Дістемелік кешен



бет87/112
Дата22.12.2021
өлшемі0,85 Mb.
#127596
түріПрограмма
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   112
Байланысты:
ооп лекция
қорытынды атт 11.03.21, қорытынды атт 11.03.21, эссеге керек
Енгізу-шығару ағындары

Орындауға арналған тапсырмалар:

  1. Алдыңғы жұмыста орындалған тапсырма үшін класс объектілерін енгізу-шығару амалдарын қайта жүктеу, жеке объектіні және кластың барлық объектілерінің тізімін консольдан текстік файлға немесе керісінше ыңғайлы түрде енгізу-шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін функцияны өңдеу.

  2. Демонстрациялық программаны, оған объектілер санын өзгерту үшін конструкторлар мен деструкторлардың өңделген функцияларын шақыруды қоса отырып өзгерту.

  3. «Кітапхана» класын сипаттау. Кітаптардың кез келген санымен жұмыс жасау мүмкіндігін, қандай да бір параметрі бойынша (мысалы, авторы бойынша немесе шығарылған жылы бойынша) кітапты іздеу мүмкіндігін, кітапханаға кітап қосу, кітапты өшіру, әртүрлі өрістері бойынша кітаптарды сұрыптау мүмкіндіктерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Бастапқы мәліметтерді файлдан оқып алып, нәтижені екінші файлға жазу.

  4. «Көрсеткіш» класын сипаттау. Көрсеткіштің әр компоненті сөзді және осы сөз кездесетін беттер номерлерін қамтиды. Бір сөзге қатысты беттер саны 1-ден 10-ға дейін. Көрсеткішті клавиатурадан және файлдан құру, көрсеткішті шығару, берілген сөз үшін тиісті беттер номерлерін шығару, көрсеткіштен элементті өшіру мүмкіндіктерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы):

  1. Кластарды сипаттау кезінде класс объектілеріне көрсеткіштің статикалық массивін енгізіңіз.

  2. Конструкторларды жазу кезінде осы көрсеткіштерді құрылатын объектілердің адресін сақтау үшін қолданыңыз.

  3. Деструкторларды жазу кезінде статистикалық массивтен жойылатын объектілердің адресін өшіріңіз.

  4. Жеке консольмен және файлмен жұмыс жасау үшін кластың объектілерін енгізу –шығару үшін орналастыру және шығару амалдарын қайта жүктеңіз.

  5. Барлық класс объектілерінің тізімін шығару үшін жеке функцияны өңдеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет