Дістемелік кешен


Кластың статикалық компоненттері



бет11/112
Дата22.12.2021
өлшемі0,85 Mb.
#127596
түріПрограмма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   112
Байланысты:
ооп лекция
қорытынды атт 11.03.21, қорытынды атт 11.03.21, эссеге керек
Кластың статикалық компоненттері

Класс – бұл тип. Ал обьект сол класстың программадағы нақты көрінісі. Әр обьект үшін өзінің класс өрістерінің көшірмесі болады, егер бір типтің барлық обьектілері кейбір мәліметтерді бірігіп қолданса, онда сол мәліметтерді орналастыру және оларға класстың барлық обьектілерінен қатынауды қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Ол үшін статикалық компоненттер механизмі қолданылады. Статикалық деп – static модификаторы мен хабарланған класс компоненттері аталады. Мұндай компоненттер класс бөлігі болып табылады бірақ осы класстың обьектілеріне кірмейді.

Класстың статикалық өрістерінің тек бір ғана көшірмесі бар болады. Бұл өрістердің инициализациясы міндетті түрде классты анықтаудан тыс орналасады.

Статикалық өрістер кластың барлық объектілеріне ортақ мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Мысалы, объект саны немесе ресурстың бөлінген барлық объектілеріне сілтеме. Бұл өрістер кластың жеке экземплярондағы барлық объектілер үшін бар болады.

Төменде статикалық өрістің ерекшеліктері көрсетілген:



  • Жады статикалық өрісте құрылған объектілердің санынан тәуелсіз (тіпті ол қатыспаған кезде) инициялизацияланған кезде бір-ақ рет белгіленеді және әрекет ету облысына рұқсат беру операциясы көмегімен инициализациялайды:

  • Статикалық өрістер – кластың аты арқылы қол жетімді болғаны тәрізді, объектілер атымен де қол жетімді.

Статикалық өріске рұқсат беру спецификаторының әрекеттері таралады, сондықтан статикалық өрістер private арқылы сипатталады және оны жоғарыда қарастырылған әрекет ету облысына рұқсат беру операциясы арқылы өзгертуге болмайды. Мұны тек статикалық әдістер арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Статикалық өрістердегі жады “size of“ операциясының көмегімен объектінің размерін анықтау кезінде саналмайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет