3.2. Дене тәрбиесінің процессінде тәрбиенің әртүрлі байланысы. Адамның жасына байланысты кезендік дамуына ӛте маңызды роль атқаратың ол дене тәрбиесі. Ол тек қана осы келе жатқан ағзаның дене дамуына және оның қарқынды ӛзгеруіне, денсаулықты нығайтуына ғана емес, сонша жеке адамның діни-имандылық сапалары қалыптасуға әсер етеді. Бұның барлығы дене тәрбиесінің дұрыс қойылғанда ғана, оларды тәрбиенің
басқа түрлерімен іске асырылғанда /ақыл-ой, еңбектік, эстетикалық / мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесімен ақыл-ой тәрбиесінің ӛзара байланысы.
Тікелей байланыс дене тәрбиесінің процессінде айналысушылардың ақыл-ой қабілеттеріне тура әсер етуін білдіреді. Сабақтарда дене жаттығуларының, оның ӛзгеруіне, іс-әрекеттердің практикалық тәсілдерін үйренуге байланысты танымдылық жағдайлар туады /қимылды дәл, үнемді орындау және т.б.күшті арақашықтықта, жарыста дұрыс бӛлу және т.б./.
Дене тербиесі және спорттың ұстазы айналысушылардың жасына және мамандығына байланысты әр түрлі күрделі
29
деңгейде білімдік және проблемалық жағдай жасайды. Айналысушылар ӛздері шешім жасау керек, ӛз алдарына қойылған мақсаттарға белсенді және шығармашылықпен қызмет істеу керек.
Дене мәдениетімен айналысушылар ӛз саласында әр түрлі жаңа білімдерді меңгеру арқылы рухани жағынан да байып, ақыл-ой қабілеттерін дамытады. Алған білімдерін спорттық қызыметінде, ӛмірде нәтижелі қолданады. Дене тәрбиесінің денсаулық міндеттерін орындау нәтижесінде ағзаның жалпы тұрақтылық қызыметі кӛтеріледі, олар адамның ақыл-ой қызыметін жоғары дәрежелі жетістікке бейімдеиді.