Шығыс Еуропадағы хундар империясы Біздің заманымыздың басындағы I ғасырда Хун одағы еьсі топқа жарылып, бірі — Шығыс хун мемлекеті, екіншісі Солтустік Батыс хун мемлекеті болып аталған. Екі мемлекеттің екеуінде де түркі тайпалары билеп отырған бірнеше тайпалық одақтар болған. Солтүстіктегі Хун мемлекеіі біздің заманымыздың IV ғасырында әйгілі болып, шығыс Европаға қарай жылжыды. Б. з. IV ғасырынык 70-жылдарының аяғында хундар солтүстік Қаратеңіз оңірінде пайда бола бастады. Хундардан бірінші болып соккыға жығылғандар Азов теңізі өңірін мекендеген аландар (осетиндер) еді. Көшпелі аландардың біраз болігі қазіргі Кубань өзені бойындағы хундарға бағынды. Хундар екі бағытта ілгері жылжыды: біріншісі — қыста мүзды жолмен яғни Перекоп жэне Таман түбегі аркылы қазіргі Керчь бүғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығына беттеді. Оның калалары алынды жэне тоналды. Мың жыддан аса емір сүрген Боспор патшалығы жойыдды. Екіншісі батыс және солтүстік батыста орналаскан Сармат — алан және Готтар немесе швед тайпасына бет түзеді. Вестоготтар (Батыс Готтар) Дунайға қашты, Остоготтар (Шығыс Готтар) талкандалды. Олардың королі 110 жастағы Эрмонарих жеңіліске үшырағанын көтере алмай, өзін-езі өлтірді. Сонымен Оңтүстік Батыс хундарға Еділ мен Дунайға дейінгі жерлерді мекендеген турлі тайпалар мен халықтар бағынды. Осыдан кейін — 376 жылы хундар Рим империясымен көршілес мемлекет болып, коп узамай оған күш көрсете бастады. 395 жылы хундар Закавказье мен Месопотамия аймағына шабуыл жасады.
Хундардың патшасы Аттила 450 жылы Рим империясының шекарасын кесіп өтуге дайындалады. Ол Рим императоры Валентино Ш-ден карындасы Гонорияны озіне эйелдікке және Рим мемлекетінің байлығы мен билігінің біраз болігін беруін талап етеді. Гонорияның өзі болса Аттилаға әйел болуға ықылас танытады. Оның себебі — Гонория кеп жылдар бойы оз туыстарымен Римде билікке таласқан еді. Сондықтан ол Аттилаға қүпия түрде сенімді кісіден хат жолдайды. Онда Аттилаға әйел болғысы келетінін білдіреді, оның белгісі ретінде қымбат жузігін беріп жібереді. Римдіктер муны біліп койып, катты дурлігеді, Муны ежелгі тарихшы "бүкіл мемлекетке жауыздық экелді, Римге опасыздық жасады" деп жазды. Әрине, Аттиланың сарайында 32 жастағы Рим қызынан басқа да жас қыздар жеткілікті еді. Бірақ Аттиланың Рим кызымен кесілер некесі римдік патшаның мүрагері болуға мумкіндік беретін еді.
451 жылы Аттила алып державаның эміршісі болды. Оған Днестрден Римге дейінгі, Балтык, теңізінен Қара тёңізге дейінгі жерлер бағынды. Ол қай жерге аяк басса, сол жерде үрей туды. Оның айтқанын ешкім екі етпеген. Аттилаға бағынбаған Рим ғана қалады. 451 жылы Аттила Рейн өзенін басып өткенде Римнің тағдыры қыл үстінде түрды. Римнің эскер басы Аэции деген адам еді. Ол жас кезінде хундардың тутқыны болған, сол жерде Аттиламен кездескен болатын, ол хундар әлемін жақсы білетін. Аэцидің туы астына вестоготтар, аландар, алемендер, бургундар, франктар бірігіп, 451 жылы 15 маусымда Тура каласының жанындағы жазықта Атгила әскерімен шешуші шайқас болады. Мүндай жүздеген мың әскер қатысқан ірі қантөгісті бүдан соң тарихта XIX ғасырға дейін ешкім көрген емес. Өлгендердің саны 166 мыңға жетіп, жапа шеккен жаралылар өзеннен қан араласқан су ішкен. Тіпті, аса берік, лирикалық өзгерістерге мойымайтын гот тарихшысы Иорданның өзі де шыдамай, осы шайқасты қайғылы суретгеген. Алғашқы шайкас Атгиланың жеңілісімен бітгі. Ол эскерлерімен бірге күшті лагерде тасалануға мэжбур болды. Шабуылды күту кезінде ол хундардың дэстүрі бойынша жау қолына тірі түспеу үшін өзін отқа жағуға дайын еді. Бірақ хундар бекінісіне шабуыл болмады, Римдіктер қүрған одақтың арасында өзара келіспеушілік, сенбестік, араздық бастадды, вестоготгар өз эскерлерін соғыс аймағынан алып кетті. Аттила болса, өз әскерлерін ертіп, аман-есен кері қайтты. Көп үзамай ол өзінің эскер қатарын толықтырып, Италияның оңтүстігіне — Римге қарай бет адды. Ол көптеген қалаларды: Аквилея, Верона, Монтуя жэне Бергамоны басып алды. Милан каласы Аттилаға тіпті өз еркімен берілді. Қала басшысы қақпаны езі ашты. Аттила сол үшін қайырымдылык, жасап, қаланы жай ғана тонады. Ендігі кезек Римдікі еді. Мәңгілік каладан Лев I Рим папасы Аттиладан қайырымдылык сүрау үшін елші жіберді. Елшілер Аттилаға кеп алтын, асыл заттар тарту етті. Күтпеген жерден Аттила келісім берді. Себебі, хун елінде оба ауруы басталған еді. Хун патшасы Поннонияға кетпекші бодды. Бірак Римдіктер Гонорияны эйеддікке бермесе, келесі жылы келіп қаланы шабамын деп қорқытты. Аттила қайтьш келмеді. Ол өз сарайына әйелдікке бургун елінің (немістің) сүлу қызы Ильдиконы алды.
Тойдың ертесі күні қызметшілері неке төсегінде жылап отырған қыз бен өліп жатқан Аттиланы көрді. Неміс тарихшылары: "Шындығына келгенде, ол кыздың бойынан алған қүмарлықтың куштілігінен өлді" дейді. Бірак Аттиланың өлімі Еуропаның шартарабына оның бургун корольдігін күйреткені жэне туысқандарын өлтіргені үшін кек алу максатымен Ильдико у берді деген хабар тарайды.
Аттила өлген соң Хун империясы ыдырады. Бірақ Аттила ел ауызында мэңгі қалды. XIII ғасырдың басында Австрияда, Дунай жағасында белгісіз шпильман (кезбе энші) көп ғасырлар бойы әр турлі герман халықтарына ауызша тараған батырлық туралы дастан жинап Жүріп, "Нибелунга" деген жыр жазып алды. Онда біз хундармен готтармен, бургувдармен, Ильдико сүлумен немесе Кримхильмен (оның еркелеткен аты Хильди) жэне катал Аттиламен кездесеміз. Жырда Аттила немісше Этцел деп аталады. Бүл жырда Кримхиль Этцелден (Аттиладан) ағаларының кегін алмайды. Керісінше, Этцелдің көмегімен бургун корольдығын қүлатып ағаларынан кек алады. Этцел біздің көз алдымызда ашык, жайсаң және кайырымды король, ак көңіл басқарушы болып көрінеді. Тарихтың тағы бір жүмбағы бар! Мумкін осылай да шығар. Аттиланың өлімі Римді қүткармады. Екі жыл өткеннен соң Римді Вандалдар басып алып, екі апта бойы тонады. Ал содан 21 жыл өткеннен кейін Батыс Рим империясы мэңгі жойылды.
Аттила империясының күлағанына 1400 жыл өтсе де, Европа елдерінің есінде сақталған, оған мысал — 1942 жылы 11 сәуірде Гитлер өзінің баспанасы —"Волчое логово" деп аталған үйде отырып, фашистік есіріктерге болашақта шығысты күлдықта үстау үшін мынадай кеңес берген: "Шығыс облыстарының халкына кару-жарақ беру керек емес, мүны бізге тарих үйретті, кару берсек, бүл улттарды билеу жойылады. Егер басып алған халықтардың (орыстардың), қырғыздардың, казақтардың, чехтардың) қолына қару берілсе, иэ, тура айтсақ бүл халықтар біздің билеуімізден кетеді. Біздің мақсатымыз шығыс облыстарының жерінде эскери тірек пункттер орнату жэне барлық немістердің осы әскери пункттермен тығыз байланыста болу керектігін жене бүлар өз тарихын, мемлекеттік үғымды білсе, бізге қауіп туғызады"1,—деді.
Хундар көсемі Аттила қазіргі Вещр халқының мақтанышы екенін де айтқан жөн. Венгрияда Аттила атыида университет бар. 1994 жьшы 22 ақпанда Қазақстанға Венгрияның төтенше өкілі болып тағайындалған Торма Иожеф кезінде Аттила атындағы университетті бітіргеңін білеміз. Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырғаннан кейін, ол казақ — венгр халыктарының тарихи туыстығы тереңнен тамыр алып жатқанын, ежелгі хундар заманынан бері жан-жакты байланыста болғандығын атап өтті.