Дістемелік кешені


«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» БАСЫНДАҒЫ ӘҢГІМЕ



бет19/30
Дата06.02.2022
өлшемі312,5 Kb.
#54322
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» БАСЫНДАҒЫ ӘҢГІМЕ. Осы жанр диалогтық топқа кіреді. Бұл ақпарат жинау емес, пікірлер алмасу. Егер сұхбат пен баспасөз конференциясында тұлғаға журналистер сұрақ қойып, оған біржақты директивті, позитивтік әлде эмоционалдық жауап алынса, ал «дөңгелек үстел» басындағы әңгімеде сұрақ, біріншіден бір емес, бірден бірнеше адамдарға арналады. Екіншіден, жауап біржақты болмай, әңгімеге қатысушылардың әрбірі проблема төңірегінде өз пікірлерін білдіріп жатады. Мақсат – проблеманы бірнеше маманның көзімен қарап, оған деген біржақтылық пен тар ұғымнан арылу болып табылады.
Әңгіме кезінде журналистің рөлі аса көп байқала қоймайды. Ол әңгімеге қатыспай не пікірлер ағымын бақылап, оны қажетті бағытқа бағыттап, тақырыптан ауытқуға жол бермей, әңгіме тұйыққа тірелген жағдайда оған жан беретін «церемонимейстер» рөлін ғана атқарып та отырады. Владимир Познер өткізетін «Егер», «Біз», «Уақытта» «дөңгелек үстел» аса көлемді студияда ұйымдастырылып, онда көрермендер амфитеатрда отырғандай орналастырылады. Ортаға – заңгерлер, социологтар, жауапты адамдар жайғасады.
«Дөңгелек үстел» басындағы әңгіме табиғатынан телевизияға жақындау болғанымен, ол газет қойнауынан өсіп шыққан. Диалогтық жағынан телевизияға жақын болса да, тақырыпты байыпты шешуі, дерексіздік, қиындықты салыстыра қабылдауы жағынан газет жанрына келіңкірейді. Мысалы, баламалы рубрикалар «Іскер кездесулер клубы», «Пікірталас клубы», «Семинар» т. б. осы жанрға жатады. «Дөңгелек үстел» басындағы әңгімені ақпараттық және сөзбен қағысу – пікірталас түріне бөлуге болады.
«Дөңгелек үстел» - үш жақты қызығушылықтың пікірлер тоғысы. Журналистер үшін мамандар пікірін, ал мамандар үшін теледидар, радио, газет көмегімен нақтылы шешімге жету әрі өз идеясын жүзеге асыру қажеттілік болып табылады. Көрермен, тыңдаушы, оқырман үшін пікірталас түріндегі ақпарат айтыстың бағытын, ойдың өрбуін әрі өзінің де оған қатысушылығын байқап көру мүмкіндігін туындатып жатады.
ШОЛУ. Теледидардағы журналистік профессиялар қатарында кезінде репортер, комментатордан бөлек шолушы (обозреватель) да болатын. Өткен ғасырдың 70-80-нші жылдары Зорин жүргізген «9-студия» өзінің актуальділігі әрі танымдылығы, көтерген мәселесінің құндылығымен күні бүгінге дейін сол кездегі көрермендердің есінде. Ал орталық телеарнаның 70-80-нші жылдардағы шолушысы Зориннің уақыт кезеңіне сай проблеманы көтеруі мен алымдылығы, әрі шешімділігі көпшілікті сүйсіндіріп отыратын. Осындай жайлардан болар бүгінде телевизиялық тәжірибеде осы спецификалық жанр тұрақты орнығып қалды. Бүгінде «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Мезгіл» не «Хабар» арнасындағы «Жеті күн» бағдарламасының өн бойынан біз бір мезгілде сараптау мен талдауды да, шолу мен түсініктемені де қатар кездестіреміз. «Жалпы, әр жанр «таза қалыпта» кездесе бермейді. Бір туындыда бірнеше жанр элементтері тоғысып жатады. Кейде олар өмірді барлық күрделілігімен, көп қыртыстылығымен көрсету үшін, творчестволық ой – ниетті әсерлі етіп беру үшін әдейі тоғыстырылады. Сонда қай жанрдың белгілері мол болып, бірінші қатарда тұрса, туынды сол жанрға жатқызылады»,- дейді, профессор – ғалым Темірбек Қожакеев. Яғни материалды белгілі бір жанрға жатқызу – шартты нәрсе.
Шолу – талдамалы публицистикадағы орнықты әрі өзіндік дәстүрі бар жанрлардың бірінен саналады. Шолуды өзге жанрлардан ерекшелеп тұратын қасиеттері мыналар: біріншіден, ол аса қатаң фактологиялы, мұнда факті автордың айқындаған мақсатына сәйкес іріктеліп, топтастырылады; екіншіден, шолушы фактіні олардың байланысына қарай айқындап, аралықтарындағы байланысты ашады, әрі оларды байланыстырып тұрған жалпылықты іздестіреді; үшіншіден, шолу материалды зерттеудегі ауқымдылығымен, оқиға ортасында жеке факті ғана болатын түсініктемеден ерекшеленіп тұрады; төртіншіден, материал көпшілігінде хронологиялық рамкамен шектеліп жатады (Жаһан жаңалықтары).
Солай етіп, жанрлардың тақырыбы – қоғамдық оқиға, ал мақсаты – көрерменге ұсынылған оқиғаның себеп – салдары мен оның ары қарай дамуының мәні мен тенденциясын түсіндіру.
Телеэкрандағы шолушы хабар кезінде: 1) мәліметтерді хабарлау кезінде фактілердің өзара байланысына зер салуға; 2) оқиға, фактілердің тұтастығына көңіл қоюға; 3) бір тектес фактілерді жинақтап беруге үнемі көңіл аударып отырғаны қажет.
Айқындаушы құралдар көмегімен экранда аса күрделі, сан алуан мәселелер шешімін тауып жатады. Шолуды эфирге беру кезінде тек процесс ағынымен ғана кете бермей, кейде оперативті материалдармен қатар, автордың логикалық ойына қабыса келетін архивтік бейнематериалдар да бірге беріліп отырылады. Осы жанрдағы хабарлаудың тақырыптық көпқырлылығына сай шолу да өзіндік ерекшелігімен бір – бірінен айрықшыланып отырады. Уақыттың белгілі бір бөлігіндегі оқиғаны көрсетуге арналған «Жеті күн», «Мезгіл» ақпараттық – сараптау бағдарламалары не белгілі бір проблеманы ғана көтерумен, тақырыптық шолумен – экономика, ғылым, өнер, спортпен шектелетін – «Спорт жаршысы», «Хабар - жер», «Салық төлеушінің күнделігі», «Даму дөңгелегі», «Ақша», «Үнем табиғаты».
Сонымен қатар монологтық шолумен бірге эфирде шолу – диалогта, шолушы өмір ағымындағы басты мәселелердің біріне өзінің жауапты қонағымен бірлікте шолу жасап, кейде оны әңгімеге де айналдырып жібереді. Мұнда телеэкранның көріністік мүмкіндіктері: документальді кадрлар мен фотодокументтер және т. б. бірлікте пайдаланады. Олар экраннан сөйленетін ауызекі сөзге қабыса келіп, материалға иллюстрациялық көрікпен қатар жандылық та береді.
Экрандағы музыкалық шолу, театрлық шолу және өзге де осыған ұқсас бағдарламалар жанрлық ерекшелігі жағынан халықаралық не спорт шолуларынан ешқандай да айрықшаланбайды. Тек хабар тақырыбы, маманданған шолушы ғана өзгеше болады да, ал жанр характері сол күйінде өзгеріссіз қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет