Ойындарды ұйымдастыру барысында мынадай талаптар қойылады: - оқушылардың дербестігін, олардың белсенді позициясын көрсететін тіпті дұрыс емес және теріс пікірлер де марапатталып отыруы керек;
- қарым-қатынасқа түсушілер жіберген қателіктері үшін сыналмайтынына, жазаланбайтынына сенімді болуы керек;
- тілдік материалдарды пайдалану жеке сөздік ой-пікірлерге бағынады;
- тілдік материал сөйлеушінің сөздік ойлану мүмкіндігіне сәйкес келеді;
- қарым-қатынас сыннан тыс, бағалаудан тыс негіздерге құрылады (бірге қапалану және бір-бірінің көңіл күйін түсіну).