Мектептердегі денсаулықты нығайту мәселесіне қоғамды қатыстыру
Мектеп деңгейіндегі ДНЫМ жобасына адамдарды қатыстыру бойынша бірнеше ұсыныстар.
4.1. Мұғалімдер мен басқа да мектеп қызметкерлері
Қолдау және кері байланыс;
Бағдарламаны бүкіл штатпен бағалауды жүйелі түрде жүргізу қажет және жоба жөніндегі мектеп командасы мен ЕДНЫМ басшылығы арасында кері байланыс болуы тиіс;
Қызметкерлердің бос уақытын бірге өткізуі. Жобаға қатысушылардың барлығының арасындағы өзара байланысты күшейту үшін жорықтар, велосипедпен серуендеу, спорт шараларын ұйымдастыру керек;
Оқытушылар мен ата-аналар үшін дәрістер,семинар-тренингтер өткізу;
Арнайы дағдыларға үйретіп, даярлау;
Денсаулықты нығайту бойынша көңіл көтеретін, мысалы, күйзелуді азайтатын, қоғамға бейімдейтін, өзара қарым-қатынастар орнататын бағдарламаларды дамыту;
Ақпараттық материалдар. Мектеп салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі өзінің ақпараттық буклетін, брошюраны, плакатты, аудио және бейне материалдарды шығара алады.
Достарыңызбен бөлісу: |