Жекешелендірудің негізгі мақсаты – бір орталықтан жоспарланатын экономикадан нарықтық экономикаға көшуіне қажетті жағдайлар жасау болып табылады.Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мына төмендегі міндеттерді шешу қажет болады:
көптеген мемлекеттік кəсіпорындарды акционерлеу, мемлекеттің меншігіндегі обьектілерді шағын жəне жаппай жекешелендіру арқылы бағытталған шаруашылық құрылымдарды рынокқа сəйкес қалыптастыруды жеделдету;
шаруашылық жүргізуші субьект ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
бəсекелестік ортаны құру жəне өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз етеді;
шағын жəне орта бизнесті дамыту;
ірі жəне бірегей шаруашылық обьектілерін қайта құруды дербес жобалау арқылы іске асыру;
жеке бизнестің артықшылығын жəне шетелдік инвесторларды тарту арқылы ұйымдастыру,шаруашылық құрылымдарын қалыптастыру;
құнды қағаздар рыногі ретінде инвестициялық құрылымдаржүйелерін нығайту жəне дамыту.
Республикалық бағдарлама мемлекет иелігінен алу жəне жекешелендіру процесін өрістетуді қарастырады.
Бұл бағыттар төмендегіше болады:
Ірі жəне бірегей мүліктік кешендерді жеке жоба арқылы жекешелендіру;
Орта кəсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
Шағын кəсіпорындар – сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсетуді аукциондар жəне конкурстар арқылы шағын жекешелендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |