Джакупова Жанар Ерекеевна Неизвестно 4 Шапекова Нэля Лукпановна Декан факультета Əзірлеуші: Колпек Айнагүл, -неизвестно hoa 3213 Химияны оқыту əдістемесі пəні бойынша оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы


Орта мектептегі химия курсының мазмұнын сұрыптау негіздері



Pdf көрінісі
бет22/90
Дата31.01.2023
өлшемі2,22 Mb.
#166960
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90
Байланысты:
umkd 3

Орта мектептегі химия курсының мазмұнын сұрыптау негіздері. 
Химияны 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Оқу әдістемелік кешен 
Алтыншы 
басылым 
оқыту әдістемесінің негіздерінде оқу материалының көлемін және қиындығын 
реттеудің 
мынадай жалпы педагогикалық талаптар келтірілген: мазмұнның тұтастығы; 
ғылыми дәлдігі және құндылығы; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі; оқу 
жоспарындағы сағат санының ескерілуі; көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі; 
халықаралық стандартпен үйлесімділігі. 
Бұлар оқу пәндерінің бәріне тиесілі жалпы талаптар. Мектептегі химия 
курсының мазмұнын іріктеудің кейбір өзіндік негіздері химиядан сабақ беру 
әдістемесінде талданған. Енді соларға тоқталып өтейік. 
Оқу материалының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкес келуі. 
Қазіргі ғылыми- 
техникалық даму дәуіріндежеке ғылым салалары қарыштап дамыды. Қайсы бір 
топшылауларға қарағанда, әр 7-10 жылда ғылыми ақпараттың көлемі екі есе өскен екен. 
Мұның өзі оқу пәндерінің мазмұнын дүркін-дүркін қайта қарап, жаңалықтармен, 
толықтырып отыруды қажет етеді. 
Оқу пәні ретінде химияның мазмұнына деректі материалдар енгізіледі. Осылардың 
әр қайсысы соны деректермен, химиялық технологияның жаңалықтарымен, жаңа 
идеялармен толысуы керек. 
Химия курсының мазмұнын таңдағанда және толықтырғанда білімнің жүйелі 
түрде орналасуы ескеріледі. Оқу материалының ішінен ең іргелі білім мен біліктері 
іріктеліп, жетекші идеяның төңірегіне топтастырады, олардың ішкі мәнін жалпы 
заңдылықтарды қамтитын теориялардың тұрғысынан түсіндіреді. 
Демек, теория мен деректі тәжірибелік білімнің арақатынасын тиімді анықтау-аса 
маңызды әдістемелік міндеттердің бірі. Деректер теориялық көз қарасты жетік меңгеретін 
дәрежеде ғана алынады. Олардың мөлшері көбейіп кетсе, кері нәтеже береді. 
Ұғымдарды дамыту негіздері. 
Химия ғылымының, даму барысында теориялық 
деңгейінің көтерілуіне байланысты, негізгі ұғымдарының мағынасы кеңейіп, тереңдейді. 
Мектеп курсында әр ұғымның ғылым тарихындағы қалыптасу жолын айнытпай міндет 
емес. 
Дегенмен, оқушылардың әзірлігін, жас ерекшелігін ескеріп, ұғымның мағнасын 
бірітіндеп ашып, дамытуға тура келеді. Мәселен, зат туралы ұғым мына сызбанұсқаға 
сәйкес дамытылады; физикалық дене → зат → элементтің құрамы → элементар бөлшектер 
→ иондық құрамы → материяның бір түрі. 
Сызбанұсқаға қарағанда зат туралы алғашқы ұғым тәжірибе жүзінде бірнеше 
физикалық денелердің ортақ белгілерін табу арқылы қалыптасады(1). Бұдан соң атом 
молекулалық теорияның(2), электрондық теорияның(3), электролиттік диссоциялану 
теориясының(4), жалпы материалистік көзқарастың(5) тұрғысынан дамиды. 
Қиыншылықты бөлу негізі. 
Бұл негіз химия курсының мазмұнын анықтауда әр 
қилы шешім тапты. Мұндағы негізгі мәселе - оқушылардың таным әрекетінің мүмкіндігін 
ескеріп, деректі материалдардың, теориялардың және химиялық ұғымдардың орынын 
тиімді анықтау. Оқушылар тікелей бақылауға негізделмеген теориялық материалдарды 
игеруге қиналады. Сондықтан оларды бір жерге топтастырмай, қиыншылықты бөлу 
негізіне сәйкес кластарға бөліп орналастырады. Деректі материалдар теорияның алдынан 
және соңынан қарастырылады да, бірнеше жағдайда теорияны түсіндіру, екінші жағдайда 
бекіту, нақтылау және дамыту мақсатын көздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет