Кез-келген ұйымның қызметі осы ұйымның негізгі қызметін жүзеге асыру үшін аса қажетті әртүрлі активтер түріне ресурстарды салумен байланысты. Дегенмен ұйымның рентабельділік деңгейін көтеру мақсатында бос ресурстарды табыс әкелетін бірақ негізгі қызметке қатыспайтын әр түрлі активтердің түрлеріне уақытша салуға болады. Мұндай ұйымның қызметіинвестициялық, ал осындай қызметті басқару түрі - ұйымның инвестициялық менеджменті деп аталады.
ҚР 8 қаңтар 2003ж. №373-II ҚРЗ «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес: «Инвестициялар -лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кəсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа), сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған жəне алған тіркелген активтері».
Инвестицияларға барлық салынған қаражаттар түрлері жатпайды, тек таза пайда алуғабағытталғанкапиталдың өсуіне әкелетін салымдарды айтамыз. Капиталдың өсуіне алып келмейтін салымдарды тұтыну инвестициялары деп атайды. Капиталдың өсімі жеткілікті болуы тиіс, осылар үшін:
-қолда бар активтерді (құралдарды) ағымдағы кезеңде тұтынудан бас тарту үшін инвесторға өтем жасау;
- тәуекелі үшін сыйақы беру;
- алдағы кезеңдегі инфляциядан жоғалтуларын өтеу.
Инвестицияларды әртүрлі нысандарда жүзеге асыруға болады. Инвестициялау нысандарының жіктелуі, негізінде белгіленген критерийлерді таңдау бойынша анықталады. Инвестицияның жіктелу критерийлері болып: объект салу құралдары, мақсаты, инвестициялау мерзімі, меншік құралдарының формалары, салымдар саласы, салалық және аймақтық белгілері табылады. Инвестициялар нысандары шеңберінде негізгі инвестицияларнысандарынодан әрінақтылануынкөрсететін белгілері бойынша инвестиция түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Жеке белгілері бойынша инвестициялар жіктелімін қарастырайық.
Нысаналы мақсаты бойынша инвестициялар бөлінеді: - нақты инвестициялар;
- портфельдік инвестициялар;
- материалдық емес активтердегі инвестициялар.
Нақты инвестициялар – бұл нақты активтерге салымдар, яғни негізгі қорлар мен қысқа мерзімді активтердің артуы мақсатында қазіргі ұйымдарды реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа өндірістерді, технологиялық желілерді, өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетулерді құру.
Портфельдік инвестициялар – бұл мемлекеттің, ұйымның, банктің, инвестициялық қорлардың, сақтандыру және өзге де компаниялардың құнды қағаздарын сатып алуға салынған салымдар. Бұл жағдайда инвесторлар құнды қағаздарды иеленуден табыс табу арқылы өзінің өндірістік емес қаржылық капиталын арттырады. Бұл ретте, құнды қағаздарды сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттары салымдарын осы құнды қағаздарды шығаратын фирмалар жүзеге асырады.
Материалдық емес активтердегі инвестицияларға лицензияларды, өнертабысқа патенттерді, жаңа технологияларға куәліктерді, тауар белгілерін, өндіріс технологиясы мен тауарларына сертификаттарды және өзге де материалдық емес активтерді иеленуге бағытталған салымдар жатады.
Инвестициялауға қатысу сипаты бойынша бөлінеді:
- тікелей инвестициялар – инвестициялау объектісіне инвестордың тікелей қаражат салымдарын салуы (инвестициялаудың бұл түрін негізінде инвестицияланатын объект туралы жеткілікті ақпаратты иеленетін және инвестициялау механизмімен жақты таныс дайындалған инвесторлар жүзеге асырады);
- жанама инвестициялар – жанама басқа тұлғалар арқылы инвестициялау (инвестициялық немесе қаржы делдалдары арқылы). Бұл интестициялау түрін инвестицияланатын объектілерді таңдау үшін жеткілікті біліктілігі және одан әрі оларды басқару мүмкіндігі аз инвесторлар жүзеге асырады. Бұл жағдайда олар инвестициялық немесе қаржы делдалдары арқылы шығарылатын құнды қағаздарды сатып алады (мысалы, инвестициялық қорлар мен компаниялардың инвестициялық сертификаттары). Қорлар өз кезегінде осылайша жиналған инвестициялық құралдарды өз қалауына қарай орналастырады: ең тиімді инвестицияланатын объектіні таңдап алады, оларды басқаруға қатысады, ал алынған табысты өздерінің тұтынушалары арасында бөледі.