сөздерді дұрыс тіркестіре білу дағдысымен анықталады. Сөздерді дұрыс тіркестіре білу сөз мағынасымен байланысты және ол тек мағына ғана емес, тілдің грамматикалық заңдылығына да негізделеді. Демек, баланың тілін дамытудағы лексикалық тақырыптарды таңдау қатысымдық әрекет мақсатымен байланысты болып, лексикалық норманы игеруге негізделеді.

сөздің қолданылуы туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру мына жүйеде жүргізу тиімді болып есептеледі.

Оқушылардың бұл секілді тілдік қателерін болдырмау үшін, қазақ тілі пәніндегі тіл мәдениетін оқытуға арналған материалдармен бірге лексикалық білімдерін еске түсіріп жаттығулар жүргізіледі. Атап айтқанда, сөздің мағынасы бойынша жұмыс; сөздердің көркемдегіш құралдары бойынша жұмыс; сөздердің нормалануы туралы түсінігін жетілдіру екендігі ескеріле отырып, диссертациялық жұмыстың тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысанасы - оқушылардың тілі және лексикалық құралдарды пайдалану тәжірибесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:


  1. Оқушылардың сөздік қорының лингвистикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттер арқылы анықтау;

  2. Сөздік қордың өсуіне негіз болатын лексикалық нормаларды және оған қойылатын талаптарды белгілеу.


Зерттеудің әдіснамалық негізі – ғалымдардың әдеби тіл нормалары мен сөз мәдениетіне қатысты тұжырымдары, тіл туралы заң, ереже, қағидалар болып табылады.
Зерттеудің әдістері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.
Зерттеудің ғылыми теориялық және практикалық мәні. Жұмыс нәтижелері лингвистикалық теория мен әдеби тіл нормаларын зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердегі оқулық, оқу құралдарын жазуға пайдалануға боады.

Диссертацияның құрылымы мен мазмұны. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, көлемі - 92 бет.

1- тарау

Лексика және оның қатысымда қолданылуының ғылыми- теориялық

негіздері
1.1.Тіл және сөйлеу, сөз қолдану мәдениеті
Тіл туралы ғылымның өзіндік нысандарына сай орныққан жүйе, ережелері бар. Соның бірі ана тіліміздің әр алуан жақтарын қамтитын «Тіл мәдениеті» атты білім саласы. Орфоэпия дыбыс сазы мен әдеби тілдің дауыс ырғағын тексереді, орфография емле ережелерін, пунктуация тыныс белгілерін, стилистика сөз тіркесі заңдарын, жатық сөйлеу, сөз толғау тәсілдерін зерттейді. Ал тіл мәдениетінің нысаны не деген мәселе жалпы тіл ғылымында анық белгіленбей келеді.

Н.А.Купина сөйлеуге үйрету үдерісінде ең маңызды орын алатын материал – лексика деп есептейді [3,118]. Белгілі бір тілді меңгеру үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойын жеткізе алмайды, екіншіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Демек, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдік қатынас та жүзеге аспайды.

Сөз мағынасын, мәнін игеру арқылы баланың ұғымы да кеңейеді. Сол мағына ұғымдарды бір-бірімен байланыстырып, қарым-қатынасқа түсіру арқылы ойы дамиды. Соның нәтижесінде, өз ойына байланысты сөздерді лайықты қолдана білу дағдысының қалыптасуы арқылы сөздерді мағынасына орай қолдана білу икемділігі де артады.

Оқушылардың сөйлеуде біршама лексикалық қоры болғанымен, олардың бәрінің бірдей қолданылуын игере бермейді. Сөздің қатысымдық әрекет түрлеріне байланысты қолданылуын игермеу сөйлеудің түрлеріне байланысты лексиканы қолдану икемділігі мен дағдысының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Мәселен, синоним, неологизм, көнерген сөздер мен диалект, термин сөздердің қолданылу ерекшеліктерін әдеби тіл стильдерінсіз игере алмайды. Ауызекі сөйлеу мен кітаби стильдердегі лексиканың қолданылу ерекшеліктерін меңгермей, олар бойынша мәтін құрастыра білу икемділігін дамыту мүмкін емес. Баланың тілін дамыту үшін лексикалық құралдардың құрылымдық-теориялық мәліметімен бірге, қарым-қатынаста қолданылу ерекшелігі туралы білімі мен дағдысын қалыптастырып, икемділігін арттыру қажет. Мәселен, синонимді оқытқанда, оның мәндес сөздер екендігі үйретілумен бірге кітаби, әдеби тіл стильдері түрлеріне байланысты да сөйлеудегі қатысымдық ерекшеліктері меңгеріледі. Ол функционалды стиль түрлеріндегі мәтіннің тілдік құралдарының ерекшеліктері ретінде игертіледі.

Жеке сөздердің мағынасы, мәні, тіркесуі, қолданылуы қарым-қатынас жасау мақсатымен немесе сөйлеу міндетімен байланысты түрде игертіледі. Мәселен, Н.М.Шанский: «теоретическое сведения по лексике (отобранные с учетом принципа научности) должны быть представлены в такой форме и обьеме, которые необходимы учащимся для выроботки определенных речевых действий», деген пікірі орынды [4,121]. Баланың сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту үшін сөздің мағынасын игеру мен оның сөздік қоры жеткіліксіз болып қалады. Сондықтан сөздерді өз тәжірибесінде қолдана білуге жаттықтыру қажет.

Сөздердің тілдік нормаға орай қолданылуын үйрету арқылы тілін дамыту жұмысы мына бағытта қарастырылады [5,124]: 1) сөз мағынасы, мәніне байланысты қолдану дағдыларын қалыптастыру; 2) сөздерді стильдік мақсатта қолдануға жаттықтыру;

Сөз байлығы – тіл байлығы. Бірақ тілдегі сөз байлығының барлығының жұмсалу аясы бірдей емес. Халық тілінде бар сөздердің көпшілігі қарым-қатынаста жиі қолданылып, жалпы халықтық нормаға айналады да, бірқатары қолданудан қалып қояды, немесе өте сирек қолданылады. Сөйлеу тілінде бар біраз сөздер қарым-қатынас әрекетінде кездескенімен, әдеби нормаға жатпайды. Мысалы, жергілікті диалект сөздер. Ол туралы М.Балақаев: «Сөздердің әдеби, әдеби еместігін айыру оңайда емес, біреуге асыл көрінген сөз екінші біреуге жасық көрінуі мүмкін. Әдеби нормаға қай сөз жатады, қай сөз жатпайды дегенді субьективті көз қарас тұрғысынан болжамай, әдебитте жалпы халыққа бірдей ретінде жиі қолданыла ма, жиі қолданылмай ма деген тұрғысынан болжау керек», - деп көрсетеді [6,49].

Қазақ әдеби тілінің сөз байлығы жалпы халықтық қасиеті бар байырғы және өзге тілден ауысқан сөздерден, ғылымның, өнер білімнің, техниканың, саясаттың, мәдениеттің тағы да басқа алуан терминдерінен құралады.

Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылымы бір қалыпқа түсіп ерекшеленеді. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды. Қазақ халқының жазуы болмай тұрған кезде бай ауыз әдебиеті болды. Ауыз әдебиеті әдеби тіл болып есептеледі, оның жазба әдеби тілінің қалыптасуына әсері болды. Сондықтан М.Балақаев: «Сөйтіп, «әдеби тіл» деген ұғым халықтың жазу мәдениетімен тығыз байланысты екен. Әдеби тіл жазу арқылы, әдеби мұраларды баспаға басып, жұртқа тарату арқылы, ауызекі тілдің байлықтарын екшеп саралау арқылы қалыптасты», -деп көрсетеді [6,58].

Бұл жеке сөздерге, оны қолдануға да байланысты. Мәселен, қазақ тіліндегі сан алуан сөздердің әдеби тілге тәндері – яғни әдеби нормаға жататындары бар, әдеби тілге тән емес, одан тыс, ауызша тіліне ғана жататыны бар. Сондықтан оқушылардың жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда, ең алдымен, сөздерді әдеби тілге жататын, жатпайтынын ажырата біліп, өзінің ойын жазбаша жеткізуде әдеби тілдің лексикалық таңдап, талғап, сұрыптап үйретуге жаттықтырылады.

Өйткені лексикалық норма туралы М.Балақаев «әдеби тиілдің жалпыға ортақ сөз байлығының қалыптасқан тұлғада жалпыға ортақ мағынада жұмсалуы», - [6,64] деп көрсетеді. Демек, оқушылардың жазбаша сөйлеу мәдениетін арттырудың бірі сөздерді орынды қолдану болып табылады.

Сөз таңдап қолдану жазба әдеби стильдеріне байланысты да болады. Мәселен, көркем әдебиет стилі мәтіндегі сөз таңдап қолданудың ерекшелігін қарастырайық.

Көркем мәтіннің тілін зерттеу үстінде «функциональдық стиль» басты-басты екі мәселені зерттейді: біріншісі, жалпы ұлттық әдеби тілдің даму барысындағы көркем әдебиет шығармаларының орны; екіншісі – жеке жазушылардың сөз мәнері мен сөз өрнегі (даралық стилі). Бірінші мәселенің зерттеп білу нысандары көркем әдебиет тілі, жалпы алып қарағанда, «поэтикалық сөз» болса, екінші мәселе жалпы ұлттық әдеби тілдің белгілі бір қаттауы мен өрісін, дәлірек айтқанда, лексикалық немесе грамматикалық нормалары мен көркем тіл нормаларының арақатынасын, өзара қарым-қатынасын және олардың көркем шығармалардың мәтіндерінде көріну үлгілерін зерттеп саралайды. Сондықтан Р.Сыздық зерттеу тілді стильдік (шеберлік), яғни лингвистикалық стилистика бойынша, екіншісі, тіл нормаларының қалыптасуы мен орнығуы, яғни сөз мәдениеті бойына зерттеу қажеттігін ескертеді.

Стилистика саласындағы мамандардың сөздеріне қарағанда, көркем әдебиет стилистикасы – тіл элементтерінің жалпы халықтық қолданысы бойынша көрінеді. «Стилистиканың лингвистикалық міндеті», -деп жазады. Р.Сыздық – стильдік әсердің өзін емес, сол әсерді туғызатын тілдік механизмді зерттеу болып табылады [7,177-178].

Тіл білімінде тілдік нормаларды айқындай, белгілеп беру үшін мынадай талаптар қойылады:

1) тілдің жүйесіне, тілдің өзіндік ішкі даму заңдылықтарына, оның ішінде грамматикалық заңдылықтарына сәйкес келуі;

2) дәстүрлік белгісі, яғни әдеби қалыптасқан нормаға сәйкес келуі;

3) әдетте, қолданылып жүрген узус сөздердің құрамында болуы [7,11-44].

Әдеби тілдің қалыптасқан нормасы, яғни әдеби стандарт, осы мәселені өзекті дәрежеде үзбей зерттеп жүрген мамандардың сөзіне қарағанда, «Көркемдік, әсерлілік нүктесін көздеуде сөздерді іріктеу және шоғырлау әрекеттері қатар жүреді. Соңғы әрекет мәтін лексикасын түзу немесе мәтін түзімі», - деген мәселені қояды [7,28]. Жазушы авторлардың сөз таңдау еркіне байланысты әр алуан ауытқулар пайда болады. Олар әдеби тілдің стандартты нормасына сай келе бермейді. Сондықтан олар уәжді (жөнімен, мотивті) ауытқулар және уәжсіз (жөнсіз, мотивсіз) болып екі топқа бөлінеді деп жазады Р.Сыздық. Осы автордың анықтауы бойынша сөз таңдаудағы ауытқулар кейде жалпы әдеби тіл нормасының ауытқу болса, енді бірде көркем сөз нормасынан ауытқу болып бөлінетін көрінеді. Олар әрі «жалпы жазушы мәнері» дегенге қатысты болса, әрі мәтін түзімінің мүдделеріне байланысты құбылыс болып табылады [7,129-211].

Жалпы әдеби тіл нормаларының ауытқып қолданылатын, яғни осы нормалардың аясына жатпайтын сөздерді Р.Сыздық мынадай топтарға бөледі:

1) диалектизмдер, қарапайым сөздер, жай, дөрекі сөздер, жаргондар т.б. Бұл топтағы сөздердің кейіпкерлер тілінде жұмсалуына уәжді ауытқу болып табылады (егер лоар автор сөзінде қолданылса, уәжсіз ауытқу болады);

2) сөздердің мағыналық жағынан ауытқуы яғни олар әдейі жөнімен ауытқыған ыңғайда жұмсалады;

3) сөздердің өзара тіркесу заңдылығын бұзу арқылы ауытқу. Иініне қарай, бұлар кейде уәжді, кейде уәжсіз болып та келіп отырады. Авторлық баяндаулар бөлімінде белгілі бір стильдік мақсатпен қолданылатын жағдайларды да осы топқа қосуға болады.

Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романында қолданылатын сөздердің бірі – күп сөзінің қолданылуын талдайық. «Жан-жағына жалақтап тағы қарады. Енді көзі шалды – анадайдағы қырат күнбатыс бегін тастаққа тіреп, көктұмсықтанып бітеді екен. Шамасы, жаңбыр жауғанда су ұстайтын не күп, не тұран болса керек. Ендеше, бұққан кісінің бөксесін көлегейлей алар бір қалқа табылса, сол арадан табылады». М.Қашқари тілінде (ХІғ) күп деген сөз орысша (большой глиняный сосуд кувшин) деген мағына береді. Ескі қыпшақ тілінің бір ескерткішінде (ХІҮғ) күб «кувшин, сосуд) деген ұғым тудырады.

Әдеби тіліміздегі күпшектей, күпшектену деген сөздеріміздің түбірі осы күб (күп: б/п) болуы мүмкін. Ауызекі сөйлеу тілімізде «аяғым (қолым, білегім т.б.) күп болып ісіп кетті» деп осы күні де айта береміз. Бұл түбірге жалғанып тұрған – шек жұрнағы туралы пікір айтпай-ақ қойсақ та болады (ол тиісті оқу құралдарынан белгілі морфема).

Жазушы өз еңбегінде белгілі бір сөздің қазіргі қалыбын алмай., оның негізгі түбір тұлғасын алып, пайдаланған.

Немесе күзем кезінде қойды суға тоғытып, аспан (ор, терең, арық, тоғай, сай) толтырылған судан өткізіп, оның жүнін тазалап алуға әрекет жасалады. Алдын-ала дайындап, қой жүзіп өтетін жерді де елде күп дейді. Қой түсетін күптің суына қарамай араластырылады. Дәлірек айтқанда, күп-«шомылатын» (ол тоғытылып өтетін) жер (ол, әрине, қой бататындай етіп құйған, сумен толтырылған болады).

Қазіргі кезде қазақ тілі сияқты қыпшақ тілдерінің тобына жататын Қарайым тілінде күп –«большой кувшин для воды, зарываемые в землю»; купчик (кюпчик)-«сосуд», купчэк- «колесо» (қазақшасы арба дөңгелегінің күпшегі). Сонымен қатар: Кипцек (кипсек)- «колесо»; круг»; кипчак- «колесо», кипчпак куршову «шина, обод; колесница»; кипчек «округ, окружность, круг, колесо, поселог вокруг, около», купчак (купчак)- «колесо», купчик-«вазв». Бұған қарағанда, күп сөзінің семантикалық өрісі мынадай тәрізді: 1) дөңгелек бос қуыс –ор (шұңқыр), яғни бетінің аты; 2) заттың атты (ыдыс, дөңгелек т.б. оларға ұқсас нәрселердің аты); 3) шылау сөздер. Біз әңгіме етіп отырған романда бұл сөздің алғашқы мағынасы туралы сөз болады.

Тұжырымдай келгенде, жазбаша сөйлеу әрекетінде сөзді таңдау лексикалық норманы негізге алады. Сондықтан эксперименттік бақылауда оқушылардың жазба жұмыстарындағы лексикалық қателерді осы лексикалық норма тұрғысынан қарастырдық.

Тіл мәдениетін арттырудың бір саласы сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді, мәтінді мазмұн мен ойға сай нақты қолдануға жаттықтыру болып табылады [8,123].

Сөз дәлдігі туралы сапаға қойылатын талаптар әр түрлі. Солардың бірі- сөздерді тілдегі мағынасына лайық қолдана білу. Бұл тұрғыдан мектеп оқушыларында стильді-лексикалық қателер кездеседі:

а) «бұл кеншарда қой басын өркендетіпті» деген сөйлемдегі ойды түсінуге болады, бірақ «өркендету» мағынасында қолданбаған. Атап айтқанда, қой шаруашылығын өркендету деп айтуға болғанмен, қой басына байланысты санын көбейту деген сөзді қолдану тиімді.

ә) сөздің ұғымы мен мағынасын және статистикалық реңін нақты білмеуден қате жібереді. Сөздерді өз мағынасына сай колдану, дәлдіктен көз жазып қалу, басқалардан гөрі дыбысталуы ұқсас, бірақ мағынасы әр басқа немесе бір түбірден тарап, дербес мағынаға ие болған сөздерді (паронимдерді) жұмсауда кездеседі. Мысалы: 1.Шешесі суйектерін сырқыратып орнынан тұрды. 2. Жігіт жусан иесіне еліктеп мас болғанын сезбеді. 3. Мүйізден зерделеген сандықтың құрсау қаңылтырлары ғана жатыр. Бұл жерде сырқыратып емес, сыртылдатып, еліктеп емес елітіп, зерделенген емес зерленген.

б) дәлдікке қатысты мәселенің бірі, зат, құбылыс пен оның атауы сөз арасындағы байланысты жете тани алмаудан қате жібереді. Мысалы: Күздің алтын күрек желі есті деген сөйлемдегі « алтын күрек» деген тіркес күзде емес, халық көктемде қарды ерітетін жылы желді айтады.

в) сөз-белгілі зат пен құбылыс атауы. Сөзді білгенмен оның қандай затты, құбылысты белгілейтінін білгенмен немесе шала-шарпы ғана игерген оқушы дәлдіктен көз жазып қалады. Кейде осы айтылғандар керісінше зат пен құбылыстың дәл атауын, қалай аталуын білмеу, не оған мән бермеу сөз дәлдігінен жаңылуға себеп болады. Мысалы, бота деудің орнына түйенің баласы деп қолданады т. б.

Тіл тазалығына қатысты да оқушылар стильдік-лексикалық қателер жібереді:

1)тілімізде бөгде сөзді қалай болса солай араластырып қолдана береді.Мысалы, остановкада тұр, звонить етті т. б.

2)басқа тілден екінші тілге сөз алу, жаңа ұғымның пайда болу барысындағы жеңіл калькалар кездеседі. Мысалы, түбек дегенді жарты арал, саулық қой дегенді аналық бас т. б.

3) жергілікті говор, диалект сөздерді таңдамай, сараламай қолдану. Мысалы, бойлай (үнемі, өне бойы), бәткерле қылу (әшкереледі), шекейін (дейін, шейін) т. б.

4)ойға басы артық, қыстырм сөздерді жиі қолдану. Мысалы: әлгі, я, мәселен, яғни, сосын т. б.

5) орыс тілінен енген сөздерді қолдану. Мысалы: 1. Алматыда жаңа площадь, дворец бар. 2. Медео – дүние жүзіндегі көрікті де сұлу мұз айдыны. 3. Қала сыртында көптеген дачалар т. б.

Стильді- лексикалық қателер тілдің көркемдегіш және бейнелегіш құралдарын қолдана білмеу бағытында кездеседі.

а) сөзді көркемдік мақсатта қолдануда қате жібереді. Мысалы: Біржан Сараны күшті ақын екендігінен жеңген жоқ.

Мұндай қателерді сөздердің ауыспалы мағынасы мен стильдік реңін жете түсінбегендіктен жіберіледі:

ә) фразелогиялық тіркестердің мағынасын түсінбей қолданудан туған қателер. Мысалы: Біздің балалардың қуанғанынан жүрегі қарс айырылды (жүрегі қарс айырылған адам қуанбайды, қайғырады, ашуланады). Олардың көшесі жүзіктің көзінен өткендей (жүзіктің өткендей деген фразеологизм әдемі, сұлу мағынасын аңғартқанымен көше, қала, ауыл сияқты мекен-орынды білдіретін жерлерге қолданылмайды).

б) фразеологиялық тіркестердің құрамындағы сөздерді өзгертіп қолданудан туатын қателер. Мысалы: Ойға батқан батырдың қабырғасы майысты (қайысты деген дұрыс).

в) фразеологиялық тіркестердің құрамындағы сөздердің орнын ауыстырып қолданудан туатын қателер. Мысалы: Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен күн көргендерді сынады (дұрысы: ауырдың үсті, жеңілдің астымен).

Мұндай қателер оқушылар тілінің даму деңгейінің төмендігі мен сөз қорының аздығынан болады. Сондай-ақ сөз мағыналарын ажырата білмеу лексикалық білімнің жетімсіздігі мен өмір тәжірибенің танып-білуі төмен, естіген, көргені аз т. б. жоқтығынан да болды [9,114].

Ол туралы М.Балақаев: «Қазақ тілінің қоғамдық қызметі арта түсіп отырған қазіргі кезде оның үздіксіз даму процесін терең ұғынып, өмірлік проблемаларын жан-жақты зерттеуге ерекше мән беріліп отыр. Солардың қатарында теориялық, практикалық биік талаптар деңгейінен қарайтын сала – тіл мәдениеті мәселелері болмақ. Бұл қазақ тілінің енді-енді өзінің даму жолына түскен жас саласы. Тіл мәдениеті халқымыздың жалпы мәдениетімен астарлас дамуға тиісті болғандықтан, бұл ғылым саласы алдымен тіл мәдениетінің дәрежесін арттыруды, тілдің қатынас құралдық қызметін жетілдіру үшін оның күнделікті өмірлік мәселелерін ғылыми тұрғыдан дұрыс шешіп, жөн сілтеуді көздейді» [6.13-14] –деп анықтайды.

Қазіргі әдеби тіліміз – халық тілінің жоғарғы формасы болып табылады. Әдеби тіл дамыған сайын оның қоғамдық қызметі, нормалық жүйесі нығая түседі. Сөйлеу тілі де, әдеби тіл де өзара тамырлас, әрі бірінен бірі нәр алып дамиды, соңғы халық тілі негізінде жасалып, оның құнарлы қазынасынан керегін таңдап алып дамыса, сөйлеу тілі де өзінің бұрынғы дәрежесінде қалып қоймай әдеби тіл елегінен өтіп, жалпы халықтық қасиетке ие болған байлықтарын, керсінше, үнемі қабылдап отырады. Бара-бара сөйлеу тілі мен әдеби тілдің алыс-берісі күшейіп, әдеби тілдің екі түрі – жазба әдеби тіл мен сөйлеу әдеби тілі қалыптасады.

Әрбір тілдің сол тілде сөйлейтін қауымдар арасында қатынас құралдық қызмет атқарумен қатар, сол қауымның күресі мен жеңісінің құралы, мәдени өмірінің тұтқасы болып табылады. Әрбір қоғам сондықтан ана тілінің тағдырына немқұрайды қарай алмаған, оны қызғыштай қорып, халықтың мәдени дәрежесін көтеру жолында сол халықтың тілдік мәдениетін – жазу, жетілу, жақсарту талабынан басталып отырған.

Халқымыздың кешегі өткен ойшылдары, ағартушы-ғалымдары, ақын-жыраулары ішінде тіл мәдениетін сөз етпей, тіл шұбарлаушыларға кейістік білдірмей кеткені кемде-кем. Тіпті қазақ даласындағы алғашқы мерзімді баспасөздердің өзі, «Түркістан уаляты», «Дала уаляты» және «Айқап» журналы қысқа мерзімді өмірлерінің ішінде тіл мәдениеті, тіл тазалығы тақырыбына ондаған мақалалар жарияланды. Бұл жағдайлар тіліміздің мәдениеттілігін арттыру, оны шыңдап жетілдіре беру талабының ерте кезден-ақ сөз болып келе жатқан жалпыхалықтық мәселе, ұлттық мәдениет мәселесінің бөлінбейтін бір саласы екендігін аңғарады. Сондықтан С.Қирабаев: «Қазіргі әдеби тіл мен оның нормасын, жазу емлесін үйрену, жалпы тіл мәдениетін көтеруге ұмтылу ешкімге ұятты іс емес, қайта абыройлы болыш. Бұл – Отан алдындағы, халқымыз, ұлтымыз ана тіліміз алдындағы патриоттық борышымыз. Бұған бізді ел сүю, жер сүю, ұлтымызды сүю сезімдері міндеттейді» [10,8]. Енді осы мәселенің екінші, теориялық жағы бар.

Тіл мәдениеті мәселесінде теориялық негізінен табудың, яғни тіл мәдениеті жөніндегі ғылымды лингвистикалық бір саласы ретінде қалыптастырудың қажет екендігі - бүкіл лингвистикада көтеріліп жүрген мәселе. Сондықтан болар, Т.Қордабаев «Сөйлеу мәдениетін сөз еткенде, бұл саладағы кемшілікті сынға алғанда сүйеніш етер негіз, бағыт тұтар құбыламыз тілдік норма, әдеби тіліміздің сөйлеу, жазу нормасы болмақ. Сондықтан сөйлеу мәдениеті, тіл тазалығы үшін күрес – қалыптасқан норманы сақтау үшін күрес болмақ. Олай болса, бұдан шығатын қорытынды – сөйлеу мәдениеті жөніндегі ілімнің негізгі міндеті – тілдік норма дегеннің сырын ашу, оның құрамына нелердің енетінін айқындау болса керек», - деп анықтайды [11,118]. Сондықтан әдеби тіл деген мәселеге қысқаша шолу жасайық.

Әдеби тіл туралы түсінік. Тілді сол тілде сөйлеуші халық жасайды. Халық тілінің ең жоғарғы формасы - әдеби тіл. Әдеби тіл көбінесе халық тілі негізінде жасалатындықтан, оны сөйлеу тілінен мұлде оқшау тұрған өзгеше тіл деп тану дұрыс емес. Сонда да оның елеулі ерекшеліктері болады.

Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп екшеледі. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды. Қазақ халқының жазуы болмай тұрған кезде бай ауыз әдебиеті болды. Ауыз әдебиеті әдеби тілді қалыптастырудың алғашқы лабораториясы, әдеби тілді шыңдаудың әдепкі дүкені болғаны рас, бірақ оның тілі шын мәнінде әдеби тіл деп есептелмейді. Оның себебі – фольклор тілінде жалпыға ортақ бірізділік, әдеби тілге тән басқа қасиеттер бола бермейді, көп жерде, мысалы ертегіде, ауызекі сөйлеу тілінен оның айырмашылығы шамалы-ақ болады.

Сөйтіп, «әдеби тіл» деген ұғым халықтың жазу мәдениетімен тығыз байланысты екен. Әдеби тіл жазу арқылы, әдеби мұраларды баспаға басып, жұртқа тарату арқылы, ауызекі тілдің байлықтарын екшеп саралау арқылы қалыптасады. Онда да қағазға, тасқа жазылғанның бәрін, баспаға басылғанның бәрін әдеби тілдің үлгісі деуге болмайды.

Әдеби тіл – жүйелі тіл. Жазба тілдің ілгері даму барысында халық тілінің сөз байлығы, грамматикалық құрылысы ықшамдалады, сұрыпталады, нормаланады; жазу мәдениеті арту арқылы халықтың тіл мәдениеті артады. Сөйлеу тілінде көптеген сөзді әркім әр түрлі айтатын болса, түрліше қолданатын болса, әдеби тілде олар жұрттың бәріне бірдей, бірқалыпты жұмсалады. Ондай бірізділік орфографияда да, әйтеуір, тілдің, тіл мәдениетінің барлық тармақтарында белгілі жүйе – норма болуға тиіс. Нормаға түспеген әрі-сәрі тіл әдеби тіл деп есептеледі.

Әдеби тілдің жазуы –анархия. Тілдің нормалану дәрежесін неғұрлым айқын болса, тілдің әдебиеттік қасиеті соғұрлым жоғары болады.

Әдеби тіл – стильдік тармақтары бар тіл. Әдеби тіл қоғамдық құбылысқа жатады. Ол қоғамның ресми мемлекет тілі болатындықтан, оның қызметі де барынша кең болады. Сол орайда түрлі-түрлі тілдік стильдер пайда болады. Мысалы, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында хандар жарлығының, іс жүргізу стилі, діни әдебиет стилі, өлең-жырлар стилі болады. Бірен-саран газет шыққанмен, ол кезде публицистикалық стиль қалыптаспаған болатын.

Қазіргі қазақ әдеби тілінің жұмсалу аясы кеңейді. Өміріміздің қилы-қилы салаларында жұмсалатын әдеби тіліміз түрлі-түрлі стильдік өң алып, дамып келеді. Қазір оның мынадай стильдік тармақтары бар: 1. Ресми іс қағаздар –кеңсе тілінің стилі; 2. Публицистикалық стиль (газет-журнал тілінің стилі); 3. Ғылыми-техникалық әдебиеттің стилі; 4. Көркем әдебиет тілінің стилі.

Мұндай стильдік тармақтар әдеби тіл қызметінің артуы, тілдің дамуы нәтижесінде жасалады. Ендеше, тілдің стильдік жүйелерінің саралануы – тілдің әдебиеттік басты белгілерінің бірі. Тілдің стильдік тармақтары неғұрлым сараланған болса, әдеби тілдің соғұрлым буыны қатып, бұғанасы бекігендігі.

Әдеби тіл – қоғамдық қызметі мол тіл. Сөйлеу тілі беттесіп қарым –қатынас жасаудың құралы болса, әдеби тіл, сонымен қатар, өнердің, мәдениеттің, ғылымның, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, кеңсенең, баспасөздің....тілі. Әдеби тілдің біркелкі, әрі жаппай, қоғамның барлық өміріне қатысты бола жұмсалуы – оның әрі ұлт тілі болуының белгісі.

Сөйтіп, әдеби тіл дегеніміз – жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл. Бұл жердегі жүйелі қалыпқа түсу деген тіркестің ұғымы линвистикада тілдің нормалануы деп те түсініледі [12,118].

Сонымен, тіл мәдениетінің негізі тілдік норма болғандықтан осы мәселені қарастырайық.

Тілдік норма да – тарихи құбылыс. Қоғамдағы адамдардың бәрінің сөйлеу дағдысын, тіл жұмсау мәдениетін бір өлшеммен өлшеуге бір үлгімен пішуге болмайды. Тілді қоғамдық құбылыс ретінде пайдаланушы қоғам мүшелерінің ақыл-ой парасаты, білімі, мәдениеті өнер-ғылымға қанықтығы, іс-әрекеті біркелкі емес. Оның үстіне олардың туып-өскен ортасы, тілдік дағдысы бірдей емес. Сол сияқты қоғам мүшелерінің сөйлеу, жазу мәнері де дәрежесі де әр алуан. Жұрттың бәріне міндетті дейтін тілдік тәсілдер, нормалар бар. Тілдік нормалардың тәсілдері – ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан сөздік қор, грамматикалық құбылыс, фонетикалық заңдылықтармен қатар ресми түрде қабылданған орфография ережелері, терминдер және оқулықтар мен оқу құралдарындағы нормативті ереже, нұсқаулар.

Қазіргі кезде мектеп оқушыларының тілдік нормадан сөйлеу мен жаза білу туралы мәселелер көтеріліп қалғанымен, оны оқыту, үйрету туралы түбегейлі пікірлер жоқ. Сондықтан Т.Қордабаев: «... Тіл мәдениеті дегенді ғылыми пән дәрежесіне көтеруіміз керек. Оның теориялық негізін, өзіне тән нысанын айқындау қажет. Сөйтіп оны лингвистиканың бір тарауы ету керек», - деген болатын [11,118].

Алда тұрған міндеттің бірі- әдеби тіліміздің әр жанрының өзіндік стильдерін айқындау жұмысы. Мұны жете білмей тұрып, әр жанрдың өзіндік ерекшелігін, өзіндік формасын білу мүмкін емес. Сондықтан тіл мәдениетіне сөйлеу мен жазба тілдің айырмашылықтарын стильдік тұрғыдан қарастырып, оны мектеп қабырғасынан, яғни оқушыларға таныту, білдіру қажет.

Зерттеушілерде, ғылыми әдебиеттерде, ауызекі тілде «Сөйлеу мәдениеті» дегенді жиі естиміз. Ал сөйлеудің қайсысы мәдениетті, қайсысы мәдениетсіз болатындығын, яғни сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін оның жазбаша тілден қандай айырмашылығы бар екенінде. Оқушылардың жазба жұмыстарындағы қойылатын нашар деген бағаның көпшілігіне себепші олардың стилистикалық түрде көрінуі, өйткені қазақ тілін оқытуда мектептердегі тіл дамыту, тіл мәдениеті мәселелеріне көңіл бөлінбейтіндігінде.

Бұл саладағы оқулықтардың барлығы, бүкіл жауапкершілігі, ең алдымен тіл мен әдебиет пәндері оқытушыларына жүктелетіндігі белгілі. Өйткені тіл мен сөйлеу жоқ та, сөйлеу жоқ жерде тіл жоқ. Бірақ соған қарамастан, бұл екеуінің бірлігі тепе-тең бірлікте емес. Тіл дегеннен ондағы бүкіл дыбыстардың, сөздердің грамматикалық формалардың жиынтығын түсінсек, сөйлеу дегеннен ол тілдік элементтердің өзара қарым-қатынасқа келуін, яғни тілдік әрекет үстіндегі күйін түсінеміз. Бұл жағынан алғанда, тіл сөйлеуге қажетті өлі материалдың жанданып, іске қосылуы, адамдардың қатынас айналымына түсуі.

Сөйлеу үдерісінде тілдік материалдар өз бойындағы мағыналық мүмкіндіктерін жан-жақты көрсете алады. Бірақ сол мүмкіндіктерді қоғам мүшесінің әрқайсысы өз шама, білім, талғам, танымына қарай пайдаланады. Мысалы, біреулер, тілдік құралдарының өзінің ойын жеткізуде лайықтыларын таңдап, қоя білсе, енді біреулерде ондай шеберлік жетіспей жатады. Осыдан келеді де, қоғамдық сипатта тіл жеке адамдардың сөйлеу, жазу үдерісінде даралық сипатқа ие болады. Тіл мен сөйлеудің бір-бірінен өзгеше болатындығы да осы мәселеге байланысты.

«... Бұл даралық тілдік даралық емес, тілдік материалдарды пайдаланудағы даралық. Кейбір ғалымдардың сөйлеу (жазу) процесіндегі жеке адамдардың орашолақтығын тілдік материалдардан көріп, оларды тілден аластағысы келетінін баспасөз тілінен білеміз. Бірақ мұндай пікір – тіл мен сөйлеудің өзіндік сипаттарын жете ескермеуден туған жаңсақтық. Шындығына келсек, тілде мынау керекті, мынау керексіз, анау жақсы, мынау жаман дегендер болмайды. Жүрексіз де, жаман да тілде емес, сөйлеуде (жазуда), тілдік материалдарды пайдаланудан – деген пікір білдіреді» [11,127].

Сондықтан оқыту ісінде мұғалімдер тілдік материалдарды ғана білгізумен тынбай, оқушылардың сол тілдік материалдарды сөйлеу мен жазуларында дұрыс, дәл іріктеп, таңдап ала білу, орынды қолдану қабілеттерін арттыру дағдыларын үйрету қажет. Әдетте, өз білгенінін дұрыс айтып беруге сөйлеу дағдысы жетпей тұрған балаға «тілі жетпей тұрғаны болмаса, білетіндігі байқалып тұр» деп дұрыс баға қоюшылар кездесіп қалады. Бір педагогикалық жағынан кері әрекет, дұрыс емес. Оқушыларға таза, дұрыс, жатық сөйлеуге, әрдайым өзін бақылауға дағдыландыру үшін, олар стилистикалық орашолақтықты, жауапсыз сөйлеушілікті мұғалімнің кешірмейтінін дұрыс сезінуі тиіс.

Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрін қатар дамытып, оның қоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуіне мүмкіндік жасау, түрлі ауытқулардан арылтып отыру, небір күрделі ойдың әр қилы нәзік айырымдарын тіл арқылы дәл, анық жеткізе білуге көпшілікті тәрбиелей түсуге т.б. тіл мәдениетін көтеру деген ұғымды білдіреді. Тіл мәдениеті мен сөз мәдениеті деген терминдер қазір бір-бірінің орнына қолданылып та жүр. Мысалы, М.Балақаев тіл мәдениетіне былайша анықтама берсе: «Қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – оның барлық сатыларының жүйесін, заңдылықтарын оқушыларға білдіру болса, тіл мәдениеті ілімінің ондағы негізгі мақсаты - әдеби тілде барды дұрыс таңдап, талғап сөйлеуге, жазуға, сауаттылыққа үйрету, олардың тіл мәдениетінің сапасын жоғары сатыға көтеру болмақ» [13,9].

Ал Н.Уәлиев: «Тіл мәдениеті дегеннің ұғымы кең. Ол көбіне-көп қарым-қатынас құралы болып табылатын, тілді жетілдіре беру, ұштай түсумен қатар сөз шеберлігі, сөйлеудегі әдептілік тәрізділерді де қамтиды. Әсіресе, соңғы ұғымдарға қатысты қарасақ, сөз мәдениеті дегеніміз қарым-қатынас құралын қалай игеріп, өмірде қалай пайдаланып жүрміз, оның әрқилы амал-тәсілдерін дұрыс, дәл, тиімді қолданып, мазмұнды, әсерлі етіп жұмсай алдық па дегенге саяды», - дей келе, сөз мәдениеті алдымен әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, орфографиялық нормаларын меңгеру, сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілодері қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіретіндігін, тіл мәдениеті мен сөз мәдениеті мәселелері ажыратып көрсетеді [14,16].

Әдеби тіл нормасы – сөзді дұрыс қолданудың, грамматикалық амал-тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілік таныған, тіл тәжірибесінде сыннан өткен қағидалары. «Тіл мәдениеті» әдеби тіл нормасы туралы білім саласы ретінде пайда болғаны мәлім. Тілдік норма - әдеби тіл туралы ұғымның ең негізгі элементі. Ал әдеби тілдің нормасы дегеніміз не? Бұл жайында түрлі зерттеулер әр қилы пікір айтылып, әр түрлі анықтама беріліп жүрсе де, табиғаты күрделі бұл құбылыстың сыры толық ашыла қойған жоқ.

Бұл жағдай мектеп бағдарламалары мен оқулық, оқу құралдарына да әсер етеді. Атап айтқанда, мектепте оқулық пен оқу құралдарындағы тілдік материалдар, орфография, орфоэпия, тіл білімінің салалары туралы оқытуға берілген теориялық материалдарды әдеби тіл нормасы деп танытады. Мысалы, 1989-90 оқу жылының орта мектеп бағдарламасында: «Тіл ұстарту, тіл дамыту, тіл ширату, логикалық ойды кеңейту, дамыту жұмыстарында тілден алған теориялық материалдарды дұрыс пайдалану және қазақ тілінің орфоэпия, орфографиялық заңдылықтарын дұрыс меңгеріп, қолдана білу. Әдеби тіл нормасында ауызша, жазбаша түрде ойын айтып, жаза білуге дағдылану», - деген пікірлерінен байқауға болады [15,18]. Ал, 2004-2005 жылғы оқу бағдарламасы: 9-сыныптағы ең негізгі сала – қазақ тілінің стилистикасы. Тарау бойынша берілетін білім мен біліктіліктер тіл мәдениетімен тығыз бірлікте қамтылады. Оқушы егер 5-8 сыныптарда әдеби тіл жөнінде практикалық сипаттағы мағлұматтарды игеріп келсе, 9-сыныпта осы тілдік іскерліктері теориялық тұжырымдармен бекітіледі. Яғни қазақ әдеби тілінің стильдерінің: публицистикалық және ғылыми стильдердің өзіндік ерекшеліктері қолданыс аясы туралы нақты білім беріледі, - деп көрсетеді [16,5] (Бағдарламалар, қазақ тілі, жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сыныптарына арналған. Алматы, 2007).

Бұл пікірлерге қарағанда, тіл мәдениетінің негізгі мәселесі – тілдік норма. Сондықтан бұл мәселені мектеп көлемінде қарастырайық.

Мектепте тілдік норма тілдің құрылысымен бірге оқытылып, білім мен дағды беріледі. Атап айтқанда, орфографиялық, орфоэпиялық нормалар, пунктуация жазу нормалары сол тілдік категориясына байланысты үйретіледі. Олай болса оқушылардың тіл мәдениетін арттыруға байланысты тілдік нормасын игерту мектеп бағдарламасының көлемінде жүргізуімізге тура келеді.

Әдеби тілдің даму үдерісінде біріне-бірі қарама-қарсы екі түрлі бағдар байқалады. Бір жағынан, тіл қоғам өмірімен (ғылымның, мәдениеттің, әдебиеттің, экономиканың т.т дамуымен) тікелей байланысты болатындықтан, ол үздіксіз дамып, сол даму барысында халық тілінің ішкі мүмкіншіліктері кеңінен пайдаланылып, тіл мен тілдің қарым-қатынасы күшейіп, өзгеріске ұшырап отырады. Екінші жағынан, мемлекеттік, саяси-қоғамдық іс атқару жұмыстары орныққан сайын, баспасөз, әдебиет, экономика, ғылым, мәдениет дамыған сайын тілде бар ала-құла қыруар байлықтардың тиімділері, тілге жатық әрі үйлесімділері, кісінің ой-пікірінің, сезімін, дәл, айқын айтуға жарамдылары сұрыпталып, жалпыға ортақ қалыпқа түсіріліп, нормаға айналады. Осы үдерістерге жол ашатын нысанды жағдайлар жасалып отырған біздің елімізде, әдеби тілді байыту нормаға түсіруге қарайлас болуға тиіспіз.

Тілдік «норма» дегеніміз «әдеби» деген ұғыммен тайталас айтылады. Әдеби тілге сіңіскен, әдеби тілде орныққан тіл байлықтары – «тілдік норма» дегенге жатады. Тілдік нормадан тысқары құбылыстар, ауытқулар ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері болып есептеледі. Сондықтан «әдеби тіл», «әдеби емес тіл» дегенді халық тілінің нормалану нысаналарына қарап айтамыз[17,59].

Тіл байлықтарын тегіс жіпке тізіп, әрқайсысын бөлек алып, ол былай айтылсын, былай жұмсалсын деп өкім шығару мүмкін емес. Ол – «өкімді» әдеби тілдің ілгері даму барысында біздің тіл жұмсау тәжірибеміз шығарады. Тілді де «кезінде жеке адамдар түгелдей өз бақылауына алатын болады» - дейді К.Маркс. тілді «өз бақылауына алатындар», алдымен, тілдің икемді құрал болу қасиетін арттырып, оның қалаулы, таңдамалы байлықтарын орнықты, біршама тұрақты етуді көздеуге тиіс. Сондай іске тіл мамандары, әдебиетшілер, жазушылар, журналистер, актерлер және басқалар белсене қатынасады. Әсіресе халықтың жазу мәдениетін бір ізге салу, орфография, терминология, пунктуацияны реттеу, грамматика жазу, сөздіктер құрастыру арқылы бұл жағынан көп табысқа жетуге болады.

Тілдік норма жазуда ғана емес, сөз қолдануда да, сөздің айтылуынан да, грамматикалық тұлғаларды пайдалануда да, сөйлем құруда да, қысқасы, тілдің өн бойында болуға тиіс. Әрине мынаны қолдан, мынаны қолданба деп барлығына бірдей рецепт беру мүмкін емес.

Тілдің нормалану үдерісі үздіксіз жүріп отырады. Бірақ ол үдерісті жеделдететін кез - әдеби тілдің еркін, жан-жақты даму жолына түскен кезі. Әдеби тіл пайда болғанда, халық тілінде бар анархияға, дөрекілікке, қара дүрсін ала-құлалыққа тыйым салына басталады да, таңдау күшейеді. Соның нәтижесінде әдеби тіл белгілі жүйеге түскен тіл болып табылады. Мысалы, ХVІІІ ғасырда араб-парсы тілінен енген сөздердің айтылуында, жазылуында ешқандай тиянақ болмайтын. Соның өзінде сол кездегі әдеби тілде өазіргі «әдет» - «ғадет» болып, «өмір» - «ғұмыр» болып, «күна» - «гүна» болып, «кітап» - «китап» болып жазылатын. Мұндай сөздердің бұрынғы нұсқасын сақтау діни зиялылар арасында күшті болғанымен, қарапайым қазақтар оларды халық тілінің заңына бағындырып, өзгертіп айтатын еді. Осы күні солар әдеби тілдің нормасына айналып кетті.

Қазақ әдеби тілінің әр түрлі даму кезеңінде әр түрлі нормалар болды. Мысалы, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдеби тілде түрік халықтарының біразына ортақ ескі өзбек (Чагатай) әдеби тілінің нұсқалары норма болса (Мысалы, бірлан, барадұр, айтылмаш, үшбу, міллат, хақихат, уағда, һам, ғмал), Абайлар тұсында әдеби тілдің өлең-жырлардан басқа да нұсқалары халықтық қасиетке ие болғанда, араб-парсы сөздерін, чағатайзмді қазақша айту, қазақ тілінің дыбыс заңына лайықтап қолдану бағыты күшті болды. Ескі норма бірден жойылып, жаңа норма аз күннің ішінде орнай қалмайды. Абай сөздігіне қарап отырсаң, оның алғашқы жылдарындағы шығармаларында, әсіресе қара сөздерінде, араб сөздерін «кітаби дәстүр» бойынша жазғны байқалды. Мысалы: хаким (әкім), ғыззат (іззет), ғұмыр (өмір), ғараб (араб), ғадат (әдет), ғанимат (ғанибет), ғамал (амал), ғайып (айып). Бірақ Абай өзінен бұрынғы әдебиеттің ондай нормаларын кейін бұзып, әлгедей сөздердің қазақ тіліне жатық нұсқаларын жиі қолданды. Сол кейін нормаға айналды.

Қазіргі терминдер жүйесінің тиянақтай бастаған, жаңа бетбұрыс кезеңі 1930-1940 жылдары еді. Сонда осы күнгі терминдер жүйесінің саралануы тек жеке кісілердің, сол кезде бұл жұмысқа көп еңбек сіңірген Қ.Жұбанов, С.Баишов т.б. болды[18,92].

Әдеби тілді нормалау қалам қайраткерінің, ғылым қызметкерінің күшімен баспасөз, мектеп, радио, телевизия арқылы іске асады. Тілді нормалау дегеніміз – бір жағынан, тілде барды сол күйінде қалыптастыру болса, екіншіден, тілде барды өзгертіп қалыптастыру, үшіншіден, тілде жоқты, бірақ әдеби тіл үшін керекті жаңадан енгізіп қалыптастыру болады.

Қатынас құралы болып қалыптасқан тілге реформа жасау мүмкін емес. Бірақ оны нормаға түсіріп байытуға, жақсартуға, икемді етуге болады.

Тұжырымдағанда, әдеби тілдің нормасы дегенді былай анықтауға болады: Тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелерін әдеби тілдің нормасы дейміз. Ол тілде барды қоғамның таңдау, талғау елегінен өткізу негізінде және де тілге енген жаңлықтарды үйлесімді бір арнаға салу негізінде қалыптасады. Әдеби тілдің нормалары әрдайым сол түр-тұрпатын сақтап қатып қалмайды. Олар да өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ондайды нормадан ауытқу дейміз. Әдеби тілді жұмсаушылар тәжірибесінде нормадан ауытқу екі түрлі болады:

1. Жөнімен ауытқу; 2. Жөнсіз ауытқу.

Әдеби норманы белгілі мақсатпен, стильдік өңі болғандықтан өзгертіп қолдану – жөнімен ауытқу болады. Әдеби норманы жөн-жосықсыз бұзып, естіген-білгенін қалай болса солай талғамай қолдану жөнсіз ауытқу делінеді.

Қазақтың әдеби тілінің нормалануы үш түрлі жолымен жүргізіледі:

1. Тілдің ілгері даму үдерісінде оның ішкі заңдарына негізделген жүйелілік пайда болады. Оларды қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық қағидаларынан көрінеді. Мысалы, әдеби тіл болмай тұрғанда, қазақ тілінің дыбыстар жүйесінде «үндестік заң» тиянақты орын алатын, морфологияда септеулер жүйесі негізінен бір ізге түскен болатын. Мұндайлар тілдің «табиғи» даму үдерістің жемісі деп есептелінеді.

2. Сондай тілдік дәстүрлерді әдеби тіл бекемдей түсті де, сөйлеу тілінде бар шашыраң қылықты, алаусыздықты жою, тілдік нормаларды орнату үдерісі жүріп жатты. Ол үшін әдеби тілді пайдаланушылар арасында тілді нормалауға бейімделген жалпы бағыт, дұрыс бағдар болды.

3. Халық тілдері мен ұлт тілдерін ілгері дамыту туралы еліміздің дұрыс саясаты негізінде әдеби тілде нормалауға бағытталған көптеген жұмыстр жүргізілді: графика, орфография, пунктуация, терминология мәселелері шешілді; түрлі-түрлі сөздіктер жасалды, қолданбалы және ғылыми грамматика жазылды; баспа тілі жақсарды. Бұлардың бәрі –тілді ресми түрде, мақсатты нормалауға бағытталған жұмыстар.

Жалпы тілдің нормалануы халықтың қарым-қатынас үдерісінде жүргізіледі.

Қарым-қатынас – адамның отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, дерімен, салт-дәстүрімен және мәдениет қатынасымен етене әрі жанды байланысы. Адамдардың әдептілік нормалары тұрғысынан бір-бірімен өзара араласуларын, ауыс-түйістерін, байланыстарын білдіреді.

Қарым-қатынас – адамдардың ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі (әрекетіндегі) бейнесін жасаудағы іс-әрекеті. Жақсы қарым-қатынас жасауды білу және солай әрекет ету - әрбір адамның міндеті. Ол үшін оқушыларды сол тілдік мұралар негізінде үйрету, жаттықтыру қажет.

Жақсы қарым-қатынас жасау үшін оқушының әуелі әдептілік негіздерін бойына сіңіру шарт. Өйткені әдеп болмай, жақсы қарым-қатынас болуы мүмкін емес. Әдеп – сөйлеудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі.

Тұжырымдағанда, жақсы қарым-қатынас жасау - әдептілікті, мәдениеттілікті, сөйлеу білу, сөйлесе білу мәдениетін меңгерудің қажеттілігін көрсетеді.

Жеке адам мәдениеті деген – адамның ойлау қабілеті, өзінің және айналасындағылардың әрекеттеріне, болмысына талдау жасай білу қабілеті.

Мәдениет – адамның рухани және материалдық, білімдарлық (интеллектілік) пен сезімдік қасиеттері айқын аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Демек, мәдениет сөзінің аясы кең. Соның ең негізгісі – тіл мәдениеті. Тіл, сөз –егіз ұғымда қолданыла береді.

Мәдениеттің негізі –тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып жатады. Әр ұлттың тілі сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Сондықтан өз тарихына, ұлттық дәстүріне, отанына, туған тіліне деген сүйіспеншілігі артып, қадір- қасиетін арттыра білген адам ғана мәдениетті болмақ.

Сөз мәдениеті – сөздердің мағынасына қарай дұрыс қолдану, сөйлеу әрекетінде оларды бір-бірімен қиюластырып, үндестіріп айту, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап, сауатты жазу, тілдің бейнелегіш және көркемдегіш құрлдарын орынды қолдана білу болып табылады.

Тіл мәдениетінің салалары. Тіл мәдениетінің бір күрделі саласы – сөз байлығы. Сөз молдығы –оралымды тілге қойылар талаптың бірі болмақ. Сөз байлығына мән бермеген оқушының тілі жұтаң [19,125].

Актив сөзі тым аз болған сайын ондай оқушының тілінде сөзді мақсатсыз қайталаулар жиі кездеседі. Ал сөзді орынсыз қайталау тілдің қатынас қызметін төмендетеді, ойды дәлме-дәл, мазмұнды жеткізуге кедергі болады. Ал сөзбен көп мағына беру ұстанымы бұзылады. Өйткені айтылатын ойға әр сөздің қосар мағыналық, эстетикалық, эмоциялық т.б. информациясы болады. Ал бір рет айтылған сөздің сөйлем сайын мақсатсыз қайталана беруінен мәтіннің информациялық мазмұны кемиді.

Кейде белгілі бір оқушылардың шығарма мәтінін оқып отырғанның өзінде оқушының сөздік қоры қаншалықты мол немесе қаншалықты төмен екенін түсініп отырамыз. Мәтінге кішігірім стилистикалық талдау жасасақ, осы түсінуіміздің дұрысқа шығатынын көреміз.

Әдетте, зерттеушілер белгілі бір жазушының тілі жайында сөз қозғай қалса, «қаламгер тілге бай, халық тілі байлығын мейлінше мол пайдаланған» тәрізді тұжырымды жиі қолданатынын байқаймыз. Алайда мұндай тұжырым көбіне жуық шамамен айтылады. Әйтпесе жазушының қанша сөз қолданғандығын, қандай жиілікте жұмсағанын, қандай тұлғалармен қаншалықты түрлендіре түскенін нақтылап, санап шыққан ешкім жоқ.

Әдетте зерттеуші ғалымдар үшін тек жорамалға сүйеніп, болжаммен қорытынды жасаудан гөрі нақтылы дерекке сүйенеді. Мәселен, «Абай жолы» эпопеясының сөз шырайы, тіл кестесі келісті, өрнекті сөз орамдарына бай туынды екендігі әлдеқашан мәлім болған. Бір кезде болжаммен айтылған осы іспеттес пікір енді сандық сипаттама –цифр тілімен нақтылана түсті. Жазушы «Абай жолында» 16983 сөз қолданған. Ал А.С.Пушкин өз шығармашылығында 21197, В.Шекспир 15000 сөз қолданған. «Абай жолы» эпопеясында 1және 2 рет қолданған сөз саны 8698, Пушкин шығармаларында мұндай жиіліктегі сөздердің саны – 9301, Малин-Сибиряктың «Приваловтар миллионы» романында 11283 сөз қолданыс бар, 1-2 рет қолданатын сөз саны 7213 [20,169].

Бұл – тіл байлығы деп аталатын қатысымдық сапаның нысаныды құбылыс екендігін көрсетеді.

Тіл байлығы тек лексикамен ұштасып жатпайды, ол ұғым сөздің лексика-фразеологиялық топтары ғана емес, ана тілінің синтаксистік, морфологиялық жүйелерін де қамтиды. Өйткені лексикасына қарап кез келген мәтіннің тілі бай деуге болмайды. Тілдің морфологиялық, синтаксистік амал-тәсілдері, лексикалық қазынасы бір-бірімен астаса, ынтымақтаса, тіл табыса келіп, тіл байлығын құрайды.

Бұл айтылғандардың бәрі әдеби тіл арнасының ішінде тек көркем әдебиет силіне қатысты болып көрінуі мүмкін. Шындығында, сөз байлығы жөнінде көркем әдебиет пен публицистикалық стильдерге қойылатын талапты әдеби тілдің ғылыми, кеңсе стилі тәрізді салаларына қойылатын талаппен әдеби бірдей деп қарауға болмайды. Әдеби тіл нормаларының тіл байлығын аса керек ететін сала- көркем әдебиет. Ал ғылыми стиль немесе кеңсе стилімен салыстырғанда, сөз молдығы – публицистикалық стильге аса қажетті сапалардың бірі. Мәселен, жиналыс, конференция, сессия т.б. қаулы, қарарларын жазуда сөз байлығынан гөрі іс-қағаздарына тән стандартты қолданыстарды қатаң сақтау, кеңсе стиліне тән сөздер мен грамматикалық формаларды талдай білу, синтаксистік құрылымдарды меңгеру алдымен ауызға алынады.

Әрине, сырт қарағанда, тіл байлығы тек жазушы немесе журналистерге ғана қойылар талап тәрізді көрінуі мүмкін. Алайда қоғамдағы бір-бірімен қарым-қатынас жасамайтын қоғам мүшесі жоқ. Оның іс-әрекеті қоғамдық өмірдің сан алуан саласына тәуелді. Диқан, малшы, жұмысшы, дәрігер, мұғалім, оқушы т.б. бір-бірімен ауызша да қарым-қатынас жасайды, сондай-ақ телевизия, радио тыңдап, газет, журнал, кітаптарды оқиды. Мұның барлығына да, тыңдағанда да, басқа біреуге сөйлегенде де, жазғанда да дұрыс түсініп немесе ойды дұрыс жеткізе білу үшін тіл байлығы қажет.

Сонымен сөз байлығы деген сапаның функционалдық стильдеріндегі көрінісі әр түрлі болғанымен, қоғам мүшелеріне қойылар талап бірдей [21,115]. Өйткені тіл байлығы – сөз мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі. Тілдегі сөздердің қоғамдық қызметі әр алуан. Сондықтан бір кезеңдегі сөздер күнделікті қатынас қызметінде жиі қолданыла бастайды. Жаңа сөздер пайда болып жатады. Сондықтан қазақ тіліндегі сөздердің санының қанша екендігін дәл ешкім айта алмайды. Ешбір тілде сөздің санын математикалық дәлдікпен айту мүмкін емес.

Оның себебі жоғарыдағы пікірлерден басқа сөздер мағына жағынан да өзгеріп, дамып отырады.

Сондықтан оқушылардың тіл мәдениетін дамытуда ең алдымен сөз және оның мағынасын үйретуден басталады.

Сөз үйрету тіл білімінің лексика тарауындағы зат пен құбылыстың атауы ғана емес, сөздің контекстегі мағыналық қырларын да түгел қамту қажет. Сондықтан сөз байлығын үйрету қазақ тілі курсының өн бойына жүргізіліп отырылатын үдеріс. Сөз үйрету және сөздік жұмысының әдіс-тәсілдері зерттеуіміздің «лексиканы оқыту» тарауында қарастырдық.

Тіл мәдениетінің бір саласы сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді, мәтінді, мазмұн мен ойды орынды, нақты қолдану болып табылады. Оны кейбір ғылыми зерттеулерде сөз дәлдігі деп жүр [22,36]. Сондықтан сөйлеудегі немесе жазудағы дәлдікті қалай ұғынамыз? Әдетте сөйлеуші нысанына риза болған адам «дәл айтты», «тауып айтты» деп өзгенің сөзіне баға беріп отырады. Бұл – сөз дәлдігі жөніндегі әдеттегі түсінігіміз. Ал сөз дәлдігі туралы лингвистикалық термин оны басқаша қарастырады.

Қазақ тіл мәдениетіне байланысты зерттеу, еңбектерді негізге алсақ, сөз дәлдігі туралы қатыстық қызметтегі сапаға қойылатын талаптар әр түрлі. Солардың бірі – сөздерді тілдегі мағынасына лайық қолдану. Бұл тұрғыдан мектеп оқушылары ғана емес, тіл мәдениетінің айнасы деп жүрген баспасөздерде қателер кездеседі. Мысалы, журналда «Бұл ауылға мен келген кезде қой басын өркендетуге мән берілмей келеді екен» деген сөйлемдегі ойды түсінуге болады, бірақ кейбір сөздің, «өркендету» сөзінің өз мағынасында қолданбағандығын білдіреді. Атап айтқанда, қой шаруашылығын өркендету деп айтуға болғанымен, қой басына байланысты санын көбейту деген сөзді қолдану тиімді болмақ.

Мұндай тілдік құралдарды өз ойын жеткізуде оқушылар жиі қате жібереді. Ол көбінесе сөздің ұғымы мен мағынасын және стилистикалық реңін нақты білмеуден туындайды. Тіпті мұндай қателер күнделікті баспасөздерде де кездеседі.

Сөздерді өз мағынасынан сай қолданбау, дәлдіктен көз жазып қалу, әсіресе басқалардан гөрі дыбысталуы ұқсас, бірақ мағынасы әр басқа немесе бір түбірден тарап, дербес мағынаға ие болған сөздерді жұмсауда кездеседі. Мысалы: 1. Енесі сүйектерін сырқыратып орнынан тұрды (газет). 2. Жігіт жусан иісіне еліктеп, мас болғанын сезбеді (журнал). 3. Мүйізден зерделенген сандықтың құрсау қаңылтырлары ғана жатыр (журнал). Бұл жерде сырқыратып емес, сыртылдап, еліктеп емес елітіп, зерделенген емес зерленген.

Біріншіден, дәлдікке қатысты мәселенің бірі, зат, құбылыс пен оның атауы сөз арасындағы байланысты жете тани алмаудан қате жібереді. Мысалы, газетте: «Біркелкі күздің аңқылдап алтын күрек желі есті» деген сөйлемдегі «алтын күрек» деген тіркес күзде емес, халық көктемде қарды ерітетін жылы жерді айтады.

Екіншіден, дәл сөйлеуге қажетті шарттардың бірі – мағыналас сөздерді, олардың деректі, дерексіз ұғымды білдіретін түрлерін талғап, таңдап қолдана білуге баулу.

Үшіншіден, сөз- белгілі бір зат пен құбылыс атауы. Сөзді білгенмен оның қандай затты, құбылысты белгілейтінін білмеген немесе шала-шарпы ғана білген оқушы дәлдіктен көз жазып қалады. Кейде осы аталғандар керсінше зат пен құбылыстың дәл атауын қалай аталуын білмеу, не оған мән бермеу сөз дәлдігінен жаңылуға себеп болады. Мысалы, бота деудің орнына түйенің баласы, немесе қырықтықшы деудің орнына қой қырқушы, сақпаншы деудің орнына қой төлдетуші деп сөлекет қолданып тұрады [23,58].

Тілде толып жатқан өзара мәндес, мағыналас сөздер бар. Бұл қасиет сөздерді реті келген орайды, белгілі бір мақсатқа сәйкес талғап, саралап дәл жұмсауға мүмкіндік береді.

Алайда мағыналас сөздер бір-біріне қаншама жақын, мәндес болғанымен, олардың бойындағы рең, жұмсалу өрісіндегі айырма стильдік қолданысқа да тәуелді. Сондықтан тіл мәдениетіндегі дәлдік тіл стильдеріне де байланысты болады.

Сөз дәлдігі - әдеби тіл стильдерінің (көркем әдебиет, публицистика, ғылыми, ресми стиль) бәріне бірдей сапа болып табылады. Дегенмен сөз дәлдігі туралы әңгіме болғанда, бұлардың ішінде зерттеушілердің алдымен ауызша ғылыми стилі, іс-қағаздар стилі.

Сөз дәлдігі сөйлеу тіліне де қатысты. Мысалы, емтиханнан бес алды – емтиханнан үздік баға алды; емтиханнан құлап қалды – емтихан тапсыра алмады. Сөйлеу тілінде алғашқы сыңары қолдана береді, ал ресми стильде екінші сыңары қолданады.

Тілде толып жатқан варианттар, мағыналас сөздер бар. Әдеби тілдің функциональдық стильдерінде кейбірінде (сөйлеу тілі, көркем әдебиет) олар белгілі бір мақсатқа байланысты жарыса қолданылып та жатады. Ресми стильде синоним мен вариант сөздердің қолданылуы шектеулі болады. Мысалы, заман, кезең, дәуір тәрізді сөздер синоним ретінде ауызекі стиль мен көркем әдебиет стилінде қолданыла береді. Ал ресми стильде әрқайсысының нақты қолданысы, терминологиялық ұғымы бар. Мысалы: қазіргі заман тарихы, өтпелі кезең, дәуірдің қозғаушы күші.

Тіл мәдениетінің ең бір түйінді мәселесі – сөздің әсерлілігі. Тілді әсерлі етудің алуан түрлі амал-тәсілдері бар. Тіл әсерлілігін сөз, сөйлем, қайырым, тарау, бөлім, тіпті тұтас шығарманың өзіне де қатысты. Әсерлі сөйлеу мен жазудың тілге тікелей байланысты шарттары бар.

Біріншіден, орфоэпиялық норманы сақтау, дауыс, интонация, үн әуезділік арқылы ойды тыңдаушы мен оқушыға әсерлі жеткізу мүмкіндігі. Мысалы, хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің өзіндік интонациясын, диалогтағы кейбір жеке сөздер, қаратпа, қыстырма сөздерді т.б., дұрыс айту нормалары бар қасиетті жасауға көмекші болады.

Екіншіден, ойды әсерлі жеткізудің әдістері сөйлем құрауға да байланысты. Мысалы, сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстыру, бірыңғай мүшелерді пайдалану, ұйқас т.б. пайдалану да әсерлілікті күшейту әдістеріне жатады.

Үшіншіден, тілдегі бейнелегіш тәсілдер мен көркемдегіш тілдік құралдар түгелдей осы тілдің әсерлілігіне қызмет етеді.

Тіл мәдениетіне қажетті аса маңызды сапалардың бірі – сөз тазалығы. Тіл тазалығына қатысты алуан түрлі мәселелер бар:

1) Тілімізде бөгде сөздің қалай болса, солай араластырып қолданыла бермеуі. Мысалы: остановкада тұр, звонит етті т.б.

2) Басқа тілден екінші тілге сөз алу, жаңа ұғымның пайда болуы тәрізді заңды құбылыстардың шылауында ілесіп жүрген жөнсіз калькалар тіл тазалығына нұқсан келтіреді. Мысалы: түбек дегенді жарты арал, саулық қой дегенді аналық қой немесе аналық бас т.б.

3) Жергілікті говор, диалект сөздерді таңдамай, сараламай қолдану. Мысалы: бойлай (үнемі), ылғи (өне бойы), бәткерде қалу (әшкереледі), дейін, шейін (шекейін) т.б.

4) Ойға басы артық, қыстырма сөздерді жиі қолдану. Мысалы: әлгі, я, мәселен, яғни, сосын т.б.

Тіл қоғам тарихының барлық дәуірінде де оның күресі мен дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл мәдениетінің тұтқасы болып келеді. Қоғамдық ой-сана, дүниетаным тіл арқылы ғана қалыптасып, тіл арқылы ғана жарыққа шығады. Тіл – адам баласын қазіргі прогреске жеткізген ұлы да бірегей туынды. Осы себептермен де сөйлеу мәдениетіне жетілу, тілді дұрыс та тиімді және шебер де тартымды пайдалана білу талабы көне замандардың өзінде-ақ басталған[24,216].

Адамдар өздерінің өмірлік серігі, бүкіл тіршілігінің құралы, рухани өмірінің айнасы – тіліне, оның тағдырына бейтарап қарамаған, оны қызғыштай қорып мәпелеген. Қоғамның мәдени дәрежесін көтеру бағытындағы әрбір қадам, алдымен, тіл мәдениетін, жазу, сөйлеу өнерін дұрыс жолға қою, оны үздіксіз жетілдіре беру талабынан басталып отырған. Байырғы замандарда пайда болған алғашқы грамматикалық топшылауларды «өнер табысы», «грамматикалық өнер» деп атау, грамматиканы сөйлеу, жазу өнеріне үйрететін риторика, стилистика деп аталатын ғылымдардың пайда болуы айтылғандарды дәлелдесе керек.

Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы да ерекше мән берген. Ғылым –білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін өнердің өнері, «Өнер алды- қызыл тіл» деп бағалаған.

Тіл ұстартқан халқымыз тіл өнерін мәпелей отыра, сол қадірлісінің қадірін түсіретін, оған жауапсыз қарайтын, сөз мәнісін білмейтін топастыққа да жирене қарап, олар атына ащы да өткір сындар айтқан [25,63]. «Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен», «шіріген ауыздан іріген сөз шығарған» деген сияқты мақал-мәтелге айналып, мірдің оғындай өткір де ащы мысқылдарды тілді бұзушыларға, сөз жүйесін білмейтіндерге қарсы айтқан.

Халқымыздың баяғы заманнан бері қарай келе жатқан осы жақсы дәстүрі біздің заманымызда ұмытылмағаны былай тұрсын, қайта ғылыми негізде дамытылып жүр. Мерзімді баспасөздер беттерінен белгілі болғанындай, алпысыншы жылдар ішінде тіл мәдениеті, баспасөздер сауаттылығы мәселелерін жетілдіре беру ісіне ерекше қарқын беріледі. Бұл салада ұшығып бара жатқан біраз жағымсыз жайттар батыл сынға алынады. Пікір алысулар барысында айқындалған олқылықтарды болдырмаудың, сөйлеу тілі мен баспасөздің мәдениеттілігін арттыру шараларын белгілеу мақсатымен баспа ұйымдары арнайы республикалық кеңес өткізді. Содан бергі өткен уақыт ішінде конференция белгілеген шараларды жүзеге асыру бағытында елеулі істер жасалды, баспа орындарының ұқыптылығы артты, басылымдардың орфографиялық сауаттылығы жақсарды, туған тіліміздің тазалығына, қалыптасқан нормасына кеселін тигізетін тіл бұзарлыққа қарсы бағытталған күрес күшейді. Бірақ алуан түрлі мамандықтар өкілдерінің радио, теледидар арқылы күнбе-күн ауызекі айтып жататын хабарларынан сөйлеу мәнеріміздің, интонациямыз, акцентуациялық құбылыстарымыз, кідірістеріміз тіліміздің артикуляциялық базасына, дағдысына, дәстүріне сай қолдана бермейді. Пікірді ауызекі айтып беру мен жазба түрде беру арасындағы жағдай өзгешелігінен де болар, тіл бұзарлық тілдік материалдардың бей-берекетін кетіріп, талғаусыз қолдана салу жазба тілге қарағанда сөйлеу тілінде әлдеқайда мол және алуан түрде кездеседі. Солардың бірнешеуін атап өтейік.

Қай халық тілінде болса да сөздердің бір-бірімен тіркесуінде орныққан заңдылық болады. Ол заңдылық, біріншіден, сөздердің тіркесімпаздылық қабілетіне, екіншіден, сөздер байланысындағы салаластық немесе сабақтастық қатынасқа негізделеді. Байланыстың соңғысы жетектелуші (бағынушы) сөз, жетектеуші (бағындырушы) сөзден құралады. Өмірдегі сияқты тілде де жетектелуші жетектеушіге ілеседі. Тілде қалыптасқан осы заңдылықтың орынсыз бұзылып, біз бардық онда, қол қойған журналға, оқыдық бұл материалды деп айтуды тілге енген жаңалық, оның сымбаттылығын арттыратын, оны дамыта түсетінін білдірмейді. Ауызекі тілде аяқ басқан сайын кездесіп отыратын тіл бұзарлықтың ең бір өрескел түрі – қазақша-орысша сөздерді орынсыз араластырып, қойырпақ жасап сөйлеу. Мысалы, телевизия хабарына қатысқан кейбір жолдастардың сөздерінде айтылған подсобное хозяйство салдық, маршрут такси жолаушылары, компортабельді, спортивный мероприятияға көп көңіл бөлеміз деген сөйлемдер кездеседі. Радио, телевизия арқылы күнбе-күн беріліп жататын хабрлардың молдығын ескерсек, сол хабарларға қатысушылар сөздерінде кетіп жататын жоғарыда келтірілгендей тіл бұзарлықтың, әдеби тілімізді шұбарлар, оның сиқын кетіретін көріксіз жайттардың қандай мөлшерде екенін шамалау қиын болмаса керек[25,72]. Ал ол оқушы тіліне әсер етеді.

Тіл шұбарлаушылық туған тіліміз ішіне екінші бір тілдің сөздерін орынсыз енгізуде, қабылданған терминдарді бұзуда ғана болып жүрген жоқ, сонымен бірге әлденеше ұрпақтың күшімен жасалып, сан ғасырлар бойында жетіліп, қалыптасқан сөйлеу мәнеріміздің, интонациялық, акцентуациялық құбылыстардың, екпін түрлерінің бұзылып, басқа тілдің сөйлеу мәнерімен айтыла бастауын да сөйлеудегі тіл бұзарлыққа жатқызсақ керек. Жасыратыны жоқ, кейінгі жылдарда жекелеген азаматтар сөздерінен мұндай жайттар да жиі кездесіп жүр. Әрине, бұл сол азаматтардың мәдениеттілігінің, білімділігінің көрсеткіші бола алмаса керек, сондай-ақ ол кейбіреулердің айтатынындай, тілдер жақындасуының да үлгісі емес, тіл тазалығын, тіл мәдениеттілігін бұзатын іс.

Сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы – халық мәдениетінің жоғары болуы, рухани өміріміздің өсуі. Сондықтан радио, телевизия, оқу орындары мен кино, театр, үгіт-насихат орындары елге таратылатын хабарлардың идеялық мазмұнымен қатар соны жарыққа шығаратын тілдің не нормаға сай, бейнелі не тартымды болуына ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл ұйымдар, мекемелер, өздерін тек белгілі бір хабар таратушы деп санамай, сонымен бірге тіл көркемдігін, тіл шеберлігін, тілді қолданудың жақсы үлгісін таратушыларымыз деп санаулары керек[26,113]. Мұны рухани өміріміз дамуының бүгінгі күнгі маңызды талаптарының бірі, өскелең ұрпақтың тіл мәдениетіне жауапты болуы қажет. Сондықтан оқушылардың тіл мәдениетін жетілдіру ана тіліміздің нормасындағы тілдің жатықтығы, мәнерлілігі, әсерлілігі, тазалығы сияқты тіл сапаларын игеріп, қатенің не үшін қате екендігін үйрету бағытында жүргізіледі.

Бұл пікірлерге қарағанда, тіл мәдениеті екі бағытпен қарастырылады. Соның бірі – жазба тіл мәдениеті. Ауызекі сөйлеу тілі де, жазба әдеби тілі де бір-бірімен тығыз байланысты. Екеуі де жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасып дамиды. Белгілі тілдік нормаға (дәтүрге) сай жүйеленеді.

Тілдік норма – бір тілде сөйлейтін ұлт (халық) толық қабылдаған, барлығы білетін, түсінетін тілдің материалдық және мағыналық жағынан даму барысында жүйеленіп қалыптасуы, осының заң-ереже жиынтығы.

Т.Қордабаев: «Лингвистикада дыбысты тіл екі салаға бөлініп қаралады. Бірінші саласы – тілдің материалдық жағы, екіншісі- мағыналық, функциялық жағы.

Тілдің материалдық жағына ондағы дыбыстрдың, сөздердің, грамматикалық формалар мен үлгілердің жиынтығы жатады. Бұлар тілдің материалдық жүйесін қарайды.

Ал тілдің функциялық жағына оның материалдық жүйесінің адамдар арасында атқаратын қатынас құралдық қызметі жатады», - дейді [11,17].

Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл.

Ал жазба әдеби тіл туралы С.Исаев: «Жазба әдеби тіл – жазу арқылы белгілі жүйеге түскен, өңделген, сұрыпталған жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты, орныққан нормалары, стильдік – жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін хлықтың бәріне не көпшілігіне ортақ, түсінікті, қоғамдық қызметі әр алуан жалпы халықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған түрі», - дейді [27,51].

Тұжырымдағанда, әдеби тіл – қалыптасқан жүйелі нормаға негізделген, жалпы халықтық тілдің жетілген, ең жоғары сапалы түрі.

Ал, жазба тіл өзіндік ерекшелігіне қарай бірнеше стильдік тармақтарға жіктеледі. Әр әдеби тіл стильдерінің қалыптасқан тілдік нормалары бар. Сондықтан оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру үшін осы әдеби тіл стильдеріндегі мәтіндердің құрылымдық және тілдік ерекшеліктері игертіледі.

Тұжырымдай келгенде, оқушылардың тіл мәдениетін дамыта оқыту жұмысы мына төмендегі жүйеде жүргізіледі:

1. Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы.

2. Қарым-қатынас және сөз мәдениеті.

3.Әдеби тіл нормалары: лексикалық норма, грамматикалық норма, стилистикалық норма, орфоэпиялық норма, орфографиялық норма.

4. Ауызша сөйлеу мәдениеті.

5. Жазбаша сөйлеу мәдениеті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет