Дістемелік кешені



бет45/146
Дата23.04.2020
өлшемі368,31 Kb.
#64285
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   146
Байланысты:
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован
Негізгі сөздер: жеке тұлғалық кəсіпкер жəне ортақ кəсіпкерлік

Дəрістің мазмұны: Жеке кəсіпкерлік – жеке кəсіпкерліктің бір түрі ретінде пайда табуға бағытталған, азаматтың өзінің меншігіне негізделген жəне азаматтың өз тəуекелімен жүзеге асырылатын азаматтың бастамашылық қызметі. Кəсіпкерлікте еңбектік жалдау шарты бойынша жұмыстар жатпайды. Жеке кəсіпкерліктің субъектілері болып заңды тұлғаны құрмай – ақ кəсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар танылады.

Жеке кəсіпкерлік түрлері

жеке тұлғалық кəсіпкер жəне ортақ кəсіпкерлік болып бөлінеді.


  • жеке тұлғалық кəсіпкерлік - бір азаматпен жүзеге асырылады;

  • ортақ кəсіпкерлік - адамның тобымен жүзеге асырылады. Ортақ кəсіпкерлік нысандары болып мыналар табылады:

  • ерлі – зайыптылардың кəсіпкерлігі;

  • отбасылық кəсіпкерлік (шаруа қожалығы немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншікке негізделген );

  • жай серіктестік ( ортақ үлестік меншік негізінде).

Жеке тұлғалық кəсіпкерлікті – некеде тұратын азаматтар жұзеге асырса, егер ерінің немесе зайыбының келісімісіз өзі құрған болса, онда ері немесе зайыбының келісімі талап етілмейді. Отбасылық кəсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде басқада тұрғын меншік иесінің келісімімен куəландырылуы қажет. Шаруа қожалығы – ауылшаруашылық өнімін өндіру үшін тағайындалған ауылшаруашылық жерін пайдаланумен байланысты. Жеке кəсіпкерлікті жүзеге асырудың шаруашылығы танылады.

Жеке кəсіпкерлік түрі ретіндегі жеке кəсіпкерлік азаматтың бастама жасайтын қызметі, ол табыс табуға бағынған, азаматтың өзінің меншігіне негізін жəне олардың тəуекелі мен мүліктік жауапкершілігі арқылы азаматтар атынан жүзеге асады. Жеке кəсіпкерліктің түрлері өзіндік кəсіпкерлік пен бірлескен кəсіпкерлік болып табылады. Өзіндік кəсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиісілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдаға немесе оған билік етуіне жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асады.

Бірлескен кəсіпкерлікті азаматтар тобы ( жеке кəсіпкерлер) ортақ меншік құқығы бойынша өзіне тиісілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға жəне оған билік етуге жөн бермейтін өзге де құқыққа байланысты жүзеге асады. Некеде тұратын азамат кəсіпкер ретінде өз зайыбын (ерін) ескертпей өзіндік кəсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде оның келісімінсіз іске асады.


  1. Ал азамат өзіндік кəсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ меншігін, мүлкін пайдаланғанда оның келісімі көзделеді. Ерлі-зайыптылардың бірі екнішісінің келісімімен ерлі - зайыптылардың атынан іс-қимыл жасайды, мұның өзі жеке кəсіпкерлікті тіркеу кезінде расталуы немесе жеке кəсіпкердің қызметін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырған жағдайда жазбаша түрінде көрсетіліп, нотариалдық куəландырады. Кəсіпкерлік қызметтің обьектісі ретінде жекешелендірілген тұрғын үйді пайдаға байланысты отбасылық кəсіпкерлікті жүзеге асыруда іскерлік айналымда тұрған тұрғын үйге меншік иелерінің біреуінің іс-қимыл жасауы басқа меншік иесінің нотариалдық куəландырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Жеке кəсіпкерліктің жай серіктестік нысанын пайдаланып жүзеге асыруда жай серіктестік қатысушының ортақ істерін олардың ортақ келісімімен жүргізіледі.Жеке кəсіпкерлер өз міндеттері бойынша өзінің барлық мүлкімен жауап береді.

Азамат өзіндік кəсіпкерлікті жүзеге асыруда, меншік құқығы бойынша өзіне тиісілі барлық мүлкімен, оның ішінде ерлі-зайыптының ортақ меншігі үйлесімімен жауапты болады. Жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Бұнда жай серіктестік қатысушылары жарналарды мүлкімен немесе өзінің мүліктік құқықтарымен соның ішінде санаткерлік қызмет нəтижесінде құқығын қоса енгізеді.

  1. Шаруа қожалығы (фермерлік шаруашылық) – ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылық өнімін өндіру үшін пайдаланумен, өнімді ұқсату жəне өткізумен тығыз байланысты жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын шаруашылық болып табылады. Оның негізгі түрлері:

  1. Кəсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізін отбасылық кəсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы

  2. Өзіндік кəсіпкерлігі жүзеге асыруға негізделген фермерлік шаруашылық.

  3. Бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жай серіктестік түрінде ұйымдастырылған фермерлік шаруашылық.

Азаматтың кəсіпкерлік қызметі олардың кəсіпкерлік қызметпен айналысу

құқығы болып табылады. Жеке кəсіпкерліктің мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалынады жəне жеке кəсіпкер ретінде есепке алынады.

Кəсіпкерлік қызметтің лицензияланатын түріне жалпы Азаматтық Кодекстің ережелерімен «Лицензиялау туралы» Заңының талаптары қолданылады.Жалданбалы қызметкердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланатын; кəсіпкерлік қызметтен салық заңына сəйкес есептеленген салық – салынбайтын мөлшерден артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кəсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

4) «Жеке кəсіпкерлік туралы» Заңда жеке кəсіпкердің құру жəне функциялануы үшін шарттар анықталған. Жеке кəсіпкерлік қолданбалы еңбекке тарту арқылы жүзеге асырылады. Жеке кəсіпкерлермен жалданушы еңбекші арасындағы қатынас еңбек шартымен контрактпен рəсімделеді. Жеке кəсіпкерлік жеке жəне бірлескен кəсіпкерлік негізінде жүзеге асырылады. Бірлескен кəсіпкерлік нысандарға бөлінеді: ерлі- зайыптылардың кəсіпкерлігі, отбасылық кəсіпкерлік, жай серіктестік.

Жеке кəсіпкерлікпен айналысу құқығы жеке тұлғалардың салық органдарында тіркелген сəттен бастап туындап жəне айқын сипатқа ие болады. Міндетті мемлекеттік тіркеуге келесі шарттарға сəйкес жеке кəсіпкерлер жатады: 1-ші тұрақты негізде жалданбалы жұмысшылар еңбегі пайдаланылады; 2-ші жеке тұлғалардың олар үшін бекітілген жиынтық жылдық табыс мөлшері, кəсіпкерлік қызметті иеленуге мүмкіндік берсе. Заңдарға сəйкес аударылған жиынтық жылдық табыстарды кəсіпкерлік қызметтен иеленсе міндетті мемлекеттік тіркеледі. Мемлекеттік тіркеу арқылы куəлік азаматтардың жеке кəсіпкерлікпен айналысатын тұлғалық амалы болып табылады.

Лицензиялауға тиіс қызмет түрлеріне лицензия бергені үшін алым алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет