Алтын Орда хандарының ішкі және сыртқы саясаттағы жеңістері. (1227-1359 ж) Жошының екінші ұлы, Шыңғыс ханның немересі Батый хан тұсында монғолдар орыс елінің көп жерін басып алды.(1236-1241 ж) Польшаны, Венгрияны,Дальмацияны шапты, Грузияны жеңіп, Кавказдың басқа да кейбір халықтарын бағындырды. Алтын Орда шекарасы Ертістен Днестрге дейін созылды. Шығыс Еуропада болған Еділ бұлғарларының жері, Дешті Қыпшақ,Қырым және Дербентке дейінгі Солтүстік Кавказ (кейде Бакуге дейін), Орта Азияда Үргеніш қаласымен қоса Солтүстік Хорезм, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі аймақ түгел қарады.
Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласында болды; көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды.
Алтын Орда ХІІІ-ХІV ғасырларда күшті мемелекет болып тұрды. Бұл тұста оны мемлекет ретіндегі беделі өсіп, көрші елдермен қарым-қатынасы нығайды, шаруашылығ, мәдениеті өркен жайды. Осы кезеңдерден Алтын Орданың қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш,Хорезм,Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет салалары өсті. Оған біріншіден түркі текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениеті , Әл –Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әл-Бируни, Ас-Сығанақи, бин Искақ, Фердауси,Низами, Ахмед Йассауи, Сүлеймен Бақырған тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану мен ілгері дамыту оның әсерін тигізсе, екіншіден, көрші елдер мәдениетінен үйренудің езгі ықпалы болды.
Алтын Орда хандары Батый (1256ж өлді), Берке (1257-1266 ж), Мөңке-Темір (1266-1280 ж), Туда-Мөңке (1280-1287 ж), Төле-Бұқа (1287-1291 ж), Тоқты (1291-1312 ж), Өзбек (1312-1342 ж), Жәнібек (1342-1357 ж) хандар тұсында Алтын Орданың қуаты арта түсіп, билігі мейлінше күшейді. Егер Жошымен Батый Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бас иген болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін толықтай тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда – саттығы өркендеді, әр түрлі кәсіпшілік пен қолөнер дамыды. Берке тұсында Алтын Ордаға ислам діні ене бастап, Өзбек тұсында ол үстем дінге айналды. Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші әулеттің өкілдері бастаған әскери феодалдық алпауыт – бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекеттік құрылыс әскери негізде болды, шет аймақтарды әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер- оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада – оғландар: түменбасы, мыңбасы, жүзбасы,оңбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерді атқаруға билеуші топтың өз адамдары – оғландар, әмірлер, даруға-бектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың дуван бітікшілері, талғамшылар отырды. Қалар мен бағынышты аймақтар басқару үшін губернаторлар – жаруғашылар, басқақтар тағайындалды. Олардың неізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскери күшімен алым-салық жинау еді.Ақ Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды. Көшпелі халықтарда жартылай патриаирхтық, жартылай феодалдық қатынастар үстемдік етті. Шаруалардың жағдай мейлінше ауыр болды- олар екі жақтан бірдей қан алды: ханға жергілікті алпауыттарға да алым-салық төледі. Бастапқыда салықтың дені хан қазынасына түсті. Кейіннен Алтын Орда хандары жергілікті билеушілерге тархандық жарлық үлестіруді кеңірек қолданды. Мұның өзі феодалдардың бағынышты халықты шексіз билеуіне және салықты өз қалауынша жинауына ерік берді. Егінші шаруалар өңдеген жерден заттай алынатын салық төледі.Серіктес шаруалар феодалдарға еріксіз жұмыс істеп, салықтарын өтеді. Бұлардың үстіне жол, көпір, көлік, арық жүзім т.б. салықтар болды. Жеке меншікті қорғау үшін мемлекеттік заң мен мемлекеттік идеология қалыптасты. Ол туралы Лев Гумилев «Мені Евразиялық деп атайды» атты еңбегінде : «Жошы ұлысына қарайтын бүкіл елге-Еділдегі, Алтын ордадан,Тюмендегі Көк Орда мен Ертістегі Ақ Ордаға дейін ислам дінін қабылдауға мәжбүр етілід» , - дейді.
Аңғал да , ақкөңіл көшпенділер өзінің хандарына қалтқысыз сенді, ал хандар болса, ақылды әмірлерге зәру еді. Әмірлер сауда орталығы болған қалалардың тұрғындарымен тығыз байланыста болып, 100 жыл ішінде шынайы мұсылмандарға айналып шыға келді. Ал бұл Шыңғыс тұқымының жауына айналды деген сөз еді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары қала қыпшақтары, орыстар, армияндар, гректер, ежелгі хазар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, арғын, найман,қоңырат,керей, уақ т.б. тайпалар мекендейді. Дешті Қыпшақ аймағы мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар мүлде аз болды.
Монғолдар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы – Еділ бойы, басты астанасы – Берке сарайы, неізгі әскери феодалдық күші – қыпшақ тайпалары болды.
Алтын Ордада 132 жыл үстемдік еткен Батый династиясы сыртқы қақтығыстағы жеңістерімен династия ішіндегі тыныштықты сақтаудағы өздерін Алтын Орда хандығының ішіндегі ең белсендісі екендігін көрсетті. Сарай тағымдағы Батый ұрпағының соңғы мұрагері өлгеннен кейін Жошы ұлдары Орда – ежен, Шайбан және Тоқа-Темір арасында таққа отыруға деген ұмтылыс өріс алды. Осындай қат-қабат қайшылықтар ең алдымен Ақ Ордада басталды.