Дістемелік материалдар кешені


Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар



бет106/122
Дата11.07.2022
өлшемі5,97 Mb.
#147393
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   122
Байланысты:
ijñòåìåë³ê ìàòåðèàëäàð êåøåí³

Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:






Л5.1

Сұрақ №1

«Тірі организмдер» пәнінің бір тарауын қорытындылайтын сабақтың технологиялық картасын құру, онда қорытынды сабаққа тән білім-біліктер мен құзыреттіліктер деңгейін жан-жақты тексеру мүмкіндіктеріне көңіл бөлу.



Л6



Студенттің өзіндік жұмысына сұрақтар :




Л6.1

Сұрақ №1

Мектептің жоғарғы сатысында биология пәндерінде тест тапсырмаларын қолдануда биологиялық білім беру қызметтерінің толыққанды орындалуының проблемасы.

Л6.1.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.1.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.2

Сұрақ № 2

Мектептегі биология курсынан өткізілетін сабақтарды тірі табиғат бұрышындағы, оқу- тәжірибелік учаскедегі жұмыстармен байланыстыру жолдары

Л6.2.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.2.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.3

Сұрақ № 2

Биологияны оқыту әдістемесінің осы курсты оқыту технологиясына ауысуына іргелендіру үрдісінің ықпалы.



Л6.3.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.3.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л7



Сабақты бақылау түрі:

Бақылау сұрақтарына жауап

Л7.1

1

Биологиялық білім берудегі экологияландыру принципі



Л7.2

2

Гуманистік білім беру парадигмасының биологиялық білім беруде жүзеге асуының аспектілері.



Л7.3

3

Қазақстандағы биологиялық білім берудің XVIII ғ. соңынан бастап XX ғ.90 жж. дейінгі дамуының бағыттары.



Л7.4

4

Т.М.Мұсақұловтың жаратылыстану пәндерін оқыту тұжырымдамасы: басты идеялары, принциптері мен мақсаттары әрі оларды іске асуы. Қазақ тілінде жарық көрген кеңестік биология оқулықтары мазмұнының біртұтастығы. Қазіргі биологиялық білім беруде вариативтілік принципінің жүзеге асуының өзекті мәселелері

Л8



Ұсынылатын әдебиеттер:




Л8.1

Негізгі әдебиеттер:




Л8.1.1

1

Конюшко В.С., Павлюченко С.Е., Чубаро С.В. Методика обучения биологии.- Мн., 2004.



Л8.1.2

2

Биология. Жалпы орта білім беретін мектептің 8-9- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы, 2010 Қ.Ә. Жұмағұлова, Р.Сәтімбеков, Р.Ш. Ізбасарова.

Л8.1.3

3

Биология. Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы, 2006. Қ.Ә. Жұмағұлова, Р.Сәтімбеков, К.Ә.Жаңабердиева.



Л8.2

Қосымша әдебиеттер:




Л8.2.1

1

Сонин Н.И., Захаров В.Б., Қисымова А.Қ. Биология пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 6-11 сыныптарына арналған бағдарламалар- Программы по биологии для 6-11- классов общеобразовательных школ. Алматы, 2010



Л8.2.2

2

Биология. Жалпы орта білім беретін мектептің 6-7- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы,2010. Қ.Ә.Жұмағұлова, К.Ж. Жүнісова, Р.С. Сәтімбеков, Ізбасарова Р.Ш.



Л8.2.3

3

Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы.- Алматы, 2007.



Л9



Қосымша (ТСО, қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі жәрдемақы, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)




Л10

Тарау нөмірі

3

Л11

Тарау атауы

Сабақ- оқытудың негізгі формасы. Биологияны оқытудың материалдық- техникалық базасы, биологияны оқытудың технологиялық негіздері.



39 – сабақ (Дәріс сабағы -28 )

Л1



Тақырыбы №

39

Л1.1

(атауы)

Бағдарламалап оқыту технологиялары. Дербес саралап оқыту, жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиялары.



Л1.2

___ сабақ

39

Л1.3

№____ дәріс сабағы

28

Л1.4

Сабақ пререквизиттерінің номерлері




Л2



Жоспар:
(қаралатын сұрақтар тізімі)




Л2.1

1

Бағдарламалап оқыту технологиялары

Л2.2

2

Дербес саралап оқыту технологиялары.

Л2.3

3

Жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиялары



Л3

Дәріс өткізу түрі:



шолу дәрісі

Л4



Мазмұны :
(дәріс материалы)




Л4.1

(пункт материалы Л2.1)

Оқыту үрдісінің құрылымында оның бағалаушы-шешуші компонентінің маңызы зор. Жыл бойы оқушылардың оқу үлгерімін тексеру мен бағалау оқытудың белгілі кезеңдеріне тығыз байланысты.

Бұл топқа бақылаудың ауызша әдістері — дербес, фронтальді, тығыздалған сауалнамалар жатады. Соңғысы дара жұмыстардың кателіктерін жоюға негізделген. 15-20 минут аралығында кішкене топтың оқушылары тақтага қысқа жазулар жазумен, карточкамен жұмыс істеумен айналысса,


кейбір оқушылар жауап алушы мұғалімнің орнында болуы мүмкін. Нәтижесінде сыныптың жартысы бағаланса, келесі жолы екінші жартысы бағаланады. Ал мұғалім бүкіл осы жұмыстарды үйлестіріп тұрады.
Бақылаудың жазбаша әдістеріне әр түрлі өзіндік қорытынды жұмыстар: диктант, мазмұндама, шығарма, реферат, баяндама т.б. жатады.
Оқытушы сабақ ерекшелігіне байланысты көптеген кестелер мен сызбаларды оқу материалын түсіндіру барысында қолданса, мұны білімді тексерудің графикалық әдісі деуге болады. Бақылау кезінде оқушыларға кесте толтыру, сызба және сызу немесе өтілген тақырып бойынша графикалық жұмыс жасау ұсынылады.
Бағдарламалы оқыту әдісі. Бағдарламалап оқыту машинасыз немесе машиналық тәсілде ұйымдастырылады. Алғашқы тәсілде оқу материалы программаланған оқулық кітаптарында беріледі, екіншіде дисплей экранға шығарылады. Оқу материалдарын бағдарламалап оқытудың үш жүйесі бар; бір бағытты материал кішкене бөлшектерге бөлінеді (доза), содан кейін біртіндеп игертуге бағытталады. Оқушылар қателескен немесе жауап бере алмаған жағдайда тармақталған бағдарламаларға қосымша түсініктемелер беріледі. Аралас бағдарлама тармақталған комбинацияда құрылған.
Бағдарламалап оқытуда тапсырмалар мен жаттығулардың орындалуы әр түрлі ерекшелікте берілген. Бұндай тапсырмалар оқыту материалдарының әр порциясын игергеннең кейін беріледі. Үш мақсатта тренажды берген білімді қабылдау және бақылау жаттығулар мен тапсырмалардың үйымдастырылу тәсілі машинамен жэне машинасыз орындалады. Машиналы тәсілде жаттығулар мен бақылау тапсырмалары дисплей экранында орындалады. Оқушылар өздерінің жауаптарының дұрыстығын бірден көреді. Сондықтан да бағдарламалап оқыту тиімді.
Ең кең тараған бақылауды ұйымдастыру әдісі. Бағдарламалап оқытуда ұқсас жауаптардан дұрыс жауапты табу ұсынылады. Қазіргі компьютерлер құрылған жауаптарды өздігінен талдап, ұсыныс түрінде, сөз, формула, түрлі бірлікте өндіре алады.
Білімді беруді бақылау.
а) Фронтальды және жеке дара жолдармен сұрақ қойып ауызша бақылау, дұрыс жауап мұғаліммен бірге анықталады.
б) Жазбаша бақылау аз уақыт немесе көп уақыт аралығында орындалып, сонымен қатар кең диагностикалық анықтамасымен ерекшеленеді.
в) Лабораториялық бақылау сабақ барысында пайдаланатын оқушылардың құралдармен жұмыс жасай білу. Бұл іс- тәжірбиелер өткізуде,
298
эксперименталды жұмыстың шешімін шығаруда, биологиялық-географиялық және жазба жұмыстарда өтіледі.
г) Машиналы бақылау. Барлық оқыту пәндерін кезеңдер бойынша игеру барысында, бағдарлама жасалынып электронды-есептеу машинасы қолданады.
д) Текстік бақылау машинамен немесе машинасыз өтіледі.
е) Өздік бақылау-жіберілген қателерді өз бетімен тауып алу, дұрыс еместігін, оны жою тәсілдерін іздестіру бірлігін қалыптастырады.
Оқыту әдісін таңдау. Әдістер өте көптүрлі және шексіз болып келеді. Осыдан келіп оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыруда әдісті таңдап алу күрделі, индикативты қолданылуда байқалады. Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылықты оқушылардың өздігінен білімді
игеру мен оқу практикалык даярлығын қалыптастыруға бағыттаса, окушы жеке тұлғалық ерекшелігін ашық шығармашылығын дамытатын потенциальды оқу-танымдық ерекше қасиетін, зерттеушілік ізденімпаз іс-әрекетке бағыттайтын, ғылымды берудің спецификалық таным әдістерін таныстыру, жеке дара психологиялық даму ерекшелігін, оның табиғи және әлеуметтік өндірістік ортасын, мектепке арналған оқыту құралдармен жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін, өмірлік іс-тәжірибесі мен мұғалімнің шығармашылықтық ерекшелігін, оның әдістемелік және педагогикалық шеберлігін алу керек.
Мұғалімнің таңдап алған әдістері, жұмысындағы дидактикалық шеберлігі оқу танымдық стилімен ерекшеленеді, стандартты емес оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудан жеке дара және инновациялық-шығармашылық танымдылығын, қоғамдағы жаңаша белсенді өзгерістерге гуманистік және демократиялық көзқарасын жетілдіретіндігін байқатады. Мұғалімнің оқыту әдістері басқа да дидактикалық қызығушылығы, оларға оқыту формасы мен принциптерге оқушының білім алуға деген қызығушылығы, оқу тақырыбының көлемінің күрделілігіне, техникалық оқу құралдары мен жабдықтануы, сынып оқушыларының саны мен олардың дене тәрбиесі, психикалық және интелектуалды денсаулығының деңгейі, оқу сабақтарының кұрылымы, өзара қарым-катынас ерекшелігі, мұғалімнің әлеуметтік-кәсіби жеке басының даярлығы, сонымен қатар басқада өлшемдер, көрсеткіштер, талаптармен қоса жаңаша технология, оқу танымдылық іс-әрекетте қызмет ету және оқушының жеке тұлғасының шығармашылықта дамуына байланысты.



Л4.2

(пункт материалы Л2.2)

Сабақтың құрылымының негізгі үш элементі кез келген сабақта қатаң сақталуы керек, бұлар – сабақ ұйымдастыру,сабақты қорыту және үйге тапсырма беру.
Дүниетаным қабілеті жоғары

Қазіргі оқушы
Дарынды
Ізденімпаз,талапты
Өнертапқыш

Өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс


Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет.Оқу үрдісінде осындай әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен өзі оқып біліп,зерттеп тиімділігіне оқытып,өзінің шеберлігіне қарай таңдауы керек.Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде.Өйткені бір технологияның өзі мұғалімнің қолдану әдіс- тәсіліне,шеберлігіне қарай жүзеге асады.Мен өзімнің ұзақ жылдардағы іс-тәжірбиеме сүйене отырып сабағымда мына педагогикалық технологияларды басшылыққа аламын.


Д.В.Эльконин В.Занков

Қазіргі оқушы
”Дамыта оқыту технологиясы” “Дамыта оқыту
Жүйесі”

Ж.Қараев “Деңгейлеп оқыту “ И.Б.Первин


“Топтық оқыту”
В.В.Давыдов
Сын тұрғысынан ойлау

Осы технологиялардың тиімділігіне тоқталар болсақ:


1.Дамыта оқыту-жеке тұлғаны жетілдіреді,оның дамуына бағыт беріп, олардың әуестік,белсенділік,адамгершілік,батылдық сияқты қасиеттерін қалыптастырады.
А.С.Выготскийдің Білім беру тек дамудың алдында болғаны пайдалы болады дегенін ескере отырып,оларды дамыта оқытудың бағдарламалық, проблемалық,ақпараттық,т.б. түрлеріне негіздеп күнделікті сабақтың тиімді бөлімдеріне қарай бағдарлап оқыту қажет.
2.Деңгейлеп саралау-мұғалімнің де,оқушының да белсенді шығармашылық қызметін дамытады.

Деңгейлеп саралау
Сабаққа қызығушылығы Жеке қабілеті
артады айқындалады

Өз бетімен жұмыс істеуге Даму мониторингі Нақты өз деңгейінде


үйренеді айқын көрінеді бағаланады

Бұл жөнінде әр баланың өз деңгейі болатындай,әр балаға берілетін тапсырманың көлемі лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек деген А.С.Выготский зерттеулері өте құнды.Деңгейлеп оқытудың тиімділігі өте көп.


3.Топтық оқыту-бірлесіп жұмыс істеуге,өз ойын дәлелдеуге,өз пікірін қосуға үйретеді.Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
4.Сын тұрғысынан ойлау-бұл кез-келген мазмұнды сынау емес,оны зерттеу, бақылау,талдау әр-түрлі стратегиялар арқылы ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту.

СТО
Еркін ойлауға мүмкіндік береді Ақыл – ойын дамытады

Оқу мен жазу сауаттылығын Шығармагылық белсенділі-


арттырады гін арттырады

Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып,оның тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіруге болады.Атап айтқанда:


-дарынды оқушыны дамытады,оқушылар шығармашылығын арттырады;
-оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп,білім сапасын көтереді;
-пәнге деген бейімділігі,қызығушылығы артады;
Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып,жан-жақты талдауға,өз ойын ашық айтуға,оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты,білімді оқушылар тәрбиелеуге болады.Ол үшін мұғалім көп ізденіп,көп оқып,ізденіс үстінде болу керек.
Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланыс болады.
Осы тұрғыда бүгінгі күні жаңа технологияның тімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаны қорғау арқылы экологиялық тәрбие беру ұстаздардың міндеті болып отыр.
Биология пәнін оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдіс-тәсідлдерін қолдану барысында есте сақтауға негізделіп, оқушылардың ақыл ойын дамытатын оқуға көшу мұғалім мен оқушының тең субьектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын қажет етеді.
Оқу үдерісінде жаңа технологияларды қолдану оқытудың сапасын арттырады. Соның ішінде білім берудің төмендегідей жаңа технологияларын атап өтуге болады.: В.Ф. Шаталовтың «Саралап оқыту технологиясы», «Деңгейлеп оқыту технологиясы», «Ұжымдық оқыту технологиясы», «Ш.А. Амоношвили технологиясы», «Ақыл-ой, іс-әрекеттерді жандырудың тәсілдерін оқыту технологиясы», М.М. Жанпейісованың «Модульдік технологиясы», Қазақстандағы «Сорос Қазақстан» жәрдемімен жүзеге асырылып жатқан оқытудың американдық үлгілері (дебат, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ойлау дағдыларын жетілдіре отырып, мақсат қою технологиясы). «Ынтымақтастықта оқыту технологиясы», Ж.Қараевтың «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы».
Технология- гректің өнер, шеберлік ғылымы деген сөзінен шыққан. Ал технологиялық оқыту түсінігі педагогика саласында 1995 жылдан бастап пайдаланыла бастады.
Соңғы жылдары «Сыни тұрғысынан ойлау» стратегиясы кеңінен қолданылып жүр. Әр шәкірттің ерекшелігі ескеріліп, шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туады. Ол кездегі қолданылатын әдістер:

  1. Оқушылардың қызығушылығын ояту;

  2. Мағынаны ажырата білу;

Ж. Қараевтың «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясын» сабақта пайдалана отырып, оқушыларға түрлі тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту, ізденушілікке, шығармашылыққа баулу іске асырылады.
Қазіргі кездегі негізгі талап- оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оқушыларды басқару.
«Жаңа педагогикалық технология» әрбір сабақта пайдаланатын өте қажетті сол тақырыпты оқушыға жеткізудің, түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тәсіл.
Дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойланып, қорытынды жасай білуге сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауды үйренуге машықтандырады. Теориялық мәселелерді практикада қолдана білуге баулиды, шығармашылық ізденіс әдістерін игеруге көмектеседі.
Жаңа технологиялардың бірі- профессор Жауынбай Қараевтың «Саралап, деңгейлеп оқыту» технологиясын қолдану жоғары нәтиже беруде.
Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз- балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында төмендегідей әрекеттер жүзеге асырылады:

    • Интелектуалдық іс әрекеттер;

    • Ойлау операциялары (талдау, жинақтау, жіктеу, т.б.);

    • Тіл таңбаларын қолдану.

Сонымен бірге оқыту технологиясының барлық әдістемелік, дидактикалық үрдістері сақталады.

    • Жүйелілік(қарапайымнан күрделене береді);

    • Оқу материалдарының жетекшілігі;

    • Оқушыны жетектей отырып, өтілетін материалдарды жан-жақты қарастырып, терең меңгеруге бағыттайды.

Мемлекеттік стандартпен басталған бір деңгейдегі тапсырмалар бірте-бірте күрделене береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет