Жұмысты орындау тәртібі
1. Теориялық мәліметпен танысыңыз.
2. 1 – 3-ші программалардың жұмысын талдаңыз.
3. Өзіндік жұмыс тапсырмасын орындаңыз
Өзіндік жұмыс тапсырмалары
№ 2 лабораториялық жұмыстың кластар иерархиясын топ класымен толтыру. Мысалы, ФАКУЛЬТЕТ пәндік облысы үшін «факультет», «студенттік топ», «кафедра» кластарын ұсынуға болады.
Итератор әдісін кластар тобы үшін жазу.
Топқа кіруші барлық объектілер үшін орындалатын процедура немесе функция жазу.
Топтардың объектілері жасалатын, итератордың қолданылуын көрсететін бағдарлама құру.
Объектілер иерархиясы келесі түрде құрылады (ФАКУЛЬТЕТ мысалында):
а) бос ФАКУЛЬТЕТ құрылады
б) бос КАФЕДРА құрылады
в) ОҚЫТУШЫЛАР құрылады және КАФЕДРАҒА енгізіледі
г) КАФЕДРА ФАКУЛЬТЕТКЕ енгізіледі
д) басқа кафедра үшін осы қадамдар қайталанады
е) бос СТУДЕНТТІК ТОП құрылады
ж) СТУДЕНТТЕР құрылады және СТУДЕНТТІК ТОПҚА енгізіледі
з) СТУДЕНТІК ТОП ФАКУЛЬТЕТКЕ енгізіледі
и) басқа студенттік топ үшін осы қадамдар қайталанады
ФАКУЛЬТЕТ кері ретпен өшіріледі (деструкторды шақырған кезде).
Жұмыс есебі
- Жұмыс тақырыбы мен мақсаты;
- Жұмыстың орындалуы кезінде қойылған сұрақтарға жауап беру;
- Өзіндік жұмыс программасының листингі.
Достарыңызбен бөлісу: |