Әдістемелік нұсқау:
Қазақтар мен қазақ хандары туралы Фазлаллах ибн Рузбихан, Мирза Махмуд Хайдар, Қадырғали бидің еңбектерінің маңызына баға беріңіздер. XVII-XVIІI ғғ. басындағы қазақ хандығы және Eciм хан, Жәңгір хан, Тәуке ханның билігін міндетті түрде оқыңып талдау жасаңыздар.
Негізгі әдебиеттер: 10, 11, 13, 16, 17, 18, 22, 25, 27, 39, 40.
Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 4, 5, 9.
Глоссарий.
Әкімдер - Қарахан мемлекетіндегі отырықшы егіншілікпен айналысатын аудандарды басқаратын адамдар лауазымы.
Беклербек - Алтын Ордада мемлекеттік, әскери қызметті ханның атынан басқаратын адам.
Гуньмо - үйсін басшыларының лауазымы.
Жабғу - оғыз тайпасының ерте ортағасырлық феодалдық мемлекетінің билеушісінің лауазымы.
Құрылтай - түркі халықтарында хандар саулауын өткізу немесе басқа да ірі мәселелерді шешу үшін өткізілетін жиналыс.
Манап - қырғыздардың ру шонжарлары.
Печенегтер - Хазарларға, кейінірек келген қыпшақтарға туыс, көшпенді мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Үлес - Қарахан мемлекетінде ірілі-ұсақты өңірлерге бөлінген феодалдық жер иеліктері.
Руналық жазу - Соғды жазуының негізінде, арамейліктен бастау алған азиялық түріктердің жазуы (V-XI ғ.ғ).
Горхан - Қарақытайлар билеушісінің титулы (хандардың ханы).
Талас жазуы – VIII ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.
Достарыңызбен бөлісу: |