Дістемелік материалдар



бет54/54
Дата06.02.2022
өлшемі216 Kb.
#65070
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
5 БІЛІМГЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
5.1 Білімгердің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық:
Өздік жұмыс тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ әдебиеті тарихының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық кабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, ОБӨЖ, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Өздік жұмыс тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақырыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген үзінділерін жатқа оқу қажет. Өздік жұмысты қорғау барысында әдеби мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді білу талап етіледі. Емтихан алдында мәтіндік тест алынады.

БӨЖ № 1. Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызметтің моделі және құрылысы.


БӨЖ № 2. Мектепке дейінгі ұйымдағы психологтың тұлғасының өзіндік дамуы.
БСӨЖ № 3. Психологиялық-педагогикалық консилиум ұйымдастыру және өткізу.
БӨЖ № 4. Мектепке дейінгі ұйымдағы психолог жұмысын жоспарлау.
БӨЖ № 5. Психолог жұмысындағы кәсіби бағдар жұмысы.
БӨЖ № 6. Ата-аналармен диагностикалық жұмыс мазмұны және кеңес беру.


Әдістемелік нұсқау. БӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3,6-апталарда, 2-кредит бойынша 11,14-апталарда БОӨЖ сабағында тексеріледі.
Бақылау жұмысы дегеніміз берілген тақырыптың қысқаша мазмұнын беретін шығарма. Берілген тақырыптардан қалауыңыз бойынша бір тақырып таңдап аласыз. Сіз бақылау жұмысын 12 беттік оқушы дәптеріне жазып өткізесіз. 1-7 апта аралығында дайындалып, 7-аптада БОӨЖ сабағында өткізесіз., Егерде тақырыбыңыз өтіп кетсе 7-аптаға дейін тапсырып тастауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет