Сонин Н.И., Захаров В.Б., Қисымова А.Қ. Биология пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 6-11 сыныптарына арналған бағдарламалар- Программы по биологии для 6-11- классов общеобразовательных школ. Алматы, 2011
Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы.- Алматы, 2007.
Лаб11.2.4
4
Мырзабаев А.Н., Биологияны оқыту әдістемесі.- Қарағанды, 2006.
Лаб12
Қосымша (ТСО қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі құралдар, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)
Лаб13
Тарау нөмірі
Лаб14
Тарау атауы
Биологиялық білім берудің мақсаты мен мазмұны және биологияны жалпы білім беретін мектепте оқыту үдерісінің ерекшеліктері
20-сабақ (Дәріс сабақ 15)
Л1
Тақырыбы №
20
Л1.1
(атауы)
Биологиялық білім берудің бүгінгі мектептегі мазмұны, мазмұнының құрылымы мен компоненттері. Мазмұн компоненттерін сипаттау мен олардың өзара байланыстарын белгілеу.
Л1.2
№___ сабақ
20
Л1.3
№____ дәріссабағы
15
Л1.4
Сабақ пререквизиттерінің номерлері
Л2
Жоспар: (қаралатын сұрақтар тізімі)
Л2.1
Сұрақ № 1
1.Биологиялық білім берудің бүгінгі мектептегі мазмұны.
Л2.2
Сұрақ № 2
2.Мазмұн компоненттерін сипаттау мен олардың өзара байланыстарын белгілеу
Л3
Дәріс өткізу түрі:
дәріс сабағы
Л4
Мазмұны : (дәріс материалы)
Л4.1
(пункт материалы Л2.1)
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында білім беру жүйесінің жаңаруына баса назар аударды.
Білім беруді жаңарту оқушыларға тек білім берумен ғана шектелмей, сонымен бірге, оны қолдана білуге, яғни функциональдық сауаттылықтарын немесе құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Одан басқа, білім беруді жаңарту қазіргі оқыту үдерісін оқушы тұлғасын тәрбиелеуге, оларға ұлтжандылық құндылықтарды, мораль мен адамгершілік нормаларды, ұлтаралық келісім мен төзімділікті, рухани және әлеуметтік, дене дамуын, заңға бағынушылықты дарыту үдерісіне бағдарлануға тиіс. Бұл құндылықтар заманауи тәрбие жұмыстарының өзегіне айналуға тиісті.
Қазақстандық білім беруді жаңғыртудың стратегиялық бағыттары қазірдің өзінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметінде табыспен жүзеге асырылып жатқаны белгілі.
Қазақстанның қазіргі жағдайы жаңа заман талаптарымен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес жаңа мазмұнмен сипатталады. Бұл ең алдымен, ғаламдық экономикалық дағдарыс және индустрияда инновациялық дамуды жеделдету, республиканы әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – дағдарыстан кейінгі даму мен көшбасшылыққа жетелейтін дамудың басты бағыты.
Жаңа технологияларды, заманауи құрал-жабдықтарды өмірде жүзеге асыру және дамыту үшін, болашаққа жаңа бір серпіліс беретін жаңа міндеттерді өз алдына қоя алатын және оның шешімін тез арада таба алатын, әлеуметтік және өндірістік салада тың бастамаларды қолдана білетін, ой-қиялы ерекше дамыған мамандар өте қажет.
Бұл жағдайда білім беру қандай болуға тиісті? Әлемдік білім беруді дамытудың басымдылығы көрсеткендей, қазіргі жағдайда білім беру оған қоғам мен мемлекет тарапынан қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек, сондықтан, әлеуметтік өзгерістерге бейімделуге қабілетті әлеуметтік-бейімдеуші механизм ретінде көрініс береді.
Ел Президенті Н.Назарбаев көтерген негізгі өзекті мәселелердің бірі білім беру жүйесін жаңашаландыру болатын. Осынау өзекті мәселеге орай Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы химия және биология пән мұғалімдерінің І съезі өтті. Съездің тақырыбы «Мектептегі жаратылыстану-ғылыми білім беру: ХХІ ғасырдағы қоғам, ғылым және технология» деп аталды.
Съезде жаратылыстану-ғылымының жаңашалануына, әдіснамалық сұрақтарға жаңа көзқараспен қарау, оқыту технологияларына, мектептегі химия және биология білімінің ақпараттық және техникалық базасын нығайтуға байланысты мәселелер қаралды.
Съезге отандық және Ұлыбритания, Германия, Франция, Ресей, Корея, Қытай, Жаңа Зеландия және Моңғолия сияқты шетел мемлекеттерінің жетекші ғалымдары, барлығы 400-ден астам қонақтар мен делегаттар қатысты. Олар жаратылыстану білімін дамытудың көкейкесті мәселелерін талқылап, оны заманауи талаптарға сай модернизациялаудың жолдарын іздестірді. Пленарлық отырысты сөз сөйлеп ашқан білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов: «Ұстаздар Елбасының білім саласы мен оқытушыларға деген ықыласы зор екенін сезініп отыр. Елбасының білім және ғылым саласына көрсетіп отырған қолдауының арқасында еліміздегі білім жүйесі бүгінде жаңа сапалық деңгейге көтерілді»,– деп атап өтті. Сонымен қатар, отырысқа Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаев, М.Ломоносов атындағы ММУ биология пәнін оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры А.В.Теремов, Нью-Касл университетінің профессоры Д.Тимней, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ басқарма төрайымы К.Шамшидинова, экология ғылымдарының докторы, Хайдельберг университетінің экология кафедрасының профессоры Ханс-Йоахим Мадер және тағы басқалары қатысты. Съезге облысымыздан 21 делегат қатысып, химиялық және биологиялық білім берудің басымды бағыттарын анықтауға өз үлестерін қосты: өзекті мәселелер бойынша облыс педагогтарының ойын жеткізіп пікір-таласқа қатысты. «Шеберлік-кластар» өткізіп, оң бағасын алды.
Съезде мына мәселелерге қатты көңіл бөлінді:
жаратылыстану-ғылымының жаңа жетістіктерін ескере отырып, химия және биологияны оқыту үдерісінде мазмұнын, әдістерін және технологияны жетілдіру;
химиялық және биологиялық білім беруді АҚТ арқылы және инновациялық әдістерін қолданған ғалым биологтар мен химиктердің, педагог-новаторлардың, жетекші биолог пен химиктердің озық іс-тәжірибелерін жинақтау және оны тарату;
оқушылардың функциональдық сауаттылығын дамыту және жаңа білім мазмұнын ескере отырып, биология мен химия пән мұғалімдерінің біліктілігін арттырудағы курстың мазмұнын жетілдіру;
биологиялық және химиялық білімді тереңдете оқыту және бейіндікке оқу-әдістемелікпен қамтамасыз ету;
мектептерде аймақтық орналасуын ескере отырып, дарынды балалармен жұмыс жасау барысында элективтік курстарды құрастыру және жүзеге асыру;
биология және химия кабинеттерін жабықтау кезінде нормативтік және инструктивтік базасын жаңарту.
Болашақта инновациялық ізденістердің нәтижесінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы мынандай ерекшеліктер анықталды:
– өзіндік, жобалау және зерттеу іс-әрекетінің дағдысын қалыптастыру;
– оқушының сын тұрғысынан ойлауын дамыту;
– оқушылардың оқу жетістіктерін критериальдық бағалау жүйесін қолдану;
– пәнаралық кіріктіру.
Съезден кейін Қарағанды облысы бойынша білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында академик Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың химия факультетінің деканы, химия ғылымдарының доценті, профессор Е.Тажбаев және биология факультетінің деканы, биология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Айтқұлов білім мазмұны кафедрасының оқытушыларымен бірігіп, болашақ игі істерді талдады. Химия және биология пәндері мұғалімдерінің облыстық ассоциациясын құру мәселесі қарастырылып, тұжырымдамасы негізделді.
Сонымен қатар, «Мектеп-Жоғары оқу орны – Өндіріс» арасындағы өзара байланыс, ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, педагогикалық және өндірістік практика бағдарламаларын жаңа мазмұнмен толықтыру және жаңарту туралы тың ұсыныстар айтылды, болашақта атқарылатын істер жөнінде нақты шешімдер қабылданды.
Л4.2
(пункт материалы Л2.2)
1. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес заттар, химиялық реакциялар мен олардың заңдылықтары, сондай-ақ қоршаған әлемнің материалдық бірлігі туралы жаратылыстану-ғылыми кіріктірілген білімдерін қалыптастыруға арналған.
2. Оқу пәнінің білім мазмұны теориялық және қолданбалы негіздер мен «Жалпы биологияны» оқытуға бағытталған бөлімдер мен тақырыптырды, практикалық дағдыларды меңгеру мақсатында, қоршаған орта мен адам денсаулығын сақтау мәселелері, зертханалық жұмыстарда берілген.
3. Оқытудың мақсаты:
1) тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру;
2) тірі және өлі материяның жалпы белгілерін оқушыларға ұғындыру;
3) жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалыптастыру;
4) өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы туралы түсінік қалыптастыру;
5) органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру;
6) организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;
7) органикалық дүние дамуының негізгі ретінде генетикалық заңдылықтар туралы түсінік қалыптастыр
8) адамның тұқымқуалаушылығына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру;
4. Оқытудың міндеттері:
1) түр және оның критерий туралы түсініктің мәнін ашып көрсету;
2) эволюциялық ілімнің негіздері туралы білім қалыптастыру;
3) экологиялық факторлар және пәннің ролін ашу;
4) экологиялық міндеттерін ашу;
5) экосистема, биоценоз, биосфера ұғымдарының маңызын ашу;
6) экологиялық жүйелерге адамның іс-әрекетінің әсерін ашып көрсету;
7) табиғатты қорғау бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін ашып көрсету;
8) Қазакстанның табиғатын қорғау туралы Қазақстан Республикасыеың заңдарын негіздеу;
9) цитологияның міндеттерін игеру;
10) жасушалық теорияның негізгі қағидаларын меңгеріп алу;
11) энергия алмасудың кезеңдерін және оның жасушадағы рөлін сипаттау;
12) органикалық дүниедегі көбею әдістері мен жасушалардың бөліну типтерін игеру;
13) организмнің дамуын және орта жағдайларын сипаттау;
14) тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;
15) өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;
16) селекция және биотехнология негіздерін сипаттау.
5. «Биология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағат;
11-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағат.
6. Биологияны оқып білу барысында мына төмендегі оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
7.Пәнаралық байланыс «Қазақ тілі және әдебиетімен»:
1) сөздік қордың биологиялық терминдермен одан әрі байытылуы;
2) органикалық дүниенің құрылысы мен эволюциясының ерекшеліктері бойынша оқу материалын қабылдау арқылы ауызша сөздің дамуы;
3) қысқаша шығармалар-сипаттамалар, ойбөлісу түрінде материалды баяндау, баяндаманы дұрыс көркемдеу, Эссе,хабарлама, биологиялық диктанттар жазу, шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы жазбаша сөздің дамуы.
8. Пәнаралық байланыс математикамен:
1) биологиялық эксперименттердің тәжірибелердің, бақылаудың, зертханалық жұмыстардың қорытындысын шығаруда математикалық білімді пайдалану;
2) биологиялық өлшеулер жүргізу және математикалық талдау жасау.
9. Пәнаралық байланыс тарихпен:
тарихтың бірінші кезеңінің мәдениетін оқып білу, ашылған ұлы географиялық жаңалықтарды білу;
10. Пәнаралық байланыс физикалық география:
1) географиялық аймақтылықты ескере отырыпжер бетінде органикалық дүниенің таралу ерекшеліктерін оқып білу барысындагеографиялық білімге сүйену;
2) орта факторларының адам организмінің жағдайы мен қасиеттеріне және жалпы органикалық табиғатқа әсерін білу;
3) континенттер тарихының білімін пайдалану.
11. Пәнаралық байланыс экономиялық географиямен:
1) бүкіл әлем халықтарын оқып, зерттеп білу;
2) әлем халықтарының географиялық аймақтарға таралуын білу.
12. Пәнаралық байланыс «Химиямен»:
1) бейоргникалық химия.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің элементтері, олардың негізгі қасиеттері;
2) тірі жүйенің құрамына кіретін негізгі химиялық қосылыстар;
3) жасушаның химиялық құрылымын оқып білу;
4) органикалық ортада жүретін биохимиялық процестерді (зат және энергия алмасу - бұл органикалық заттардың биосинтезі және ыдырауы) оқып білу.
13. Пәнаралық байланыс физикамен:
1) биологиялық жүйелердегі өзгерістердің динамикасы;
2) тірі организдердің жағдайы мен қасиеттеріне атмосфералық қысым ауытқуының әсері.
14. Пәнаралық байланыс ақпараттық мәдениет:
1) жалпы биологияның тақырыптары бойынша электрондық көрсетілім құрастыру;
2) жұмыс барысында электрондық материалдарды пайдалану.
15. Пәнаралық байланыс «Музыка»:
1) «Адам генетикасы» тақырыбын оқытуда музыкалық шығармаларды пайдалану;
2) «Адамның шығу тегі» сабағын оқыту барысында музыкалық шығармаларды пайдалану.
16. Пәнаралық байланыс «Бейнелеу өнері»:
1) зертханалық,практикалық және шығармашылық жұмыстарды кестелермен, суреттермен және сызбанұсқалармен безендіру.