Мұхит суының басты қасиеттері - температурасы мен тұздылығы.
Температура
Мұхит суының да жылынуы Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тікелей байланысты.Дүниежүзілік мұхит суы көлемінің үлкен болуына орай, құрлықпен салыстырғанда судың баяу салқындауы нәтижесінде мұхитта жылу көп жинақталады. Судың беткі температурасы географиялық ендікке байланысты әркелкі болады.
Мұхиттың кейбір аудандарында бұл заңдылық мұхит ағыстары, тұрақты желдер, ал материк жағалауларында құрлықтың тікелей ықпалы мен олардан ағып шығатын өзен сулары әсерінен өзгереді. Судың температурасы тереңдікке қарай да өзгереді. Тереңдеген сайын алғашында температура күрт төмендейді, 3000-4000 м тереңдіктен кейін температура +2°-0°С аралығында тұрақтайды