«Дизайн, текстиль және киім технологиялары» факультеті



бет2/3
Дата01.05.2022
өлшемі0,83 Mb.
#141624
1   2   3
Байланысты:
«Дизайн, текстиль ж не киім технологиялары» факультеті

Тігін-тігу машиналары
Бұл класты машиналар микропроцессорлық басқарылатын машиналар болып табылады, оларға кесте блогын қосуға және машинаны кесте ретінде пайдалануға болады.
Машина тігістерінің жіктелуі
Машина тігісі
Біріктіруші
Әрлеу Біріктіруші
Шеттік
Бастырма
Бекіту
Айыра үтіктеу
Жатқыза үтіктеу
Бүгіп тігу
Жабық кесікпен
Ашық кесікпен
Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.
Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу)тігістері жатады.
Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.
Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.
Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.
Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.
Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет