Пәннің қысқаша мазмұны
«Түркі халықтарының тарихы» курсы басқа да бүкіләлем тарихы курстарымен қатар Тарих мамандығында оқытылатын негізгі пәндердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы педагогтік жоғары оқу орындары тарих факультеттерінің оқу жоспарларына «Түркі халықтарының тарихы» міндетті пән ретінде енгізу, Кеңестер Одағы тарағаннан кейін тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің пайда болуына байланысты саяся конъюнктура үшін емес ал керісінше піcіп жетілген ғылыми - қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету үшін дер кезінде жүзеге асырылған. 70-тей дерлік халық пен жұрт - жалпы саны 200 млн-дай түркі тілді этностар мен ұлттардың тарихы толыққанды тарих пәндерінің бipi ретінде оқытылуға әлдеқашан-ақ лайық еді. Көшпелі және отырықшы түркі халықтарының бүгінгі таңда әлемдік өркениет пен мәдениетке тендесі жоқ үлес қосып отырғандығын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар түркі халықтарының тарихын жүйелі және дәйектілікпен оқып білмей тарих білімін терең менгеру мүмкін емес. Eкінші жағынан, Отандық тарихты толыққанды, терең оқып-үйрену, қазақ халқының қалыптасуы XIV-XV ғғ. жүзеге асты деген ғылымда қалыптасқан фактіні көрсету, түркі тайпаларының ерте және орта ғасырлардағы тарихынан міндетті түрде бастау алуы және соның негізіне сүйенуі тиіс.
Түркі халықтарының тарихын оқыту үлкен қиындықтар мен күрделі мәселелерден тұрады. Бағдарламаны құрастыру барысында біз материалды баяндауда ішінде түркі халықтарының өмipi өтіп жатқан конфессионалды – мәдени, мемлекеттік - саяси құрылымдардың өзіндік сипаты мен ерекшеліктерінің мағыналық мәтініне сай дәстүрлі елтанулық негізді сақтадық.
Курстың хронологиялық шеңберін бiз шартты түрде төмендегідей бөлеміз:
1. Б.з.д. ІІІ ғ. - б.з. VI ғ. Хунну дәуірі.
2. VI-XIII ғғ. Tүpкi мемлекеттерінің дәyipi.
3. XIII-XV ғғ. Моңғол шапқыншылығы және түpкi дүниесі.
4. XV-XVIII ғғ. Жаңа этникалық негізде түркі мемлекеттерінің құрылуы.
5. Жаңа және қaзipгi замандағы түpкi халықтары.
Пәннің тақырыптық жоспары.
Достарыңызбен бөлісу: |