Дістемелік кешені



бет8/15
Дата18.12.2021
өлшемі222,5 Kb.
#102672
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
8a64ac5b-b3a6-11e4-bd4b-f6d299da70eeТүркітану.материалдар арн. (2)

Бақылау сұрақтары:

1 Фонетиканы салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеуші ғалымдар еңбектері.

2 Салыстырмалы – тарихи грамматиканың зерттелуі.

3 Салыстырмалы – тарихи лексика, зерттелу жайы.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.

2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.

7 -дәріс

Тақырыбы: Түркі тілдерінің даму мен қалыптасу кезеңдері. Алтай дәуірі. Хун дәуірі.


  1. Түркі тілдерінің қалыптасуындағы Алтай дәуірі.

  2. Түркі тілдерінің дамуындағы Хун дәуірі.

Түркі халықтарының, олардың тілдерінің тарихын зерттеген ғалымдар /М.Н.Кастрен, В.Бартольд, В.Радлов, П.Мелиоранский т.б./ түркілердің ру-тайпа болып даму тарихын алты кезеңге бөліп қарайды. Олар: І.Алтай дәуірі. 2.Ғүн дәуірі.З. Көне түркі дәуірі.4. Орта түркі дәуірі.5. Жаңа түркі дәуірі. б.Кеңес дәуірі.

1. Алтай дәуірі. Бұл-ғылымда айқындалып жетпеген, өмір сүрген дәуірі де нақты емес, ете көне дәуір. Бүл атауды қолданушылар біздің заманымыздан көп бүрыңғы көне заманда түркі түқымдары монғол, түңғыс-манжур, жапон, корей халықтарымен бірлікте болған, бүлардың тілдері де езара туыстас, теркіндес тілдер.

Түркологияда Алтай дәуірі «алтай тілдері» теориясы еткен ғасырдың орта кезінен бастап қалыптасты. Оны қалыптастырушылар неміс ғалымдары В.Шотт және М.Кастрен. Бірақ бүл екеуінің теориясына түрткі болған түжырым әріректен, XVIII ғасырдан басталады. І-Петр заманында болған швед соғысында түтқындалып, үзақ жылдар бойы Сібір елкесінде Швед армиясының офицері Таберт Страленберг 1730 жылы Стокгольмде «Европа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлігі» атты еңбек жариялайды. Осы еңбегінде Страленберг түркі, монғол, түнғүс-манжур тілдері ' ол бабта бір негізден тараған туыстас, төркіндес тілдер дейді де, оларды «Алтай тілдері» деген атаумен атайды. Жоғарыда талған неміс ғалымдары Страленбергтің осы пікірін теориялық жақтан терендете түсіп және аталған тілдер қүрамына угро-фин, самоди тілдерін де қосып, оларға «Орал-Алтай тілдері» деген атау береді. Кейініректегі зерттеушілер бүл топқа, /семьяға/ жататын тілдер үстіне корей, жапон тілдерін де қосып жүр./Е.Поливанов, Г.Рамстед/

Түркі тілдері тарихының маманы Н.А.Баскаков пікірінше, түркі тілі монғол, түнғыс-манжур тілдерімен туыстас, бүлар арасында тек типологиялық қана емес, туыстастық, теркіндестікті білдіретін белгілер олардың фонетика жүйесінен де, негізгі сездік қорынан да мол кездеседі. Алтай тілі деп аталатындар да осылар дейді. Ал угро-фин тілімен ,яғни Орал тілі дегенмен, Алтай тілі арасындағы жақындық туыстық емес, типологиялық, сондықтан угрофин, самоди тілдерін Алтай тілімен туыстас дерлік дәлел жоқ деп жазады. Ал, түрколог А.Н. Кононов түркі, монғол, түнғүс-манжур тілдері арасында лексикалық та, фонетика-грамматикалық та үқсастықтың барлығы даусыз, бірақ ол жақындықтың себеі нақтылы емес, алдағы уакытта белгілі болар деген үміттене қою да қиын, соған қарамастан «алтай тілі» дегендер арасындағы жалпылық сипаттарға түркі тілі тарихын зерттегенде пайдалану керек дегенді айтады.

Алтаистиканың халықаралық комитеті бар. Бүл комитет жыл сайын «Түрақты интернационалдық алтаистика конференциясы» атты кеңес өткізіп түрады.

1. Ғүн дәуірі.

Бүл - түркі тілдері дамуынын Алтай дәуірінен кейінгі екінші кезеңі. Бүл кезең, яғни, ғүн дәуірі, жыл санауымыздан бүрынғы III ғасырдан бастап, біздің заманның V ғасыры арасын қамтиды. Бүл дәуірде түркілер мен моңғолдар, түңғыстар мен манжурлар ғүн деп аталатын үлы да күшті империя қалыптастырған. Осы империяның омір сүрген дәуірі ғүн дәуірі деп аталады. Европалық тілдерде ғүн, көне грек тілінде скиф, парсылар тілінде сақ деп түрліше аталатын бүл империяны ғалымдар Қазақстан мен Орта Азияда пайда болған алғашқы тапты қоғам деп есептейді. Қазіргі түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да, түпкі төркіні осы ғүндар болса керек. Тарихи деректерге қарағанда ғүн империясы Орта Азиядан бастап Шығыс Европаға дейінгі кең алқапты жайлайды. Жыл санауымыздың бірінші ғасырының орта кезінде/581ж/ хандыққа, билікке таласып, өзара жауласудың және сыртқы дүшпандардан, әсіресе, қытайлардың тынымсыз шабуылдары нәтижесінде ғүн империясы Батыс ғүн, Шығыс ғүн болып екі мемлекетке белінеді. Кейбір түрік қағандығы, Шығыс түрік қағандығы деп те атайды. Батыс түрік қағандығы Жетісу, Шығыс Түркістан, Тянь-Шань, Орта Азия аймақтарын жайлаған. Ғалымдар оны біздің заманымыздың 503 жылынан бастап емір сүрген ерте феодалдық мемлекет деп есептейді. Батыс ғүн қүрамына бүлғар, оғыз, қыпшақ, қарлүқ деп аталатын тайпалар және осы тайпалардың атымен аталатын бүлғар тілі, оғыз тілі, қыпшақ тілі, қарлүқ тілдері енген. Бүған қүрамында болғаны байқалады. Шығыс ғүн бірлестігі қүрамына үйғыр-оғыз, қырғыз-қыпшақ деп аталатын екі тайпа одақтары және олардың тілдері енген. Н.А.Баскаков «Тюркские языки» дейтін еңбегінде жоғарыда аталған тайпалар тілдерінің бір-бірінен фонетикалық және грамматикалық біраз езгешеліктерін керсетеді.

Түркологияда көне түркі дәуірі үш кезеңге белінеді:

І.түрки, бүл-У-ҮШ ғасырлар арасын қамтиды; 2.үйғыр, немесе қарлүқтар дәуірі деп аталады. Бүл УІІІ-ІХ ғасырларды қамтиды; З.Көне қырғыз немесе яғмалар дәурі. Бүл ІХ-Х ғасырларды қамтиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет