Дістемелік кешені



бет1/34
Дата19.12.2021
өлшемі120,47 Kb.
#103320
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Оқу әдістемелік кешен. Менеджмент 19-20 Word


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ» ИНСТИТУТ

«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәннің аталуы – Модуль 09 «Педагогикалық-психологиялық» пәндер

Білім беру бағдарламасы -6В01 «Педагогикалық ғылымдар»

Шифр атауы

Қызылорда, 2019-2020 оқу жылы

Оқу-әдістемелік кешен «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша білім беру бағдарламалары негізінде жасалынды.Оқу кешенін дайындаған А.Д.Оразымбетова педагогика магистрі, аға оқытушы.

Оқу-әдістемелік кешен «Педагогика және оқыту әдістемесі» кафедрасының мәжілісінде қаралды және талқыланды.


Хаттама № ___ ''____'' ___________ 20 ___ ж.
Кафедра меңгерушісі: Бекжанова Б.Ж.
Оқу-әдістемелік кешен гуманитарлық-педагогикалық бағыт бойынша Академиялық кеңес мәжілісінде қаралып, бекітілді. Хаттама № «___»___________ 20 жыл.
Комитет төрайымы: п.ғ.д. Майгельдиева Ш.М.

Оқу-әдістемелік кешен

Пәннің аты: Білім берудегі менеджмент

Пәннің коды:ВМ 2204

Кредит саны: 2

Курстың оқытушысы: Оразымбетова А.Д.

Кафедраның орналасқан жері: Төле би 36А,ғимарат 7, 410 кабинет

Кафедраның телефоны:

Кафедрада кеңес беру уақыты: сейсенбі,бейсенбі

Курстың пререквезиттері: «Педагогика», «Қазақстан тарихы», «Мәңгілік ел», «Оқушылар дамуының физиологиясы», «Өзін-өзі тану», «Психология».

Курстың постреквизиттері: «Инклюзивті білім беру», арнайы пәндерді оқыту әдістемесі.

Курс мазмұнына қысқашатүсініктеме: «Білім берудегі менеджмент» пәнін меңгеру барысында алынған теориялық білім мен практикалық дағдылар студенттерді өз беттерінше және жоғары деңгейде нақты басқару міндеттерін шешу, тұтас педагогтік үдеріс субъектілерінің(педагогтік ұжым және оқушылар) оқу-тәрбие, оқу-танымдық және өз бетімен білім алу әрекетіндегі төмен нәтиже көрсету себептерін анықтау біліктерімен қамтамасыз етеді. Студенттерді тәрбие мен оқытудың ғылыми негіздегі жүйелерімен таныстыру олардың білім беру үрдісінің мүмкіндіктері жөніндегі ой-өрісін кеңейтеді, оны тұтас үрдіс ретінде құрудың қажеттігін көре алуды қамтамасыз етеді, тұлғаны тәрбие мен оқытудың субьектісі ретінде түсінуге көмектеседі.

Курстың мақсаты: болашақ мұғалімнің мектептің тұтас педагогикалық үдерісін және білім беру мекемесіндегі тәжірибелік іс-әрекетін жүзеге асыра отырып басқарудағы кәсіптік құзіреттілігін қалыптастыру. 

Курстың міндеттері:

-Білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негздері мен тұтас педагогикалық үдеріс және мектептің педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктері жөніндегі болашақ мұғалімдердің білімін қамтамасыздандыру;

-Болашақ мұғалімдерді білім берудегі менеджменттің мәні және негізгі міндеттерімен таныстыру;

-Айрықша кәсіптік қызмет түріндегі педагогикалық менеджмент туралы айқын әрі саналы көзқарасты қалыптастыру;

-Менеджер қызметінің нысаны ретіндегі тұтас педагогикалық үдеріс тұрғысынан білім беру мекемесін басқару қабілет-дағдыларын қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет