Джек лондон. Текти сарын



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата03.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#148654
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
(pdf) Тектік сарын (Джек Лондон)
тестттт
АДАМҒА ДЕГЕН МАХАББАТ
Желтоқсан айында Джон Торнтон аяғын үсітіп алғанда жолдастары оны
тұраққа жақсылап жайғастырып, оңалғанша сонда қалдырды да, өздері
өзеннің жоғары жағына ағаш даярлауға кеткен оны Доусон арқылы ағызды.
Торнтон Бэкті құтқарып қалған кезінде аздап ақсап жүр еді де, күн жылына
келе əбден айығып кетті. Ал Бэк көктемнің ұзақ күндерінде жағада жатып
өзеннің ағысына самарқау қарап қойып, құстар əнін, көктем дүбірін
тыңдаумен болды, сөйтіп біртіндеп күш ала бастаған.
Үш мың миль өткен жан иесіне демалыс та тəтті-ақ. Жəне, расын
айтқанда, жарасы жазылып, сіңірлері қатайып, сүйектері қайтадан ет ала
бастаған сайын Бэк жалқауланған үстіне жалқаулана берді. Дегенмен,
мұнда Бэк қана емес, Торнтонның өзі де. Скит пен Ниг те, бəрі Доусонға
баратын салды күтіп, түк істемей бос жатқан. Ирландық сеттер тұқымдас
кішкене ғана ит Скит шалажансар Бэкпен тез достасып кетті де, бұл оның
мейірімі мен қамқорлығынан бас тарта алмай қалған. Өзге де кейбір
иттердікі секілді Скиттің де жаралар мен кеселдерді емдеп жазатын ерекше
қасиеті бар еді. Бұл да мысықтың мəуленін жалайтыны секілді Бэктің
жарасын жалауға кіріскен. Ол əрбір таңда Бэк тамақтанып болғанша күтіп
жатады да, өзінің ерікті түрдегі міндетін атқаруға кіріседі, сөйтіп ақыр
аяғында оны Торнтонның күткеніндей күтуді өз мойнына ықыластана
алған. Иісшіл ит тұқымы мен шотланд тазысының буданынан шыққан Ниг
те дос пейілді екен. Дегенмен, көздері жайнап тұратын аса мейірбан бұл
дəу қара төбет ұстамдырақ еді.
Бэкті таңырқатқаны, осы иттер бұдан қожайынды да ешбір қызғанған
жоқ, өзіне іштарлық та жасаған емес. Тəрізі, бұларға Джон Торнтонның
қайырымдылығы мен кең пейілділігі дарыған сияқты. Олар Бэк оңалған
кезде мұны кейде Торнтонның өзі де шыдамай осыла кететін көңілді
ойындарына тарта түскен.
Осылайша əбден тыңайып алғанын өзі де аңдамай қалған Бэк жаңа
өмірді бастаған еді. Ол алғаш рет сүйіспеншілікті, нағыз адал махаббатты
сезінген болатын. Судья Миллердің үйінде, күн шуақты Санта-Клара


алқабында ешкімді де дəл осыншалықты сүйіп көрмепті. Аңға шығып,
алыс серуендерге бірге баратын судьяның ұлдарына жолдастықпен, оның
кішкене немерелеріне биік тəкаппарлықпен, ал судьяның өзіне асқақ
өрлігін жоғалтпай достық ниетпен ғана қараған екен. Мұның жан
түкпіріндегі албырт махаббатты, шексіз де, ессіз сүйіспеншілікті ояту тек
Джон Торнтонның қолынан келіпті.
Торнтон мұның жанын сақтап қалды — осының өзі-ақ талай жайтты
аңғартса керек. Оның үстіне бұл адам тамаша қожайын еді. Өзге жұрт
иттерін міндеті ретінде жəне өздеріне пайдалы болғандықтан күтеді. Ал
Торнтон бұларға əкенің балаларын мəпелегеніндей ешбір есеп-қисапсыз
қарайды — оның жаратылысы сондай. Бұған қоса итті сергітетін қанатты
сөзбен қуантып қоюды да ешқашан ұмытқан емес, солармен ұзақ сөйлесуді
ұнатады (оны өзі "мылжу" деп атайды), əрі осы əңгімелері əлгілерден гөрі
көбінесе өзін рақаттандырар еді. Торнтонның Бэкті қос қолдап бастан
ұстап, маңдайына маңдайын тіресіп алып, итті олай-бұлай жұлқылай
отырып түрлі боқауыз атаулармен сіміртетін əдеті бар - оны Бэк еркелету
деп ұғады. Бэк үшін осынау боқтау арқылы жасалатын дөрекілеу
мейірімнен артық қуаныш та жоқ, қожайыны өзін осылайша сілкілеген
кезде шаттықтан жүрегі аузына тығылады. Ақыр соңында Торнтон
босатқан мезгілде атып тұрып аранын қуана ашады, - сол сəтте оның
түрінен көмейіне өзі айтып жеткізе алмайтын шаттық сезімнің тығылып
тұрғанын аңдар едіңіз. Ал Джон Торнтон орнында сілейіп қалған əлгіге
құрметпен қарап: "О, Жасаған! Мынау ит - адам. Тек сөйлей алмайды!" деп
тамсанды.
Бэк те өз сүйіспеншілігін иесін жаралап тастайтындай тұрпайы
тəсілдермен білдірді. Ол, мəселен, Торнтонды қолдан тістей алып шайнап
жіберердей қатты қысатыны сонша, теріге түскен азуының таңбасы көпке
дейін кетпейді. Əйткенмен, қожайын осынау жалған қатыгездіктің тек
еркелік екенін түсінеді, дəл сол сияқты Бэк те боқауыз атаулардың өзіне
деген шексіз мейірім белгісі екенін жақсы білетін.
Бэктің махаббаты көбінесе үнсіз сүю түрінде көрінеді. Торнтон өзін
сипағанда немесе мұнымен сөйлескенде шаттықтан есі шыққанымен
мұндай мейірім белгілеріне тіленген де емес. Скит керісінше Торнтонның
қолының астына тұмсығын сұғып, өзін сипағанша танауын тіреп тұрып
алса немесе қожайынға сүйкенетін əдеті бар Нигу дəу басын оның тізесіне
қойса, Бэк тек алыстан жақсы көрумен қанағаттанады. Ол Торнтонды


құдды зерттегендей, жүзіне тіктене қарап, оның аяғының астында сағаттап
та жата алады. Ол қожайынының жүзіндегі əрбір өзгерісті, қалт еткен əрбір
көңіл күйі табын жіті бақылайды. Ал кейде оның қимылын сырттау тұстан
бақылап, иесінің бір бүйірінен немесе артқы жағынан қарап жатады. Адам
мен иттің арасында осындай жіті жақындық орнап, мұндайда Бэктің
көзқарасын бірінші болып аңдайтын Торнтон басын бұрып, оған үн-түнсіз
қарап қалады. Сөйтіп бір-бірінің көздеріндегі жарқылдаған сезімді оқиды.
Бэк Торнтон өзін құтқарғаннан кейін ол едəуір көрінбей кетсе қатты
алаңдайтын əдет тапқан Торнтон шатырдан шыққан сəттен бастап қайта
оралғанша тобст оның ізінен қалмайтын еді. Мұнда, Сібірде Бэктің иелері
бірнеше мəрте алмасқаннан кейін тұрақты қожайындар болмайды екен деп
ұйғарған бұл баяғы Перро мен Франсуаның, кейінірек, шотландтықтың
кетіп қалғанындай Торнтон да жоғалып кете ме деп қорқатын. Осы үрей,
тіпті, түсінде де қыр соңынан қалмай, жиі оянып кететін Бэк түнгі суыққа
да қарамастан баспасынан шығып шатырға барып, кіреберісте қожайынның
деміне ұзақ құлақ түретін еді.
Алайда, Джон Торнтонға ғажайып сүйіспеншілігі Бэкті жұмсарта түсіп,
өркениетті ықпалын тигізуге тиісті болғанымен, бойындағы Сібір оятқан
жабайы бабаларына деген құштарлығы бəсеңсіген жоқ. Үй жағдайында
өскен бұған иесіне адалдық қасиеті тəн еді, бірақ сонымен бірге бойында
тағы хайуандардың қатыгездігі мен зұлымдығы бұғып жататын. Бұл енді
күн сəулетті Оңтүстіктің жылдар бойы қолға үйренген ит буындарының
ұрпағы емес-ті, жоқ, бұл жабайы орманнан Джон Торнтонның алауына
келген алғашқы қауымдық аң болатын. Осынау кісіге деген зор
сүйіспеншілігі Бэкке одан азық ұрлауға мұрсат бермейтін, бірақ бұл оны
кез келген басқа адамдардан, əрбір өзге станнан ұялмастан-ақ жымқыра
салады жəне ол істі өзінің айуандық айлакерлігінің арқасында жымын
білдірместен атқарады.
Тұмсығы мен денесінде көптеген ит азуларының ізі қалған ол кейінгі
айқастарда да сол баяғы кəрлілігінен таймай, қазір бұрынғыға қарағанда
тіптен əккілене түскен. Скит пен Ниг бейбітшілік сүйгіш, мейірімді иттер
болатын, бұл олармен таласқан жоқ, - оның үстіне бұлар Джон Торнтонның
иттері ғой. Ал егер мұнда бөтен бір ит келе қалса, ол тұқымы мен күш-қуат
деңгейіне қарамастан бірден Бэктің басымдығын мойындауы тиіс, əйтпесе
оған қатерлі дұшпанмен жан беріп, жан алысатын қанды шайқасқа түсуге
тура келеді. Ал Бэктің аямайтыны анық. Сойыл мен ауыздың заңдылығын


жақсы игеріп алған ол ешкімге ешқашан да есе жіберіп көрген емес.
