Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж



бет37/48
Дата12.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#135299
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Байланысты:
Диссертация Сәулембек Г.Р.

снова голоден и засыпаю непобежденным...[108, с. 39] деп сөйлемдер кейде тек үтірмен беріліп ұзап созылып барып көп нүктемен аяқталып жатса, кейде мүлде тыныс белгісіз жарты беттен бір-екі бетке дейін созылатын, ойдың аяқталған тұсында нүкте қойылмайтын сөйлем көп нүктемен басталып, көп нүктемен аяқталып жатады. Сөйлем синтаксистік тұрғыдан сауатсыз құрылу тәсілі арқылы роман кейіпкері Гевраның соққы алған санасының ойдан-ойға тоқтаусыз қыдырыстарын сипаттаған. Жазушы дилогиясында жиі қолданылған бұл тәсілдер туралы ғалым В.Савельева «Приём художественного синкретизма, к которому прибегает Д.Накипов, соединяя в финале «Круга пепла» музыку (строчка нотного текста), живопись и слово порождает закодированное послание. Финальные космические пассажи романа «Тень ветра» представляют собой ряды словосочетаний, разъединенных многотичиями. Всё это напоминает сюрреалистический текст, имитирующий бред» [109, с. 169] деп баға береді.
Көп қабатты, шытырман роман оқиғаларын бір арнаға тоғыстыратын оқырман. Бұл оқиғалар тек оқырман санасында ғана бір-бірімен байланысады. Кейбір оқиғаны бір-бірімен байланыстыру оқырманға қиындық тудырмаса, кейбірі логикалық ой қуатын, ассосация арқылы байланыстыра білу қабілетін талап ететіндігін байқаймыз. Жазушы бір мезетте елестерден, галюцинациялардан, туындап отыратын күрделі сезімдер қатпарларын шебер бере алған. Романдағы жатжерлік тіршілік иелері оносамдар мен самиондар туралы оқиғалар суретші С.Калмыковтың қиялынан туындап картинаға айналғандығын тек ассосациялар арқылы ғана аңғарып байланыстыруға болады.
Шизофрениялық дискурста болмыс, космологиялық денелер, өзге ғаламшарлықтар, ғажайып нұр, сәуле, Құдай мен шайтан, жасырын құдіретті күштер – жиі қозғалатын тақырыптар. Гевра Жермен егіз ғаламшардың және онда мекендейтін Оносамдар өркениетінің бар екеніне сенеді. Ғылым барынша дамыған ғаламшада жерде дүние салған баланың клонын жасау жолға қойылғандығы және Раль есімді жерлік баланың клоносамға айналғаны да Гевраның сырқат қиялының жемісі.
Өзін билеген түрлі ойлар мен сезімдер, образдар диссоциациялар тудырып, естілетін және елестейтін галлюцинациялар ақиқат өміріне қарағанда шынайырақ болып көрінеді. Оқтын-оқтын есін жоғалқанда естілетін галлюцинациялар мен өң мен түстің арасында берілетін елестер, шизоидты сандырақтар негізгі мәтін желісін бұза отырып берілген. Бізге де керегі осы романдағы құрылым бұзушылыққа себеп болған шизофрениялық дискурстың тілдік белгілері. Шизофренияның түрлі дәрежелерінің дискурстың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл туралы ғалым В.Савельева: «Фантастический сюжет вводится в текст романа «Круг пепла» курсивным шрифтом как мнимая реальность, сон, шизоидный бред травмированного катастрофой сознания. Но постепенно ему начинают отводиться целые главы романа. Читатель узнает о существовании вырождающейся цивилизации оносамов в созвездии Близнецов, куда доставили ген погибшего на земле мальчика Раля» [109, с. 170], – деп бір-бірте ұлғайып,
тарау дәрежесіне жеткен мұндай мәтіндерді енгізе отырып, автор романның құрылымын бұзады дейді.
Гевраның адамзаттың пайда болуы туралы мистикалық галлюцинацияларында кейде толық ойды білдіретін сөйлем бір сөзден, екі сөзден немесе тіркестерден тұратын бірнеше сөйлемдерге бөлініп беріледі. Мысалы, «Первой. Рявкнул вождь. В низу холманемесе «Охота. Щелчок. Взгляд. Взгляд. Жест. Вновь бегут-стелются. Щелчок. Слушают. Рев. Жест. Окружают. Стоп. Слушают. Ветер. Бегут. Против ветра. Выше. На склон. Там оплешь. Каменная...» [108, с. 137], деп Самиондардың аңшылықтағы іс- әрекеттері мен сезімдер кернеуін оқырман жүйкесінің әрбір талшығы арқылы сезінуіне қызмет етіп тұр. Жалпы атаулы сөйлемнің өзі қате болмағанмен, оны осылай тізбелей беру классикалық шығармалардағы секілді сөйлем құрылымына едәуір өзгеріс әкелген. Сөйлем құрамындағы бірнеше сөз таптарынан тұратын сөйлем мүшелері бөлініп, жеке-жеке атаулы сөйлемдерге айналған. Тіпті сөйлемдегі орын тәртібі де ауысқан күйде берілген. Мысалы,
«Все самионки взошли на холм.» деп аяқталуы тиіс сөйлем романда Взошли. На холм. Самионки. Все. [108, с. 139], - деп беріледі. Мұнда сөздердің орын ауыстыру тәртібі арқылы шизоидты тіл ерекшелігін көркем мәтінде дәл көрсете алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет