Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде ‘anointed’ — орыс тілі ‘помазанный’ — қазақша ‘басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу’) — Христиан дінінде Иисус Христос (Иисус помазанный) мессияға теңеліп (қара Иса), құдайға баланды. Христиан дінінің қалыптасуына Сенеканың ілімі де әсер етті. Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады: 1) Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн); 2) апостолдардың арнаулы хаттары; 3) Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар; 4) ақыр заман туралы өсиет. Христиан дінінің 3 тармағы: проваславие, католицизм, протестанттық.
Православие – құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді. Шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шыққан христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің маңызды белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух), Иисус Христостың құдай кейпіне өтуі, күнәсін жууы, қайта тірілуі және көкке көтеріліп кетуі болып табылады. Қазіргі уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия, Болгар, Грузин, Иерусалим, Кипр, Константинополь, Польша, Румын, Орыс, Серб, Чехословак, Эллада және 4 автономдық: Крит, Синай, Финляндия, Жапондық шіркеулер православиелік діндарларға қызмет етуде.
Католицизм (гректің Кatholikos – жалпы, бүкіләлемдік деген мағынаны білдіреді) – бұл христиандықтың батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада (Франция, Бельгия, Италия, Португалия, Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігінде тараған. Азия мен Африкада католиктер бар, бірақ католицизмнің әсері мұнда онша емес. Соңғы 100 жыл ішінде католиктер саны 4 есе артты. Католицизмді шамамен 200 мың қауымға біріккен 1 миллиардтан астам сенушілер уағыздайды, оларда шамамен 560 мың священник жұмыс істейді.
Протестантизм – (лат. Рrotestants – қарсы келуші, келіспейтін деген мағына) христиандықтағы үшінші бағыт, Протестантизм католицизммен күресте оның маңызды түсініктері мен болжамдарын қабылдамау негізінде құрылды
Исла́м (араб.: إسلام [ʔɪsˈlæːm]) — монотеистік, ханиф — Ибраһим пайғамбардың діні. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһның заңдарына) «мойынсыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында ислам — толық мойынсыну, Аллаһның алдында парыздарды орындау, одан басқа Құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Құран Кәрім — классикалық араб тілінде жазылған. Исламдық көзқарас бойынша Аллаһның Діні және пайғамбарлардан жеткен Кітаптар өзгеріске түскен. Осы себепті әрдайым адамзат баласын тура жолға салу үшін Аллаһ әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим-Авраам, Мұса-Моисей, Иса-Иисуст.б. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар ол Мұхаммед (с.а.с.).
Исламдағы бөлімдер: Сунниттер яғни Аһл ас-Cунна (араб.: سنة — “Сүннетті ұстанушылар”) — Сүннетке мойынсұнып, оны қолдап-қуаттаушы сунниттер тобының атауы. Сунна — шариғат заңдарының қайнар көзі. Ол Мұхаммедтің (с.а.с) іс-әрекеттері мен айтқан өсиет, тұжырымдарынан тұрады. Аһл ас-Суннаның негізгі сипаттары: алғашқы төрт халифты мойындау (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли), алты хадистер жиынтығын мойындау (Мұхаммад б. Исмайил әл-Бұхари, Муслим б. ан-Найсабури, әл-Хаким ат-Термизи, Әбу Дауд, ан-Насаи, ибн Маджи) және төрт мазһабтың (ағымның) біріне тиістілігі (мәликашылар, ханифашылар, ханбалшылар, шафийшылар). Аһл ас-Суннаға жататындар Иран мен Ирактан өзге (бұл екі елде шииттер саны басым) мұсылман елдерінің бәрінде өмір сүреді. Қазақ халқы да Суннаны мойындаушыларға, яғни аһл ас-Суннаға жатады және ханифшылар ілімін ұстанады.
Суфизм (сопылық) — исламдағы «құпия» ағым, классикалық араб-мұсылмандық пәлсапасының негізгі жолдарының бірі. Бұл жол рухты бөгде кері әсерлерден (нәпсі) алшақ болуды және өзіне жақсы жақтарды тарта білуді үйретеді.
Шиизм — Ұстанушылары тек қана Құранды мойындап, сүннет амалдарының көп ережелерін терістейтін, мұсылмандардың заңды басшылары имамдар деп есептеп, сүннеттік халифтерді мойындамайтын Исламдағы екі негізгі бағыттың бірі. Шииттер әлемдегі бүкіл мұсылман қауымының он пайызға жуығын құрайды. Исламның бұл бағытын Иранның түгеліне жуығы,Ирактың жартысынан көбісі, Әзірбайжан, Ливан, Йемен және Бахрейн мұсылмандарының елеулі бөлігі ұстанады. Қазақстанда шииттікті әзірбайжан ұлт өкілдерінің өте аз бөлігі ұстайды
Достарыңызбен бөлісу: |