Мұны Шпицтен, азуын полициялық жəне пошта таситын иттерден
үйренген. Ол тең орта дегеннің болмайтынын білген - не сен ұтасың, не
сені жеңеді, ал жауды аяу - əлсіздіктің белгісі. Жабайы жаратылыс иелері
мейірім дегенді мойындамайды. Оны қорқақтық деп қабылдайды.
Аяушылықтың артында ажал тұрады. Өлтір, əйтпесе өзің өлесің, же немесе
сені жалмайды - тағы дəуірдің қағидасы осындай. Замана тереңінен өзіне
дейін жеткен осы заңдылыққа Бэк те бағынды.
Ол өзі өмір сүрген мезгілден, айналада өтіп жатқан кезеңнен ересек еді.
Мұның бойында өткен шақ пен осы дəуір мəңгіліктің алапат ырғағынша
мидай астасып, ескі кезең мен жаңа заманның үні алма-кезек ауысып
жатты, бұл тасу мен басылу секілді немесе жыл маусымының
алмасқанындай ерекше құбылыс болатын. Джон Торнтонның алауының
қасында түгі сабалақ, ақ азулы, кеудесі талыстай төбет отырды. Бірақ оның
сыртында жартылай қолға үйренген, жартылай жабайы өзге иттердің көзге
көрінбейтін көлеңкесі қаптап тұрар еді. Олар сəт сайын өздерінің бар
екенін ескертіп, мұнымен ой сабақтасып, бұл жеген етті жеп, ішкен суын
ішіп, естіген нəрсесін қоса естіп, бұған жабайы орман өмірі дүбірінің
сырын ұқтырумен болады. Олар мұның бойына өздерінің көңіл күйлері мен
қуаттарын сіңіріп, іс-əрекетіне кеңес беріп, қасында жатып алып, ұйықтаса
ұйықтап, осы көрген түсті қоса көріп, өздері де түске енеді.
Осынау көлеңкелер үнінің құдіреттілігі сонша, күн өткен сайын
адамдар мен олардың талаптары біртіндеп Бэктің санасынан кейінгі орынға
қарай ысырыла берді. Мүлгіген орман түкпірінде арбаған бір тылсым
сарын естілетін еді де, сол үн Бэктің құлағына талып жеткен сайын бұл от
маңы мен мынау тапталған алқаптан қайда жəне не үшін баратынын
білмесе де, сонау түпке қарай тұра безгісі келетін қажеттілік үкімін
түйсінеді.
Иə, бұл қайда жəне не үшін баратынын ойлаған да жоқ: əлгі сарынға
қарсыласу да мүмкін емес-тін. Алайда Бэк жасыл орман саясында, жайлы
көкмайсада жатқан сəттерінде Джон Торнтонға деген сүйіспеншілігі
күшейе түсетін еді де, мұны əрдайым кейінге қарай, қожайын жаққан
алауға қарай тартатын да тұратын.
Мұны тежейтін тек Джон Торнтон болатын. Қалған адамдардың


барлығынын да Бэк үшін бары мен жоғы бірдей еді. Кейде жолшыбай
жолыққан саяхатшылар мұны еркелетіп, жылы сөздерін айтады. бірақ бұл
оған назар аударған емес, ал əлдекім əбден ығыр қылатындай болса,
орнынан тұрады да кетіп қалады. Ұзақ күттірген салмен Торнтоннын
жолдастары Ганс пен Пит келгенде Бэк оларға бастапқыда көңіл де
бөлмеген, ал кейінірек олардың Торнтонға бөтен емесін түсініп, жүріс-
тұрыстарына 
шыдап, 
олардың 
мейірім 
көңіл 
жықпастықпен,
кішіпейілдікпен ғана қабылдайтын. Ганс пен Пит тура Джон Торнтон
тектес адамдар болатын, - жандары жайсаң, терең ойлы, көзқарастары
жарқын, табиғатқа жақын кісілер. Олар мұның алдында Доусонға жүзіп
жетпек, өздерінің салдарын ағаш кесетін жердегі асау арынды суға
түсірмей тұрған кезде-ак Бэктің барлық мінез-құлқын зерттеп алған еді де,
бұдан өздеріне Ниг пен Скит көрсететін үйірлікті талап еткен жоқ.
Алайда Бэк Джон Торнтонға үйірсектенген үстіне үйірсектене берген.
Торнтон жазғы сапарлар кезінде бұл ит өз арқасына əлдебір жүк артқызуға
көнетін бірден-бір адам болатын. Бэк Торнтон не бұйырса соның бəрін
орындауға даяр еді. Бірде (ол жағдай бұлардың суға ағызылған ағаштан
түскен ақшаға азық қорын жасап алып, Доусоннан Тананға өрлеген
кездерінде болған) адамдар мен иттер үш жүз футтай төменде жатқан ашық
тас алаңның тұсында серейіп тұрған құз-жартасқа жайғасты. Джон Торнтон
ең шетте, ал Бэк сонымен қатар иық тіресе отырған. Кенет Торнтонның
басына бір тентек ой сап ете түсті де, ал Ганс пен Питке қазір бір тəжірибе
жасаймын деп қалды.
─ Бэк, қарғы! - деп бұйырды ол қолымен төмендегі шыңырауды нұсқап.
Келесі мезетте-ақ ол тік жардың шетінде күшене жармасып Бэкпен
арпалысып жатты, ал Ганс пен Пит олардың екеуін де артқа қауіпсіз жерге
қарай сүйреп əкеткен.
─ Бұл əлдебір санадан тыс нəрсе! - деді бəрі сабырға келіп дем басқан
сəтте.
Торнтон бас шайқаған.
─ Жоқ, бұл тамаша ғой, бірақ сендерге айтайын, сонымен бірге
қорқынышты да! Сенесіңдер ме, мені кейде осы иттің адалдығы
шошытады.


─ Иə-ə, мен саған мұның көзінше соқтығуға тырысқан адамның
орнында болғым келмес еді! - деп түйді Пит сөзін басының қимылымен
Бэкті нұсқап.
─ Мен де, Құдай ақы! - деп қостады Ганс.
Сол жылы-ақ Серкльде Питтің айтқанын айдай келтірген жағдай болды.
Бірде елірме мінезді, қатал Қара Бартон бардың ішінде жергілікті
салттармен таныса қоймаған əлдебір жаңадан келген адаммен төбелес
шығарып, 
оларға 
арашаламақ 
болып 
Торнтон 
киліккен-ді. 
Бэк
қашанғысындай тұмсығын аяқтарына сүйеген күйі қожайынының əр
қимылын бағып жатқан. Бартон күтпеген жерден бар күшімен құлаштай
тұрып қол сілтеді. Анадай жерге ұшып түскен Торнтон дүкен үстелін бөліп
тұрған ағаш қанатқа жармасқандықтан ғана құламай қалды.
Бұл оқиғаның куəгерлері үруді де, ырылды да емес, - жоқ, жабайы
гүрілді естіген еді. Əп сəтте ыршып, əуеге көтерілген Бэк Бартонның
кеңірдегіне ұмтылған. Ырықсыздан қолын алға созған анау сонысымен де
жан сақтап қалған еді. Бірақ Бэк оны аунатып тастап, астына басып алды.
Келесі сəтте азуын Бартонның қолынан босатқан ол оны қайтадан өңештен
ала түсуге тырысқан. Бұл жолы Бартон сəтті жалтарғандықтан Бэк оны көк
желкесінен ғана қауып үлгерді. Сол мезгілде бардың ішіндегілер түгелдей
көмекке ұмтылып, итті қуып тастады. Дегенмен, дəрігер қанын тоқтатуға
тырысып Бартонмен əуреге түсіп жүрген уақытта ызалана ырылдап айнала
төңіректеген Бэк қайтадан Бартонмсн жағаласа жөнелген, бірақ жұрттың
қаптаған таяқтары кес-кестеп жолатпады.
Əйтсе де алтын іздеушілердің сол жерде қолма-қол жасалған
жиналысында иттің ызаланатындай-ақ жөні бар деп ұйғарылып, Бэктікі
дұрыс деп шешілді. Содан бастап оның даңқы көтерілді де, аты Алясканың
барлық елді мекендеріне тарап кетті.
Кейінірек, сол жылы күзде, Бэк əлгіден мүлде өзге жағдайда
Торнтонның өмірін сақтап қалды. Үш жолдасқа ұзын да жіңішке
қайықтарын қырқыншы мильдің қауіпті табалдырығы арқылы өткізу керек
болды. Ганс пен Пит кендір арқанның көмегімен қайықтың қозғалысын
тежеп ағаштардың сыртымен жағада келе жатты да, ілгекті бақан ұстаған
Торнтон жағалаудағыларға айқайлап нұсқау беріп қайықта отырған. Бэк те
жағада қайықпен қатарласып салып келеді. Қожайынынан көз айырмаған


ол қатты абыржыған еді.
Өзенге мейлінше кірігіп, судан сорайып шығып тұрған жақпар
тастардың тұсындағы аса қауіпті жерге барғанда Торнтон қайықты ырғақ
ілгегімен өзеннің ортасына қарай бағыттай берді де, Ганс арқанды босатып,
қайық құзды айналып өткен сəтте қайта тарта қою үшін жағамен алға қарай
оза жүгірді. Қайық өтті, ағынмен төмен қарай құлдырай жөнелген.
Арқанды тартқан Ганс оны тежеді, бірақ өте шалт қимылдаған еді. Қайық
қатты жұлқудан аударылып түсіп, жағаға қарай төңкерілген күйінде жылжи
бастады да, қатты ағыс Торнтонды табалдырықтың кез келген жүзгішке
ырық бермейтін ең қауіпті тұсына қарай ағызып əкетті.
Бэк сол мезетте суға секірген. Долдана тасыған ағынмен үш жүз ярдтай
жүзіп барып, Торнтонды қуып жетті де, Торнтонның қолы өзінің
құйрығына жармасқанын аңдаған мезетте қуатты аяқтарын барынша
сермеп, жағаға қарай жүзе жөнелді. Алайда өте баяу жылжыған еді: бұл
бағытқа қарай жүзуге сұрапыл ағын бөгет жасады. Төмендегі су долдана
арқырап жатыр - алып жоталардың азуы іспеттес жартастарға соғылған
асау ағынның толқыны жан-жаққа күл-паршасы шыға шашырайды.
Ең соңғы өте тік табалдырықтағы су алапат күшпен иіре тартып
барады, Торнтон жағаға жүзіп жете алмасын түсінген. Ол алғашқы құзға
барып соғылды, одан екіншісіне қақтығысты, бұдан соң алапат күш үшінші
жартасқа қақпақыл қақтырып жіберді. Бэктің құйрығын қоя берген ол
тастың тайғанақ ұшар басына қос қолдап жармаса кетіп, даусын
сарқыраған су ағынының үнінен асыруға тырысып:
─ Жөнел, Бэк! Тарт! – деп бұйырды.
Ағын Бэкті төменге қарай əкеткен; су арынымен бірталай босқа
арпалысқан оның кері бұрылуға да шамасы келмеді. Қожайынның екі
қайталанған бұйрығын естіген ол оны соңғы рет көріп қалғысы келгендей
судан көтеріліп мойнын биік созды да, айтқанды тыңдап, жағаға қарай жүзе
жөнелді. Пит пен Ганс мұны судан əбден əлсіреп тұншыға бастаған сəтінде
шығарып алған еді.
Ганс пен Пит Торнтонның сұрапыл толқын астындағы тайғанақ құзға
əрі кетсе тек үш-төрт минуттей жармасып тұра алатынын түсінген. Сөйтіп
олар жағаны бойлап, өзен ортасындағы Торнтон ілігіп тұрған жартастан


əлдеқайда жоғары қарай жанұшыра жүгіре жөнелді. Жеткен бойда Бэкті
қимылына кедергі келтірмейтіндей жəне тұншықтырып тастамайтындай
етіп арқанмен шандып, суға түсіріп жіберді. Бэк өзеннің шет жағын ала
жүзе жөнелген. Ол өз қателігін өте кеш байқады: Торнтонмен қатарласқан
кезде табандарын бірнеше ғана сермеп құзға жетіп те барар еді, бірақ ағын
айдалаға сүйреп əкетті.
Ганс сол бойда Бэк байланған арқанды тартып қалған. Бэк күтпеген
жұлқудан батып кетті де, өзін жағаға алып шыққанша су астында қала
берді. Жоғары көтергенде шалажансар халде болғандықтан Ганс пен Пит
оны дереу аяқтарынан тартқылап, қолдан демалдыруға кірісті. Бэк тұрды
да, қайта құлап кетті. Кенет Торнтонның əлсіз даусы естілген, бұлар сөзін
анық ести алмағанмен жедел жəрдемдеспесе оның мерт болатыны анық-
тын. Қожайынының үні Бэкке электр қуатындай əсер етті. Ол атып тұрып
жағаны бойлап жүгіре жөнелді. Соңынан Ганс пен Пик ілескен. Бұлар Бэкті
алғаш суға түсірген орынға қарай асыққан еді.
Арқанмен қайта байланғаннан кейін тағы жүзген, бірақ бұл жолы
өзеннің тура ортасымен салды. Бэктің бір мəрте қателесуі мүмкін, тек екі
рет емес. Ганс арқанның ұдайы тартулы тұруын қадағалап ақырындап қана
жазып, бірде босатып отыр, ал Пит оны түзеп қояды. Бэк Торнтонмен
қатарласқанша жүзе берді. Қажетті межеге жеткен бойда кілт бұрылды да,
иесіне қарай ытқына ұмтылған. Торнтон мұны көрді, Бэк алапат ағын
күшімен тура таран секілді бар салмағымен өзіне келіп соғылған сəтте
Торнтон оның жүндес желкесіне қос қолдап жармаса кетті. Ганс арқанды
ағаш діңіне орап тарта жөнелгенде Бэк пен Торнтон су астында қалды.
Тұншығып, шашалып, өзеннің тастақ табанында сүйретіліп, су астындағы
жартас пен тырбиған бұталарға соғылып, анда-санда бетке қалқып шығып,
бірде Бэк Торнтонның астында қалып, бірде төменге Торнтон түсіп, ақыр
аяғында жетті-ау жағаға.
Торнтон көзін ашқанда толқындар лықсытып тастаған бөренені
құшақтап етпеттеп жатқанын аңдады, ал Ганс пен Пит өзін əрлі-берлі
ырғап, жан дəрмен тірілтуге кіріскен екен.
Ол бəрінен бұрын көзімен Бэкті тауып алды. Бэк сұлық түсіп жатыр,
оның жансыз денесінің тұсында Ниг ұлып отыр, ал Скит оның су-су
тұмсығы мен жұмулы көзін жалайды. Өзі де сау тамтығы қалмаған Торнтон
есін жинаған бойда мұқият түрде Бэктің денесін сипалап отырып, оның үш


қабырғасының сынғанын білді.
─ Демек, шешілді, - деп мəлімдеді ол - Біз осында қаламыз.
Сөйтіп бұлар Бэктің қабырғалары жүрісті жалғастыратындай деңгейге
жетіп бітіп кеткенше əлгі жерде қалды.
Ал қыста, Доусонда Бэк аса керемет болмаса да даңқын бұдан да асыра
түскен тағы бір ерлік жасады. Аталған ерлік нағыз дер кезінде істелген еді,
себебі үш қожайын сол арқылы өздері көптен құмартып, əлі бірде-бір
алтын іздеушінің аяғы басып көрмеген шығыстағы ну ормандардың біріне
саяхат жасауға мүмкіндік берген құрал-жабдыққа қол жеткізді.
Бəрі "Эльдорадо" барындағы əңгімеден басталған: еркектер сүйікті
иттерін мақтауға көшкен. Бэк танымалдығына байланысты шабуыл
нысанына айналған еді де, Торнтонға оны қызғыштай қорғауға тура
келетін. Арада жарты сағат та өтпестен əңгімешілердіц бірі өз итінің бес
жүз қадақ жүк тиеген шананы орнынан қозғап, тіпті, тартып та кететінін
айтып қалды. Екіншісі өз итінің алты жүз; үшіншісі жеті жүз фунт
сүйрететінін айтып мақтанды.
─ Түк емес! - деді Джон Торнтон. - Менің Бэгім мыңын бір-ақ тартады!
─ Сондай жүкпен ең құрығанда жүз ярдқа дейін бара ала ма? - деп
сұрады əлгі өз иті жеті жүз қадақ тартады деген алтын кеніштері
корольдарының бірі Меттьюсон.
─ Иə, шананы да тартып жүз ярд өтеді, - деді Джон Торнтон жайбарақат
қана.
─ Жарайды, - деді Мэттьюсон сөзін бəрі анық еститіндей нығыздап.
─ Оның оған шамасы жетпейтініне мың доллар бəс тігейін. Міне ақша.
─ Сөйтті де сəкіге жуандығы болон шұжығындай алтын құм салулы
қапшықты тастай салды.
Бұл шақыруға ешкім үн қата қойған жоқ. Бəрі Торнтонның сөзін бос
даңғаза деп қабылдаған еді. Торнтон жүзінің нарттай қызарып кеткенін
аңдады: əлгіндей сөздің аузынан қалай шығып кеткенін өзі де білмей


қалған екен. Бэк мың қадақ жүк тиеген шананы тарта ала ма? Жарты тонна
ғой! Бұл салмақ Торнтонның жағасын ұстата жаздады. Өзі Бэктің күшіне
қатты сенетін еді де, ол кез келген жүкті тарта береді деп ойлайтын. Бірақ
осыны бірде-бір рет тексеріп көрмепті, енді ондаған адам жан-жағынан
төніп, үн-түнсіз күтіп түр! Оның үстіне өзінде де, Ганс пен Питте де мың
доллар жоқ-тын.
─ Далада əрқайсысы елу фунттан келетін менің жиырма қап ұн тиеген
шаналарым 
тұр, 
-деп 
сөзін 
жалғастырды 
Меттьюсон 
ожарлана
нығызданып. - Демек, енді тоқтау деген болмайды.
Торнтон үндемеді. Не дерін білмеген де еді. Ол ойын жинақтай алмай
тұрған адамша абдырап, жанындағы кісілерге алма-кезек тұнжырай көз
сүзеді. Кенет оның назары кезінде өзіне жолдас болған жергілікті
дəулеттілердің бірі Джим О Брайеннің жүзіне аялдай қалды. Сол
итермеледі ме, Торнтонның басына бұрын келмеген бір ой орала кетті.
─ Маған мың доллар қарыз бере аласың ба? - деп сұрады ол сыбырға
жақын үнмен.
─ Əрине, - деп жауап қатты О Брайен; сөйтіп сөре үстіндегі
Меттюсонның дорбасының қасына екінші бір алтын құм салынған қомақты
қалта дүре ете түсті. - Əйткенмен, Джон, сенің итіңнің мұндай істі атқара
алатынына көзім жетпейді.
Тамашадан құр қалмау үшін "Эльдорадода" отырған жанның бірі
қалмай далаға шықты. Карта үстелдерінде де ешкім қалған жоқ, кімнің
ұтқанын көру үшін һəм өздері де бəстесуге бола ойыншылар да тысқа
ақтарылған. Киімдері аң терісінен тігілген жүздеген адам жартылай шеңбер
жасап, шаналарды анадайдан қоршап иін тіреседі. Мың қадақ ұн тиелген
Мэттьюсонның шаналары да қақаған аязда екі сағаттан бері тұр (сынап
бағанасы нөлден төмен алпыс градусты көрсетеді), табандары əбден
тапталған қарға сіресіп қалған. Тартыс құмарлар Бэк шаналарды жылжыта
алмайды деген бекем сеніммен бəсті біреуге қарсы екеу деп, əркелкі тігуді
ұсынды. Күрделі дау туған: "шананы қозғау" деген сөз қалай түсініледі? О
Брайен оны Торнтонның шана табанына қатқан мұзды қағып босатуға құқы
болады да, Бэк одан соң орнынан қозғайды деп ұққан. Мэттьюсон болса
бес шарты бойынша Бэк шананы қатқан табанды жерден жұлқып шығарып
тартсын деп талап қойды. Таластың көпшілік куəгерлері дауды


Мэттьюсонның пайдасына шешті де, Бэкке қарсы тігілген бəс бірдің ара-
қатынасына үшке дейін өсті.
Алайда бəсті өздері көтеріп алуға тілек білдірушілер табыла қоймады:
Бэк мұндай ерлік жасайды дегенге ешкім сенбеді. Торнтонның нар
тəуекелге бел буғаны да түсінікті болған. Оның өзі де осынау шаналар мен
қарға аунап жатқан жегімдегі он итті көріп бұл батырлықтың мүмкіндігіне
күмəндана түскен. Мэттьюсон шаттанып жүр.
─ Біреуге қарсы үшеу! - деп айқайлайды ол. - Тағы да мың тігемін,
Торнтон! Қол алысамыз ба, қалай?
Торнтонның жүзінен жанын қинаған қауіп табы аңғарылып-ақ тұрды,
алайда оны ешбір есепке қаратпайтын һəм айқас дүбірінен өзге ештеңені
естіртпейтін атойлаған арын мен діттеген нəрсеге жеткізбей тынбайтын
жойқын желік билеген еді. Ол Ганс пен Питті шақырып алды. Бұлардың
əмияндары өте жұқа болатын, үшеуі зорға дегенде тірнектеп екі жүз доллар
шығарған. Соңғы кездері жолдары болмай жүрген олардың барлық
қаражаты осы екі жүз доллар ғана-тын. Əйтсе де сол ақшаны ешбір
іркілместен Мэттьюсонның алты жүз долларына қарсы тікті.
Мэттьюсонның он иті ағытылды да, шаналарға өз əбзелімен Бэк əкеліп
жегілді. Төңіректе салтанат құрған құмарлық оған да көшкен, ол іштей
Джон Торнтон үшін əлдебір өте маңызды əрекет атқару керектігін түйсінді.
Жұрт осынау ғаламат хайуанатты көргенде шаршы топтың арасынан
қайран қалушылардың күбірі естілген. Бэк тамаша қалыпта болатын - бір
мысқал артық май жоқ, ал өзінің жүз елу қадақ салмағы жүзу елу фунт
ерлік қуатына пара-пар еді. Қалың түгі болса жібектей құлпырады. Жалға
ұқсайтын мойны мен иығындағы түк тыныш жүрген кезінде де сəл
қимылдан-ақ асып-тасыған күш-қайратын айғақтап тікірейіп шыға келеді.
Алпамсадай кеудесі мен тегеуірінді алдыңғы аяқтары бүкіл дене бітіміне
сайма-сай, ал тығыз бұлшық еті тері астынан бұлт-бұлт ойнайды. Тақалып
келіп сол бұлшық еттерді сипап көрген жұрт темірдей екен дескен. Бэкке
қарсы тігілген бəс бірге қарсы екіге дейін төмендеді.
─ Мынауыңыз керемет, сэр! Нағыз құт иесі! - деп самбырлады Скукум -
Бенча корольдері əулетінің арасынан біреу. – Сізгс бұл үшін сегіз жүз
берейін - сынақ басталғанша, сэр, ескеріңіз! Қолыңызға сегіз жүзді
ұстатамын да - мұны осы тұрған қалпында ала саламын.


Торнтон бас шайқады да, Бэкке тақалды.
─ Жоқ, былай тұрыңыз! - деп қарсылық білдірді Мэттьюсон. - Бұған
еркіндік беріңіз, сонда ойын адал болады.
Тобыр тынши қалды, бəсті біреуге қарсы екеу тігуді ұсынып əлектенген
жекелеген дауыстар ғана естіледі. Бəрі де Бэктің керемет ит екенін
мойындайды, бірақ əрқайсысы елу қадақ тартатын жиырма қап ұн өте ауыр
болып көрінгендіктен, көрермендер əмияндарын ашуға жүрексінеді.
Торнтон Бэктің жанына тізерлей отыра қалып, оны басынан қос қолдап
құшақтап, бетіне төседі. Бүгін əдеттегідей ойнап, жұлқылап-сілкілемеді,
жақын тартып боқтанған атауларды да қайталамады. Тек құлағына əлдене
деп сыбырлаған.
─ Егер де мені жақсы көрсең, Бэк... Егер жақсы көрсең... - Міне,
сыбырлаған сөзі осы еді. Сол кезде Бэк тағатсыздана қыңсылап жіберді.
Айналадағылар көріністі қызыға тамашалап тұр. Осынау тосын да,
тылсым көрініс əлдебір рух шақыруға ұқсап кеткен. Торнтон орнынан
көтерілген кезде Бэк оның қолын тістей алды да, иесінің жұдырығын
аранына салып бірталай ұстап тұрып əрең дегенде ақырындап босатты. Бұл
оның тілсіз жауабы болатын, ол қожайынына деген сүйіспеншілігін
осылайша білдірді.
Торнтон анадай жерге шегініп барып тұрды.
─ Кəне, Бэк! - деп бұйырды ол.
Бэк жетек қайыстарын кере тартты, одан оны бірнеше дюймге қайта
босатты. Бұл оның əдеттегі əдісі болатын.
─ Тарт! - Торнтонның даусы ширыққан үнсіздік арасынан саңқ етіп
айрықша естілген.
Бэк оңға қарай ырғалды, одан, бейне, сүңгитіндей бүгілді, сырма
жіптерін керді, кенет жұлқынып қалды да, өзінің жүз елу фунттық
денесінің салмағын кілт тоқтата қойды. Шанадағы жүк дір ете түсіп, көлік
табаны астынан əлдене қатты күтір етті.


─ Кəне! - деп тағы да айқай салды Торнтон.
Бэк бұл жолы солға жұлқынып, əлгі тəсілін жəне қайталады. Күтірлеген
дыбыс сатыр-сұтырға ұласты да, шана ырғалып, сықырлаған табан бір
бүйірге қарай бірнеше дюйм сырғанап кетті. Шана тұрған орнында
қатырып тастаған мұздан босады.
Жұрт амалсыздан демдерін ішке тартқан.
─ Енді жөнел!
Торнтонның бұйрығы тапанша оғынша саңқ етті. Бэк қайыстарын қатты
керіп алға жұлқынды. Тұла бойын алапат күш кернеп түк астынан
бұдырлана көрінген өрім-өрім бұлшық еті бұлт-бұлт ойнайды. Анай
төсімен жер бауырлап, басын алға созған, ал аяқтары əбден тапталған қар
бетіне қос-қатар біразда салып зыр қағады. Ырғалып, қалшыл қаққан шана
орнынан жартылай жылжып та үлгерген. Кенет Бэк бір аяқтан сүрініп кетті
де, шаршы топ арасынан əлдекім ah ұра опынып қалды. Бірақ шана ендігі
əлгі орынға сіресуді доғарып, ойқастай қозғалып, алға қарай жұлқына
жылжи бастады - алдымен жарты дюйм... одан бір... одан тағы екі дюйм...
Қимыл біртіндеп қалыпқа келіп, шана ақыр аяғында екпінді түзеп
жылдамдай түскен сəтте Бэк тесіліп ала жөнелген.
Осыдан бір минуттей бұрын ғана демдері бітіп қалғанын аңдамаған
жұрт жеңілейе тыныстады. Ал Бэкті қақпайлаған Торнтон шана соңынан
шаттана айқайлап жүгіріп барады. Ара-қашықтық алдын ала белгіленіп
қойылған болатын, Бэк жүз ярд бітетін жерге тасталған бір арқа отынның
тұсына жеткенде сүйсінген дауыстар естілді. Бэк Торнтоннын бұйрығы
бойынша сол ағаштардан асып барып тоқтаған кезде əлгі дауыс гуілге
ұласқан. Жұрттың бəрі, тіпті, Мэтьюсонның өзі де есі шыға еліріп жүр.
Аспанға бөрік те, қолғап та атылды. Жиналғандар алдындағы адамның
таныс-бейтаныстығына қарамастан бір-бірінің қолдарын қысысады, сөйтіп
қуаныштың аяғы аласапыран у-шуға ұласып кетті. Ал Бэктің қарсы алдына
тізерлеп отыра қалып маңдайына маңдайын тіреген Торнтон оны сілкілеп,
жұлқылап қояды. Алдыға қарай шығып кеткендер оның Бэкке ұрсып
отырғанын естіді. Ол оған аялап, рақаттана, сүйіспеншілікпен ұзақ ұрысқан
еді.
─ Ғажап, сэр! Керемет! - деп міңгірледі король Скукум - Бенча. - Бұл


үшін сізге мың доллар беремін, тұтас мың, сэр! Əлде бір мың екі жүз
сұрайсыз ба?
Торнтон тұрды. Жанарын жас жуып кетіпті, ол жүзінен сорғалаған көз
жасын жасыруға тырысқан жоқ.
─Жоқ, сэр, - деді ол король Скукум - Бенчаға. - Жоқ, ештеңе
сұрамаймын. Кетіңіз кəне, сэр! Менің сізге беретін бар кеңесім осы.
Бэк Торнтонды қолдан тістей алды. Торнтон оны қайтадан сілкілей
бастады. Бұларды қызыға тамашалаған қауым ұзаңқырай берді, осыдан
кейін араға киліккен əлгіндей оспадар адамдар кездесе қоймады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет