А Абсолюттік өсім көрсеткіші – нақты және базисті мән арасындағы айырмашылық.
Абстракция – нақты талдауда маңызды орын алмайтын кейбір экономикалық және экономикалық емес факторларды шығару арқылы экономикалық талдауды қарапайымдандыру.
Экономикалық көрсеткішті агрегирлеу - экономикалық көрсеткіштібір көрсеткішке біріктіру арқылы ірілендіру.
Факторлы талдаудағы аддитивті модель – факторлар алгебралық жиынтық түрінде кіретін қатаң анықталған модель.
Актив – белгілі уақыт аралығындағы мекеменің қаржылық және қаржылық емес құндылықтары ақшалай түрде көрсетілетін бухгалтерлік баланс.
Негізгі қаражаттың активті бөлігі – ғимарат құнын есептемегендегі мекеменің негізгі қаражат жиынтығы.
Өнімнің амортизацисыйымдылығы – нақты кезеңдегі өнім сатылымына сол кезеңдегі есептелген амортизация жиынтығының қатысы.
Амортизация – негізгі қаражат құнын және материалдық емес активтерді бөлшектеп шығарылатын өнімге ауыстыру.
Анализ (талдау) – қоршаған орта құбылысы мен заттарын тұтастықтан бөлшекке дейін нақты немесе ойша бөлуге негізделген және жанжақты байланыстағы, тәуелділіктігін қарастыру.
Нақты – экономикалық талдау – нақты есептеулерге, формулаларға (экономикалық құбылыстардың сапалық сипатымен бйланысты қарастырылған) жүгінген сандық анализ.
Корреляционды-кемімелік талдау – шаруашылық әрекетті стохастикалық (ықтималдық) моделдеудің классикалық әдісі, арасындағы байланыс қатаң функционалды емес және кездейсоқ фактор әсерінен бұрмаланған шаруашылық әрекеттер көрсеткішінің байланысын қарастырады.
Макроэкономикалық талдау – әлемдік шаруашылықты талдау, елдің халықтық шаруашылығын комплексті талдау.
Микроэкономикалық талдау – халық шаруашылығының негізгі салаларының қызметін талдау, яғни коммерциялық ұйымдармен қоса басқа да ұйымдар.
Жедел талдау –шаруашылық комплекстің тиімді әрі үздіксіз қызметін қамтамассыз ету үшін өндірістік-шаруашылық жұмысына қажет жағдайда дереу араласу мақсатында жоспарланған міндеттердің орындалуын жүйелі күнделікті қарастыру.
Саяси-экономикалық талдау – абстракті түсініктерді, категорияларды, экономикалық заң қызметін талдау.
«Шығын-көлем өндіріс-кіріс» қатынасын талдау – өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты кіріс және шығыс сипатының өзгеруі арқылы талдау әдісі.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – мекеменің жеке көрсеткіштері бойынша шаруаішілік салыстыру, еншілес қоғам, бөлімшелер, цехтарды салыстыру, сондай-ақ мекеменің шаруааралық көрсеткішін бәсекелес көрсеткішімен салыстыру,ортасалалы және орташа жалпы экономикалық мәліметтермен салыстыру.
Стохастикалық факторлы талдау – көрсеткіштік нәтижемен байланысы толық емес, мүмкіндігі басым факторларды зерттеу.
Ағымдағы талдау (бағалау) – бизнес жоспарларға дұрыс баға беру үшін және өндірістің жеткен тиімділігін бағалау үшін, өндіріс ішілік қорларды комплексті анықтауға және ары қарай да тиімді қызмет жасауы үшін мобилдеу мақсатында шаруашылық қызметінің нәтижесін жан жақты, мерзімді зерттеу жүйесі.
Теориялық талдау – кез келген нақты есептеуді, құрылған үлгіні, формуланы теориялық тұрғыдан негіздеу, аталмыш экономикалық жүйенің қызмет етіп тұрған уақытынан бері қоғамдық өндірістің даму заңдылығын зерттеуде қолданылады, оны білу экономикалық саясаттың концепциялары мен алға қойған мақсатын анықтау үшін қажет.
Факторлы талдау – нәтижелі көрсеткішке факторлар әсерін жүйелі әрі кқмплексті зерттеу.
Қысқа мағына тұрғысынан экономикалық талдау – ақпараттық базада және зерттеу әдісінде өзіндік ерекшелігі бар мекеменің шаруашылық қызметін талдау.
Кең мағына тұрғысынан экономикалық талдау – барлық экономика ғылымдарының құрамдас бөлігіне кіреді, әлемдік шаруашылықтан жаһандық экономика салаларын қамтитын жалпы экономика.
Ғылым ретінде экономикалық талдау – мекеме қызметі жайлы экономикалық ақпаратты талдау және өңдеуде қолданылатын зерттеудің тәсілдері мен әдістерін білетін арнайы білім жүйесі.