Симулякр – (франц.simulacre, лат. Simulacrum – бейне, ұқсастық) – шындықтың орнын басатын жалған нәрсе, болмаған шындықтың бейнесі, ақиқатқа жуық ұқсастық.
Тосын сөздер, окказионал сөздер (лат. occasionalis – кездейсоқ) – мағыналары тілде орнықпаған, жалпы қолдануға келмейтін, әдетте мәнмәтінде ғана мағынасы ашылатын, сөздер.
Шизофрениялық дискурс (Франц. discours schizophrenique) – Ж.Делез бен Ф.Гваттари 1972 ж. ендірген термин. М.Фуконың мәдени бейсананың үстемдігіне «әлеуметтік шеттетілгендердің» (ессіздер, аурулар, қылмыскерлер, сондай-ақ шығармашылық адамдары: жазушы, ақын, суретшілер т.б. с.с.) әрекетін қарама-қарсы қою тұжырымдамасынан келіп, Ж.Делез бен Ф.Гваттари капиталистік қоғамның «ауру өркениетіне» қарсы тұрудағы тұлғаның негізгі азаттық пен төңкерістік бастауы болып табылатын шизофрения» ұғымын ұсынды. «Шынайы» суретші, сөзсіз, «шизоидтық тұлға», ол қоғамды қабылдай алмау арқылы «әлеуметтік шеттелгендердің» сипатына ие болады және шизофрениялық дискурсқа жүгінеді. Жалпыға бірдей логика мен себеп- салдарлық тілдің қуатын жоққа шығарып, абсурд және парадокс тіліне (мысалы, Л.Кэрролл мен А.Артоның шығармалары) сүйенеді.
Эпистемология (гр. episteme – білім, logos – ілім сөздерінен тұратын білім туралы ілім деген мағына береді) – таным проблемаларын, атап айтқанда білімді, оның құрылысын, құрылымын, қызмет етуі мен дамуын зерттейтін философияның тарауы.
Достарыңызбен бөлісу: |