Қазіргі кездегі сабақ құрылымы. Сабақ жоспары. Оқушылардың танымдық қызметін белсенді ету. Проблемалық оқыту. Оқушылар білімін тексеру. Оқушылар жауаптарына қойылатын талаптар. Білімді тексеру әдістері (ауызекі, жазбаша, практикалық, графикалық). Тест алу оқушылар білімі мен біліктілігін бақылаудың тиімді бір тәсілі, оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Тестік тапсырмалардың негізгі формалары.
Сабақтың құрылымы
Сабақтың құрылымы,оның жоспары сабақтың мазмұны мен әдістерімен байланысты.Сабақтың жоспары оның мазмұнының құрылымын анық білдірі керек-негізгі бөлімдерді әдістерді,қажет құралдарды.Оқушыларға арналған сұрақтар құрастырылады,анықтама материал көрсетіледі.
Жаңа тақырыпты сабақтың басында түсіндіру оқушылармен жақсы қабылданады және шаршамай тұрғанда қызығушылықпен қабылданады. Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен салыстыра сұраған дұрыс.
Сабақтың құрылымында материалдың логикалы орналасуының маңызы зор.
1.Сабақтың индуктивті құрылуы нақты білім жинақтауға мүмкіндік береді.Сол білімге сүйеніп оқушылар қорытынды шығаруға үйренеді.
Сабақ дедуктивті құралғанда алдымен мұғалім заңдылықтын анықтамасын береді немесе жалпы пікірді хабарлайды, содан кейін растайтын деректерді қарастырады.
Дедукция
Р астайтын деректер
Индукция мен дедукцияның синтезі
Бір реттегі және қарама-
Қарсы деректерді
салыстыру
Жаңа деректерді
түсіну үшін
Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы дегеніміз оқу процесіне оқушылардың барлығын жұмылдыра білу болып табылады.
Оқу тәрбиелік мақсаты мен мазмұны барлық құрылым элементтерін жұмсауды талап ететін сабақтар
Құрамалы сабақтар типіне жатады
Сабақтын бұл типінен басқа:
2.Жаңа оқу материалын хабарлау;
3.Бекіту және білімді пайдалана білу;
4.Пысықтап қорытындылау;
5.Экскурсия сабақтар
6.Лабораториялық сабақтар
7.Оқу-тәжірибе учаскесіндегі сабақтарда болады.
Жаңа оқу материалын хабарлау сабағы мектеп оқушыларының алғашқы меңгеруіне қажетті фактілермен, ұғымдармен, теориялық мәселелермен оқушыларды байытып отыратындығымен сипатталады.
Индукция
Д еректер
Ботаника курсында көбінесе сабақтың индуктивті құрылымы қолданылады
Объекттердің бір бөлігі болған жағдайда сабақты дедуктивті құрауға болады.
Сабақта индуктивті және дедуктивті құрылымды біріктіруге де болады.
Мұғалім сабақ мазмұнында басты сұрақты анықтайды,содан кейін басты сұрақты логикалы байланысқан сұрақтарға бөлшектенеді, алдын ала қорытындыларды жобалайды.
Сабақ басында оқушылардың алдына мәселе қою оқушыларды қызықтырады.
Мәселе дегеніміз шешуді, анықтауды зерттеуді қажет ететін күрделі теориялық немесе тәжірибелік сұрақ.
Мәселе қойып құрастырылған сабақта алдымен қызметі қарастырылады,содан кейін түрі қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |