АҚШ-тың сыртқы саясатын шын мәнінде жүзеге асыру үшін Батыс Еуропа елдерін өзінің одақтасына айналдыру саясатын іс жүзіне асыра отырып, бұл елдерге экономикалық-ақша көмегін көрсету бағытында Маршал жоспары қабылданды. Маршал жоспары арқылы бұл елдерді ақшаға кіріптар ету саясаты жүргізілді. Бұл жоспарды социалистік мемлекеттердің қайталауына болатын еді, бірақ Сталин өз ықпалындағы елдерге көмекті аямау керектігін көрсетті. Сталиннің саясаты капиталистік елдерге тәуелді болмау еді.

Маршал жоспары 1948—1952 жылдарға арналып, АҚШ-тан 17 миллиард доллар көмек алуға тура келді. Бұл саясатын АҚШ көршілес Латын Америкасына да ұсынды. 1947 жылы РИО-де-Жанейро қаласында келісімге қол қойылды. Сөйтіп, соғыстан кейін АҚШ әлемде әскери-саяси одақ құруға тырысты. АҚШ Үкіметі Батыс Еуропадағы капиталистік елдерді өзінің одақтастарына айналдырып, КСРО және социалистік елдерге қарсы тұру үшін жаңадан әскери одаққа біріктіре бастады. 1949 жылы сәуір айында Вашингтонда Батыс Еуропа елдерімен бірігіп, Солтүстік Атлантикалық альянс ұйымы — НАТО-ны құрды. Бұл ұйымның мақсаты “демократиялық әлемді” КСРО ықпалынан құтқару болды. Алғаш қ ұрылғанда 12 ел мүше болды. 1955 жылы Батыс Германия — ГФР (Герман Федеративтік Республикасы) кірді.