Джаншанло Р. Е



бет19/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
Байланысты:
treatise101973

Банкроттылықтың үшінші түріөндіріс банкроттылығы, бұл жағдайда отандық және шетелдік өндірушілер тарапынан қатаң бәсекелестік себептерінен ұйымның бәсекеге қабілетсіз өнім өндіреді және бұл жағдайды басшыны ауыстыру немесе өндірістің бағытын толық немесе ішінара өзгертусіз инвестициялық салым жасау жолымен өзгертусіз жоюға келмейді. Банкроттылықтың төртінші түрі қазіргі заманғы ұйымдарға тән «жосықсыз менеджмент» деп аталады. Бұл топқа өз міндеттемелерін орындаудан қасақана жалтарумен байланысты ұйым басшыларының іс-әрекеттері жатады.
Ұйым дәрменсіздігінің негізгі себептері қандай факторлар болғанына байланысты экономикада банкроттылықтың келесі типтері ажырытылады:

  • ұйымның ерекше банкроттылығы теңгерімді экономика жағдайында ұйым өзіне алған міндеттемелерін орындай алмау сияқты субъективті себептер салдарынан туындайды.

  • ұйымдардың жаппай банкроттылығы дағдарыс жағдайында болашақта экономикалық міндеттерін шеше алмауынан туындайды.

Банкроттылықтың түрлерінен басқа осы құбылыстың туындау себептері жайлы сөз қозғауға болады. Экономикалық әдебиеттерде банкроттылықты тудыратын факторларды ішкі және сыртқы деп бөледі.
Сыртқы факторларға ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне елеулі әсер ететін факторлар қажеттіліктердің мөлшері мен құрылымы, халықтың табысы мен жинақтары деңгейі; саяси тұрақтылық пен ішкі саясат бағыттылығы; өнім өндіру және оның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын ғылым мен техниканың дамуы; халықаралық бәсекелестік; экономикалық құлдырау салдары, инфляция.
Ішкі факторларұйым дамуын анықтап, оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесіне әсер етеді, экономикалық әдебиеттерде төрт негізгі топ түрінде ұсынылған: ұйым стратегиясы, оның қызметінің қағидалары, ресурстар мн олардың қолданылуы, сапа мен маркетинг деңгейі. Өз кезегінде аталған факторлар топтары әр ұйымда іріктемелі әрекет ететін ондаған, тіпті жүздеген нақты себептерді қамтиды.
Жоғарыда қарастырылған жіктемеден басқа банкротылық факторларын сандық және сапалық деп бөлуге болады.
Сандық факторларға мыналарды жатқызуға болады: жалпы міндеттемелерге қатысты ақша қаражаттары қозғалысының төмен деңгейі; қарыздық міндеттемелердің акционерлік капитал мен активтердің жалпы сомасына қатысты жоғары шамасы; инвестицияларға табыстың аздығы; бөлінбеген пайданың активтердің жалпы сомасына қатысты төмен деңгейі; айналым капиталдың активтер жалпы сомасы және сату көлеміне қатысты төмен деңгейі; ұзақ мерзімді активтердің орта мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерге қатысты жеткіліксіз деңгейі; пайыздарды жабудың төмен коэффициенті; пайданың тұрақсыздығы; сату көлемі және (немесе) активтердің жалпы сомасымен айқындылатын ұйымның қарапайым өлшемдері; ұйым облигацияларының бағасы; «Бета» коэффициентінің елеулі артуы; акциялардың нарықтық және баланстық бағалары арасындағы үлкен айырма; дивидендтік төлемдердің кемуі; WACC-ның айтарлықтай өсуі; тұрақты шығындардың жалпы шығындарға қатысты артуы; ұзақ мерзімді активтердің тиісті деңгейін қолдау қабілетсіздігі.
Банкроттылықтың сапалы себептеріне жатқызуға болады: қаржылық есептілік жүйесінің төмен деңгейі мен ұйымның шығындарды бақылау қабілетсіздігі; ұйым басшылары біліктілігінің төмендігі; өнеркәсіптік құлдыраудың болуы; ұйымның тиісті қаржыландыру алу және алынатын қаржыландыруға ауқымды несиелік шектеулер алу қабілетсіздігі; мерзімі өткен міндеттемелерді өтей алмауы; ұйымды басқаруда біліксіздік; менеджерлердің нарықта болып жатқан өзгерістерге тез бейімделу, әсіресе технологияларға бейімделген бизнесте уақытпен қатар жүру қабілетсіздігі; коммерциялық тәуекелдің жоғары деңгейі; қанағаттанарлықсыз сақтандыру; заңсыз алаяқтық іс-әрекеттер; менеджерлердің бизнес қызметінің кезеңдік ерекшеліктерін ескермеуі; тұтынушылар сұранысына сәйкес өндірісті қайта құру қабілетсіздігі; жеткізушілер сенімсіздігін ескеру; қарыздық және жал мәмілелерін қайта қарау; қаржылық есептілік жүйесінің сапасыздығы.
Банкроттылықтың бірінші белгілері ретінде қаржылық есептілікті ұсынумен кідіріс, сонымен қатар бухгалтерлік баланс пен пайда және зиян туралы есептілік құрылымында күрт өзгерістерді қарастыруға болады. Ұйым дәрменсіздігі (банкроттығы) жайында шешім қабылданады:

  • ұйымның өзімен ерікті түрде;

  • төрелік сотының қорытындысы бойынша;

Мемлекет деңгейінде банкроттылықты реттеу талдау жұмыстарында маңызды рөл атқарады, себебі ол дәрменсіздік және жалған банкроттылық белгілерін және т.б. анықтай отырып, «ойын ережелерін» белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет