Дістемелік кешені



бет8/58
Дата05.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#14976
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
II. Кейінді ықпал
(Регрессивная ассимиляция)

Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың кейінгісінің алдыңғы дыбысқа ықпал етіп, игеріп үндесуі кейінді ықпал деп аталады.


Регрессивная ассимиляция — это уподобление предыдущего звука последующему.
1. Сөз қатаң к, к, п дыбыстарына аяқталып, қосымша не келесі сөз дауысты, үнді және ұяң д, ж, з дыбыстарынан басталса, сөз соңындағы к, к, п ұяңданып ғ, г, б дыбыстарына айналады.
1.1. Түбір мен қосымша аралығында:
жүрек + і = жүрег+і
тарақ + ым = тарағ+ым
ақ-ып = ағ+ып
бақ+ады = бағ+ады
шап+у = шаб+у
1.2. Сөз бен сөз аралығында:
ақ ешкі = ағ ешкі
кек аспан = көг аспан.
жоқ зат = жоғ зат
ақ жауын = ағ жауын.
Е с к е р т у:
1) Қосымша дауыстыдан басталып, сөздің екінші буынындағы қысаң
дауыстылар түскен жағдайда сөз соңындағы қ, к, п қатаң дыбыстары ұяңданбайды.
берік — бөркі, халық — халқы, қалып — қалпы, әріп — әрпі
2) Еліктеуіш сөздердің соңындағы к, қ, п қатаң дыбыстар ұяңданбайды.
қарқ етті, селк етті, зып етті
2. Сөз қатаң п дыбысына аяқталып, оған көсемшенің -ып, -іп жұрнағы
жалғанғанда, қатаң п үнді у дыбысына айналады.
тап + ып = тау + ып
кеп + іп = кеу + іп
3. Сөз үнді н дыбысына бітіп, қосымша не кейінгі сөз б, п, м
дыбыстарынан басталғанда, н қос ерін м дыбысына айналады.
3.1. Түбір мен қосымша аралығында:
сен+беді — сем+беді
келген+мін — келгем+мін
3.2. Сөзбен сөз аралығында:
Бөген+бай = Бөгем+бай
он бес = ом бес
Жак+пейіс = Жам+пейіс
он парақ = ом парақ
кен мен жер = кем мен жер
4. Сөз н дыбысына бітіп, қосымша не кейінгі сөз қ, к, ғ, г дыбыстарынан басталғанда, н дыбысы ң дыбысына айналады.
4.1. Түбір мен қосымша аралығында:
Сән+қой = сәң+қой
сен+гем = сең+гем
тон+ға = тоң+ға
4.2. Сөз бен сөз аралығында:
он ғасыр = оң ғасыр
Аман+кұл = Амаң+ғүл
Сәрсен+гүл = Сәрсең+гүл
5. Сөз ұяң з не қатаң с дыбыстарына аяқталып, қосымша не кейінгі сәз қатаң ш дыбысынан басталғанда, з, с дыбыстары ш дыбы­сына айналады.
5.1. Түбір мен қосымша аралығында:
сөз+шең — сөш+шөң
таз+ша — таш+ша
қос+шы — қош+шы
ойлас+шы — ойлаш+шы
5.2. Сөз бен сөз аралығында:
тез шық — теш шық
бос шелек — бош шелек
көз шалды — көш шалды
бас шайқау — баш шайқау

  1. Сөз ұяң з дыбысына бітіп, қосымша не кейінгі сөз қатаң с дыбысынан басталғанда, ұяң з қатаң с дыбысына айналады.

6.1. Түбір мен қосымша аралығында:
жаз+са = жас+са
көз+сіз = көс+сіз
6.2. Сөз бен сөз аралығында:
көз салу = кес салу
күз сайын = күс сайын
7. Сөз ұяң з дыбысына бітіп, кейінгі сөз ұяң ж дыбысынан басталғанда, з дыбысы ж дыбысына айналады.
Боз+жігіт = Бож+жігіт
жүз жыл = жүж жыл
мұз жарғыш = мұж жарғыш

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет